1939 жылы басталған ІІ Дүниежүзілік соғыс адамзат қауымына үлкен ауыртпалық әкелді. Осынау нәубет жылдардың соқпағы туралы түрлі ақпарлар тарих беттерінде бүгінгі күнге дейін жазылып та, айтылып та келді. Сөйте тұра бұл соғыстың зерттелмеген қырлары әсте көп. Және, нацистік Германияның көздеген мүддесіне жету үшін жасаған зұлымдығы ұлтымыздың санасынан ешқашан ұмытылмақ емес. Ендеше бұл тұста біздің ең басты мақсатымыз – осы тарихи кезеңнің шынайы шындығын пайымдау.
1941-1945 жылдар аралығы бүкіл совет халқы үшін қаралы жылдардың бірі болды. Әсіресе, мұндай жойқын соғыстың орын алуы – қазақ халқы үшін оңайға соқпады. Әкесі баласынан, баласы анасынан айырылған осынау қызылтаяң шақта қазақ халқы бірігіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алды. Ес білген баладан еңкейген қарияға дейін ат салысып, әрі өңірден сарбаздар жинала бастады. Соғысқа жарамды дегендері майданға аттанса, елде қалғандары екі қолға бір күрек алып, білек сыбанып қара жұмысқа кірісті. Нәтижесінде еліміздің әр өңірінде ауыр өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Түрлі зауыттар мен фабрикалар салынып, азық-түлік өнімдері өндірілді.
Сапалы өнім өндіруде қарапайым қара халықтың еңбегі, оның ішінде тылда еңбек еткен адамдардың үлесі зор болды. Яғни іс жүзінде – қарттар, әйелдер, балалар майданды азық түлік, түрлі шикізат өнімдерімен қамтамасыз етті. Оған тағы бір басты себеп: өндіріс орындарындағы, совхоздардағы, колхоздардағы, түрлі мекемелер мен ұйымдардағы ер адамдардың майданға кетуіне байланысты бос қалған орындарға тез арада уақыт жоғалтпай әйелдер мен балалардың алынуы. Осылайша, түрлі себептермен қара жұмысқа жегілгендер өздерін жігерлендіру үшін «Барлығы да майдан үшін!..» ұранын ұстанды.
Соғыс жылдары шеңберінде құрылған Ақмоладағы әскери жасақтарды талдамас бұрын, әуелі – соғыс алаңындағы әскери қимылдарға тікелей араласпаса да, отанына барынша қызмет еткен Ақмоладағы жұмысшы топтардың көзсіз ерліктеріне тоқталып өтейік. Айталық, бұл кезеңде темір жол торабы жақсы дамығандықтан пойыздар арқылы Ақмола өңіріндегі майданға үнемі көмек барып тұрды. Қазақсельмаш (Ақмоласельмаш, Цилинсельмаш) зауытының жұмыскерлері майдан алаңындағы сарбаздарға материалдық және қаржылай көмек көрсету мақсатында жасаған түрлі заттарын осы теміржол пойыздары арқылы жіберіп тұрды. Мұндағы жұмыскерлер зауыт ішіндегі балабақша мен жатақхананың бар екендігіне қарамастан тар жерде аянбай еңбек етті. Тіпті, жаңа өндірістік технологиялардың жоқтығына қарамастан аталған зауытта тер төккен жұмыскерлердің еңбектерін бүгінгі таңдағы ірі корпорацияда қызмет ететін жұмыскерлердің еңбектерімен тең дәреже салыстырып қарауға болады. Және оған дәлел ретінде төмендегі деректерге назар аударайық; Aқмoлa oблыcындaғы «Тaлaпкep» кoлхoзының бacтaуыш Ocoaвиaхим ұйымының мүшeлepі жәнe Cтaлинo-Мaгнитoгopc тeміpжoл бacқapмacының қызмeткepлepі жapшы бoлды. Aз уaқыттың ішіндe oлap 4 768 486 coм қapжы жинaды. Мұнaн кeйінгі дepeктep бoйыншa 1943 ж. 4 ақпанда «Aқмoлa ocoaвиaхимшыcы» тaнк кoлoннacы қaбылдaп aлуғa бapғaн oблыc дeлeгaцияcы қopғaныc зaвoдынaн aлғaн 13 Т-34 тaнктepін гвapдиялық әcкepи бөлімнің өкілі aғa лeйтeнaнт Нoвaккa тaбыc eтті. Aқмoлa oблыcының пaтpиoттapынa Қызыл Apмияның Жoғapғы Бac кoмaндoвaниecінің aлғыcы жapиялaнды. Coл жылғы мapт aйындa Aқмoлa oблыcының дeлeгaцияcы ocындa құpылғaн 310-aтқыштap дивиязияcынa жәнe Лeнингpaд мaйдaнының бacқa дa құpaмaлapының жaуынгepлepінe 25 вaгoн cыйлық aлып кeлді. Дeлeгaцияны oблыcтық пapтия кoмитeтінің ceкpeтapы И.И. Цвeткoв бacқapып бapды. Oның құpaмындa Кaлинин ceлoлық coвeтінің пpeдceдaтeлі Тapaceнкo, Aқмoлa тeміp дeпocындaғы aлғaшқы мaшиниcт әйeлдepдің біpі Пoнoмapeнкo, «Кaзoлoтo» тpecінің cтaхaнoвшы бұpғылaушыcы, Қaзaқ CCP Жoғapғы Coвeтінің дeпутaты Eceнжoлoв, Қapaғaнды тeміpжoлы caяcи бөлімнің бacтығы Гудкoв жәнe бacқaлapы бap eді. Oблыc өкілдepі 310-дивизия жaуынгepлepінe өздepінің тылдaғы eңбeгі туpaлы paпopтын тaпcыpды.
Ақмоладан шыққан тағы да бір ұлы тұлға, палуан Қажымұқан Мұнайтпасов майданға бармаса да, барынша отанына көмек беруге тырысты.
1937 жылы Қажымұқанның ізіне НКВД қызметкерлері түсіп: «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Қажымұқан отбасын тастап, Түркістанға көшеді. Алайда соғыс кезінде батырымыз циркпен бірге ел аралап, барынша қаражат жинайды. Жинап-тергенің палуан Қызыл әскерге, яғни Амангелді Иманов атындағы жойғыш ұшаққа табыс етеді.
Қазақстан аумағынан шамамен милионнан астам ержүрек аға-әпкелеріміз жаңа заман талабына сай бейімделіп, өмір сүре бастады. Енді Ақмолаға келетін болсақ, Ақмола ол кезде темір жол инфраструктура жақсы дамыған Орта азиялық әскери округтың орталығы болған еді. Соған байланысты Ақмоладан дивизиялар мен жасақтарды аз уақыттың ішінде жасақтап, соғысқа аттандыру ыңғайлы еді. Әрине темір жол арқылы соғыстың барлық ошақтарына тура жеткізеді дегенім емес, дивизиялар көбінесе жаяу жүрген еді.
Ақмола облысының соғыс кезіңдегі мобилизациясы
Халық саны 1.01.1941 ж.
1938 ж.-22.06.1941 ж.
1941 жылдың соңына дейін
1942 ж.
1943 ж.
1944 ж.
1945 ж.
Барлығы
322799
5745
20488
26431
9651
4502
2063
69880
Жоғарыда көрсетілген кесте Ақмола облысындағы соғыс кезіндегі мобилизацияның статистикасын байқай аламыз. Мұндай деректер Ақмола қаласында 1970 жылдарда жарық көрген «Цилиноградская правда» мерзімді басылымының бірнешеуінде жарық көрді. Одан бөлек, Астана қаласының мемлекеттік мұрағатындағы ардагер Баймұқан Алтынбековтың номері №61-ші қор [27] құжаттарынан кездестіре аламыз.
Жоғарыда көрсетілген кестеде соғысқа аттанған Ақмола өңірі азаматтарының сандық көрсеткіші толықтай берілмеген. Өйткені, бұл кезең аралығында сарбаздардың біразы дерлік майдан алаңына басқа қалалардан, тіпті, кейбіреулері совет үкіметінің басқа республикаларынан аттанған болатын. Айталық, соның бірі Ақмола облысында дүниеге келіп, майдан алаңына Алматы қаласынан аттанған, Совет Одағының даңқты батыры – Талғат Бигельденов.
Сонымен қатар, соғыс жылдары аралығында Ақмола облысының халық саны шамамен 323 мыңды құрады. Оның 70 мыңға жуығын ресми түрде майдан алаңына аттанғандар қатарына жатқызсақ, одан бөлек Ақмола облысындағы халықтың 22% пайызын мобилизацияланған тұрғындар қатарына жатқыза аламыз. Ал енді осы аталған көрсеткіштерге жоғарыда айтып кеткен Ақмолада дүниеге келіп, майдан алаңына басқа қаладан аттанған 30% пайыз ел азаматтарын қосыңыз. Осы статистикалық сандық көрсеткіштерді зерттей келе, Ақмола өңірінде мобилизацияланудың өте белсенді түрде өткендігін аңғара аламыз. Және 322 мың халықтың ішінде – қарттар, балалар, әйелдер, мүгедектер бар екендігін ескеруіміз қажет.
Мұрағат деректеріне сүйенсек соғыс жылдарында Ақмола қаласында – 21 мыңға жуық жауынгердің тіркелгендігін көзіміз шалады. Оның – 10 мыңы майдан алаңына аттанса, 5 мыңға жуығы резервтегі құрамада болды. Ал қалған 6 мыңға жуығы тыл жұмыстарына алынған болатын.
Ақмола қаласының соғыс кезіндегі мобилизациясы
барлығы
1941ж.
1942ж.
1943ж.
1944ж.
1945ж.
Шақыртылды
20731
4540
15056
1135
Әскери құрама
9783
4540
4139
1104
Запастағы құрама
4784
4784
Тәжірбиелік құрама
156
156
Еңбекке(тыл) шақыртылғандар
6008
5977
31
Әскери шығындар
7414
743
2414
2219
1407
631
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Совет Одағы жеңіске жетті. Десе де, жеңілген кезде жағдайымыз қандай болатының елестетудің өзі сұмдық. Сондықтан, аталмыш жеңістің қандай түрде келгені де көзге жас алдырмай қоймайды. ССРО қатарынан шамамен 27 миллион адам соғыс кезіңде қаза тапқан, не еш хабарсыз жоғалған. Ал Қазақстанға келетін болсақ, 600 мыңдай отандастарымыз соғыстан оралмады. Ақмола облысына тоқталсақ 34 мың ақмолалық майдан шебінен үйіне қайтпады. Жоғарыда айтылғандай бұл тек Ақмола облысында тіркеліп, соғысқа кеткендері ғана. Осының 14 мыңы соғыс барысында, 3 мыңы госпитальдарда, 200-ге жуық жауынгер тұтқында қаза тапты. Ең қызығы жерлестеріміз сонау Манжурияда жапондармен соғысқан, соның 300-ге жуығы қаза тапқан екен. Ал қалған 17 мың ақмолалық еш хабарсыз соғыстан қайтпады. Ақмола қаласына жеке тоқталғанда, жалпы соғысқа аттанған 20731 Ақмола қаласының азаматынан тек 7414-і ғана аман қайтты.
Жауынгерлік шығындар
1941
1942
1943
1944
1945
Жапониямен соғыс кезіндеБарлығы
Қаза тапқандар
1397
3949
4809
2609
1313
97
14264
Госпитальда қаза тапқандар
215
752
773
668
359
73
2840
Тұтқындда қаза тапқандар
7
63
52
63
7
13
205
Еш хабарсых жоғалғандар
2379
6425
4713
2314
697
113
16641
Барлығы
3998
11189
10937
5654
2376
296
33950
Қазақстан бүгінгі күні көп ұлтты мемлекет. Ұлттардың басым бөлігі совет үкіметі тұсында келіп, қалып қойған этностар. Совет үкіметі билік еткен 70 жыл шеңберінде біздің отандастарымыздың басым бөлігі төмендегі жағдайларға байланысты Ақмола облысына күштеп көшірілді;
Кешегі неміс автономиясына ауысқан – Ерейментау ауданы;Депортацияға ұшыраған халықтарды қабылдаған – Шортанды ауданы;АЛЖИР лагері;Құпия Степногорск қаласы т.с.с.
Аталғандардың барлығы дерлік – Ақмола облысына қарасты елді-мекендер. Осыншама ұлттардың тоғысар арнасына айналған Ақмола өңірі соғыс кезіңде де, одан кейін де, тіпті, бүгінгі күннің өзінде де әртүрлі ұлттар арасында достық пен ынтымақтастықты ұстауда. Айталық, соғыс кезеңінде өңірден соғысқа аттанғандардың сапында жергілікті ұлт өкілдерінен бастап, финдер сынды ұлт азаматтарының есімдері бар.
ІІ Дүниежүзілік соғысқа орыс халқының 37 мың азаматы, қазақ халқының 21 мың ер азаматы қатысты. Бірақ, бұл көрсеткіш қазақтардың соғысқа бармағандығынан емес, керісінше сол кездегі жалпы қазақ халқының аталмыш өңірлерде көп қоныстанбауынан. Тек Ақмола немесе Алматы сынды облыс өлкелерінде ғана халық тұрғындарының майдан алаңына көптеп барғанын көре аламыз. Бұл халықтың жалпы көрсеткіштері бойынша ғана. Және сондай санақтың бірін төменде көрсетілген кестеден байқауға болады.
Ұлттар бойынша соғыс зардабы
Ұлттар
Соғыс-қа аттан ғандар
Әскери шығындар 1941-1945 жылдар
Барлығы
Шайқас-тарда қаза тапқандар
Госпитоль-дерде қаза тапқандар
Тұтқында қаза тапқандар
Еш хабарсыз жоғалған-дар
Қазақтар
21321
3171
513
35
3999
7718
Орыстар
37323
6580
1274
96
7578
15528
Украиндар
8706
1585
296
16
1854
3751
Татарлар
605
139
42
1
175
357
Өзбектер
67
13
3
1
18
35
Белорустар
192
10
2
1
12
25
Кәрістер
13
1
-
-
-
1
Ұйғырлар
4
-
-
-
-
-
Поляктар
326
44
7
-
18
79
Әзербайждандар
5
2
-
-
2
4
Еврейлер
121
55
15
-
28
98
Мордвалар
11
4
1
1
3
9
Молдовандар
62
5
1
-
10
16
Чуваштар
79
3
1
-
6
10
Дүнгендер
26
-
-
-
-
-
Армяндар
61
7
-
-
-
7
башқұрттар
32
1
-
-
1
2
Тәжіктер
14
1
-
-
-
1
Басқа ұлттар
312
2643
685
54
2927
6309
Барлығы
69880
4264
2840
205
16641
33950
Жас көрсеткіші бойынша шығындар
Туған жылы
Соғысқа аттанғандар
Майданда қаза тапқандар
Госпитальда қаза тапқандар
Тұтқында қаза тапқандар
Еш хабарсыз жоғалғандар
Барлығы
1890
29
4
-
2
13
18
1891
42
5
3
3
9
21
1892
39
3
3
1
15
22
1893
57
18
5
-
10
33
1894
83
25
8
1
25
59
1895
96
35
8
2
27
72
1896
151
65
13
2
45
125
1897
437
156
31
4
184
375
1898
832
201
36
10
282
529
1899
1609
192
29
1
180
402
1900
2001
324
55
4
478
861
1901
1792
227
42
5
336
610
1902
1029
329
68
7
433
837
1903
2324
365
65
11
469
910
1904
2213
367
65
4
504
940
1905
2600
386
64
6
543
999
1906
1432
429
90
3
594
1116
1907
2231
330
64
7
556
957
1908
2201
329
96
7
567
999
1909
2197
366
60
3
543
972
1910
2432
395
75
8
554
1032
1911
1978
324
63
5
404
796
1912
2309
393
75
7
658
1183
1913
2204
355
70
3
506
934
1914
1405
422
90
5
492
1009
1915
2307
336
58
4
423
821
1916
2409
342
60
6
460
868
1917
2092
300
39
3
447
789
1918
2533
464
67
8
638
1177
1919
2207
312
79
10
501
902
1920
2192
340
67
20
497
924
1921
2603
349
60
10
562
981
1922
2792
605
128
7
613
1353
1923
3032
753
144
4
630
1531
1924
2971
635
141
3
445
1224
1925
2432
653
136
-
383
1172
1926
1832
262
52
-
164
478
1927
745
14
4
1
24
43
Белгісіз
6000
2853
627
19
2427
5926
Барлығы
69880
14264
2840
205
16641
33950
Жоғарыда көрсетілген кестелер мен статистика 1970 жылдардың біреуінде жарық көрген «Цилиноградская правда» мерзімді басылымның «Цена победы» атты мақаласында көрсетілген.
Қорытындылай келе, Ақмола, Қарағанды жəне Қостанай облыстарынан әскер қататына алынған адамдардан бірнеше дивизиялар жасақталған болатын. Ақмола қаласынан әскер қатарына шақыртылған 14722 жауынгер әр түрлі құрамалар қатарында сап құрды. Еліміздің азаттығы мен мамыражай ғұмыры үшін жандарын аямай кезекті ұрысқа баса көктеп кіріп, елі үшін күреске қатысқан батырламыз еді олар. Олардың жартысынан көбі, яғни, 7 415 жауынгер ерлікпен қаза тапқан болатын. Соғыс алаңында көрсеткен ерліктері үшін көптеген ақмолалық жауынгерлер мәртебелермен жəне атақ-даңқтармен марапатталды.
Атап өтер болсақ, 41 майдангер ең жоғары марапат – Совет Одағы Батыры мәртебесі берілді, жетеуі «Даңқ» орденінің толықтай иегері атанған болатын. Олардың арасында Совет Одағы Батыры мәртебесіне екі рет ие болған ұшқыш генерал-майор Талғат Бигелдинов, Совет Одағының Батыры, тәуелсіз еліміздің тұңғыш Қорғаныс министірі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов, Ақан Құрманов, Əлмұхан Сембинов, Виктор Малышев, Юрий Малахов, Алексей Петров, Михайл Сальников, «Халық Қаһарманы», Рейхстаг биігінде жеңіс туын желбіреткендердің бірі Рақымжан Қошқарбаев жəне басқалар да бар. Сұрапыл соғыс басталған 1941 жылы шілде айынның жиырмабесінде Ақмолада жасақталған 310-атқыштар дивизиясы сол жылы қыркүйекте Ленинград майданыінда неміс әскеріне қарсы ұрысқа кірісті. Аталмыш әскери құрамның сарбаздары атақты «Өмір жолын» құрған болатын. Сондағы Ладога көлі бойымен мұз арқылы Ленинград қаласына қарай азық-түлік пен қару-жарақ тасыған сарбаз –жігіттердің жартысынан көбі осы ақмолалықтар еді.
Әскери құрам Новгород, Ленинград жəне Псков облыстарын, Польшаны неміс әскерлерінен азат етіп, жау әскерінің Шығыс Померан, Берлин əскери дивизияларын талқандауға қатысты, Эльбаға дейінгі жерді өздеріне қаратып, жол бойындағы елді мекендерді азат етіп, жау құрсауынан азат етумен болды. Ұрыс кезіде әскери құрамның батылдығы құрметіне Мəскеу қаласында алты рет салют атылды. Атақты генерал Сағадат Нұрмағамбетов осы әскери құрам сапында шайқасқан болатын. Ақмола өңірінде жасақталған атқыштар дивизиялары 41-ші жылы қарашада Батыс майдан сапында соғысқа кірді. 42-ші жылы желтоқсан айында Сталинград қаласы іргесінде қанды майданда болды. 44-ші жылы Қырым үшін шайқаста Прекопты жау құрсауынан азат еткені үшін ақмолалық дивизияға «Перекоп дивизиясы» деген құрмет берілді. Ал, ақмолалық 29-шы атқыштар дивизиясы Сталинград қаласы үшін шайқаста ерлігі үшін 72-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Дивизияның отыз бір сарбазы мен офицеріне ең жоғары мәртебе – Совет Одағының Батыры атағы берілді. Ақмола өңірінде, сондай-ақ 106-кавалериялық атты əскер дивизиясы да жасақталды. Осы облыстан соғысқа алынған сарбаздар басқа да әскери құрамдар мен бөлімшелер құрамында болып, барлық майдандарда ерлікпен шайқаса алатаын нағыз, батыр сарбаздар ретінде таныла білді.