Ағарту – үлкен миссия ІІ
03.09.2024 1330

Қазақ автономиялық республикасы құрылғанша яғни 1920 жылдарға дейін қазақ даласындағы ағарту ісімен жергілікті кеңестер айналысқаны белгілі. Осыған байланысты ағарту ісінде де нақты тұжырым, ереже бола қойған жоқ. Соған сәйкес, бұл кезеңге қатысты статистикалық деректер де нақты емес.


«1918-1920 жылдар аралығында өлкеде қанша адам сауаттылық деңгейі қаншалықты көтерілді деген сұрақтарға архив қорлары мен статистикалық жинақ беттерінде жауап жоқ. Бірақ жұмыстың тоқтамағаны анық», - деп жазады », - деп жазады Табылдиев Хисмет Бозанұлы. 

1920 жылдың жазында Петропавл уезінде 19 ересектер мектебі, қалада 7 ересектер мектебі жұмыс істеп тұрған екен. Торғай облысында мұндай мектептер саны 24, Ақмола уезінде 10 болатын. 1920 жылдың күзінде Семей губерниясындағы саужой мектептері қатары 160-тан асқан. 

Осы жерде саужой сөзіне тоқтала кетейік: «Сауатсыздық жою» деген сөзді (орысша ликбез) сол кездегі архив құжаттары мен БАҚ беттерінде Саужой деп қысқартып атаған екен. 

Табылдиевтің жазуынша, бұл мектептерде 105 мыңнан астам ғана бала оқыған.

«Яғни әр мектепте 50 баладан ғана келіп отыр. Егер сол жылдарғы өлке тұрғындарының үштен екісін қазақтар құраса, мектеп оқушылары қатарындағы балалардың 14-15 проценті ғана жергілікті ұлт өкілдерінің балалары болатын. Басқаша айтқанда қазақ балалары оқудан шет қағылып отырды деген сөз. Әсіресе қазақ қыздарының мектепке тартылуы нашар жүрді. 1914-1915 оку жылында олардың мектепке оқып жүргендерінің саны 2000-ға да жетпеді.

Мектептер мен олардағы оқушылар саны осындай болғанда, оқытушы - мұғалімдер құрамы да айтарлықтай ұзап кете қоймады. Ғасыр басында Ақмола облысындағы мұғалімдердің 65%-і, Семей облысында 61%-і, Жетісуда 74%-і, арнайы білімі жок практиктер болатын», - дейді ол.

1897 жылғы бүкіл россиялық халық санағы мәліметі бойынша Ақмола губерниясында 9 жастан асқандардың 14%-і, Семей губерниясында 8 %-і, Торғай облысында 6%-і Жетісу облысында 5%-і, Сырдария облысында 5%-і, ғана оқи-жаза білетіндер екен. Түркі-татар тілдерінде сөйлейтін халықтардың әр мыңнан 96 еркек пен 50 әйел қара танитын дәрежеге көтеріліпті. Арада 10 жыл өткен соң Түркістан өлкесіндегі сауаттылық 0,4 процентке ғана артқаны анықталды. Егер ғасыр басындағы Россияда 89 губерния мен облыс болса, сауаттылық деңгейі жағынан осылардың арасында Жетісу облысы 86-шы орында, Орал облысы 76-шы орында, Ақмола облысы 75-ші орында тұрған еді. 

Шыны керек, орталық қазақ даласындағы сауатсыздықтың биік деңгейде қалғанын қалады. Соған сәйкес ХХ ғасыр басындағы ағарту жұмыстары да отарлаудың бір көрінісі халықты рухани мешеулікте, қараңғылықта ұстауға негізделді. Оны зерттеушінің еңбектерінен де анық көруге болады. 

«ХХ ғасыр басындағы Қазақстан сауатсыздық жайлаған өлке болатын. Мұның басты себебі саяси қатынастар шеңберінде шет Отарлаушы Россия аймақтардың мәдени-рухани дамуын қамтамасыз етуге еш ынталы емес еді. Орталықтың басты мақсаты қазақ даласының байлығын сорған үстіне сора түсуге сайды. Бұл – бір. Екіншіден, ол Қазақстанға Шығыстағы саясатын жүзеге асыру үшін қажетті плацдарм ретінде ғана қарады. Мұның сыртында қолынан кеткен Қазақстанда сауатсыздықты жоятындай ішкі мүмкіндіктер қалмаған еді. Бірнеше губернияларға, облыстарға бөлшектеніп кеткен өлкеде орталық мемлекеттік құрылым болмағандықтан үйлесімді мәдени құрылыс қолға алынбады. Мәдениет мәселелері аймақтық денгейде ғана көтерілетін. Ал оларды бір орталықтан талдау, баға беру, саяси-салаға жіктеу, жергілікті ерекшеліктерге қарай сәйкестендіру өлке деңгейінде ешкімнің құзырына жатпады. Қазақстаннан ұлттық мемлекеттік тұрғыдан бытыраңқылығы, отарлық статусы, тұрғылықты халықтың, яғни қазақтардың саяси-әкімшілік қызметі болыс пен ауыл деңгейінде қалуы сауатсыздықпен нақты әрі нысаналы айналысуға мұрша бермеді. Бұл аздайын орталықтан да, өлкеде де қара халықтың сауатын көтеруге мейлінше тіксіне қарайтын, оны зиянды іс ретінде түсінген мемлекет қайраткерлері, әр түрлі дәрежедегі басшыларда аз болмады»,  – дейді ол. 

Яғни сол дәуірдегі оқу-ағарту ісіның адамдардың жан-жақты жетілуі үшін емес, отарлық саясатты орындауға қажетті шарттың бірі ретінде ғана қаралғанын байқауға болады. Әрі оны орталық өкілдері де ашық айтып отырған.

Россияның халық ағарту министрі Д.А. Толстой қол астындағыларға жолдаған бір жарлығында «Біздің отанымызда тұратын барлық бұратаналарды оқытудағы түпкі мақсатымыз оларды орыстандыру және орыс халқымен мидай араластырып жіберу» деп ашып көрсетіпті. 

Ал Орынбордың әскери губернаторы Сухтелен: «Менің қырғыздарды Европа халықтары жеткен биікке көтеру ниетім жоқ. Мен қырғыздардың мәңгі малшы, көшпенді болып қалғанын, ешқашан астық екпегенін, ғылымды ғана емес, тіпті қолөнерді де білмегенін жан-тәніммен қалаймын» деп көрсетіпті. 

Автор осындай деректерді келтіре отырып, қазақ даласындағы ағарту ісіне кедергі келтірген бірнеше фактіге тоқаталады: 

Біріншіден, оқу-ағарту мардымсыз еді. Ол қалаға, облыска, губернияға, т.б. территориялық әкімшілік бөліктерге бөлінген қаржының 2-5 процентінен аспай жататын. 1907 жылы, мәселен, Қазалы уезіндегі оқу-ағарту ісіне 1,8 мың сом ақша бөлініпті, бұл уезд бюджетінің 6 проценті ғана болатын, ал есесіне полицияның қажетіне бөлінген қаржы 11,9 мың сом бүкіл ақшаның 38 процентін құрады. 1915 жылы Түркістан өлкесінің бюджеті 25 млн. сом болса, оның 575 мыңы ғана, яғни 2,3 проценті оқу- ағарту ісіне арналыпты. Бөлінген қаржы жан басына шаққанда 13-26 тиыннан ғана келетін. Кейбір қалалар бойынша әр адамға 2 тиыннан ғана тиетін еді. Жалпы Қазақстан бойынша білімге жұмсалған қаржы 1913 жылы бір адамға шаққанда 40 тиыннан аспаған.

Екіншіден, оқу орындарының жүйесі мейлінше тар күйде қала берді. 1914-1915 оқу жылында бүкіл Қазақстанда 2011 мектеп болған екен. Бұларда 105 мыңнан астам бала оқыпты, яғни әр мектепте 50 баладан ғана келіп отыр. Егер сол жылдарғы өлке тұрғындарының үштен екісін қазақтар құраса, мектеп оқушылары қатарындағы балалардың 14-15 проценті ғана жергілікті ұлт өкілдерінің балалары болатын. Басқаша айтқанда қазақ балалары оқудан шет қағылып отырды, деген сөз. Әсіресе қазақ қыздарының мектепке тартылуы нашар жүрді. 1914-1915 оқу жылында олардың мектепке оқып жүргендерінің саны 2000- ға да жетпеді.

Мектептер мен олардағы оқушылар саны осындай болғанда, оқытушы мұғалімдер құрамы да айтарлықтай ұзап кете қоймады. Ғасыр басында Ақмола облысындағы мұғалімдердің 65%-і, Семей облысында 61%-і, Жетісуда 74%-і, арнайы білімі жок практиктер болатын.

Дегенмен жекелеген қайраткерлер мен ұлт жанашырларының құлшынысының арқасында біршама іс жасалды. Керек болса, қаржының аздығы да, оқулықтар мен әдістемелік материалдарды шығару ісінің жолға қойылмауы да кедергі бола алмады деуге болады. Осындай қажырлы жұмыстың арқасында 1920-жылға дейін жалпы қазақ даласында 72 мыңнан астам адам хат танып шықты. 1914 жылмен салыстырғанда мектептер жүйесі 40 пайызға артып, окушылар саны 36 да пайызға ұлғайды. Білім беретін мұғалімдер қатары да біршама көбейіп,  3,4 мыңнан 4,8 мыңға өскені белгілі. 

Деректер Х.Б. Табылдиевтің «Қазақстандағы сауатсыздықты жою тарихы: (1917-41жж) авторефератынан алынды.