Шаймерден Қосшығұлұлы: 10 дерек
16.02.2024 2059

2015 жыл. Астана. Үкімет билігінің шешімімен 188 көшесінің атауы өзгертіліп, Шаймерден Қосшығұлұлының есімі берілді. Қазақстан тарихынан алыс адамдардың көпшілігі көше Астанада кезінде сауда-саттықпен айналысқан көпес Баймұхамбет Қосшығұлұлының есімімен аталады деп санаған. Биыл Шаймерден Қосшығұлұлының туғанына 155 жыл толады.


Шаймерден Қосшығұлұлы 1869 жылы Көкшетау уезінде дүниеге келген. Көпшілікке қоғам қайраткері, Ақмола облысынан Ресей империясының I және II сайланған Мемлекеттік думасының депутаты ретінде белгілі. Ол ең алдымен өзінің діндарлығымен, білімділігімен ерекшеленетіні тұлға болған. Бұл оның дін қайраткері ретінде қалыптасуына ықпал етті.

Назарларыңызға Шаймерден Қосшығұлұлы туралы 10 деректі ұсынамыз:

1. Қосшығұлұлы сүнниттік бағыттағы мұсылман болған.

2. Бала күнінде ауыл молдасынан оқып, кейін Көкшетаудағы Науан Хазірет медресесінде білім алған. Кейіннен Бұхарада зейінін ашқан. Қазақ және араб тілдерінде еркін сөйлеген. 

3. Біраз уақыт Науан хазірет деген атпен белгілі Науан Таласұлының көмекшісі қызметін атқарды.

4. 1903 жылы «діни негізде қырғыз халқы арасында үгіт-насихат жүргізгені үшін» үкімімен Якут облысына 5 жылға жер аударылды. Ресейден әдейі жіберілген миссионерлер халықты христиан дініне айналдыру үшін үгіт-насихат жүргізген кезде жергілікті тұрғындар арасында исламдық үндеу (даават) үшін сотталды. 

5. 1905 жылы Әлихан Бөкейханның қолдауымен І орыс революциясы кезінде ол өз еліне оралып, Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы белсенді күресті жалғастырды.

6. Ислам мен шариғатқа қарсы бағытталған патша билігінің саясатын айыптайтын петиция ұйымдастырды.

7. 16 қалада, соның ішінде Орынбор, Астрахань, Қызылжар, Семей, Верный, Ташкент, Ашхабадта «Ресей мұсылмандары одағы» ұйымының негізін қалаушылардың бірі болды.

8. Мұхамеджан Сералин «Серке» газетінің тарихына арналған мақаласында: «1907 жылы Санкт-Петербургте II Мемлекеттік Думаның мүшесі Шахмерден Қосшығұловтың бастамасымен «Серке» газеті шығарыла бастады. Бірақ газетті бірден мемлекеттік органдар жауып тастады» деп жазды. Газет шыққаннан кейін редакцияда полиция пайда болды. Олар редакцияның бүкіл бөлмелерінде тінту жасады. Бұған Міржақып Дулатұлының үкімет саясатына қарсы мақаласы себеп болды.

9. Көкшетау қаласында ислам кітаптары мен мерзімді басылымдарының кітап дүкеніне иелік еткен.

10. Ол 1932 жылы совет өкіметінің қуғын-сүргін саясатының құрбаны болды.