Сұлтан Бейбарыс - ұлттың абыройы мен арына жаралған тұлға
16.10.2023 2155

Атырау қаласында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Дешті Қыпшақтың тарихи тұлғалары: Бейбарыс және оның кезеңі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 


Атырау облысы әкімшілігі, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған бұл шараның маңыздылығы мен көрсетілген тақырыптың өзектілігі, конференция жұмысына шақырылған шетелдік ғалымдардың көптігінен байқауға болады. Және де сырттан келген ғалымдар мен облыстың бейбарыстанушылары, жергілікті жоғары оқу орындары мен басқа да қоғамдар өкілдері үшін жұмыс форматы офлайн-онлайн деп жарияланғанымен, пленарлық мәжілісте филология ғылымдарының докторы, профессор Жеменей Исламның (Алматы қ.), «Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен деректері, Оңтүстік Каир археологиялық аймақтарының Бас директоры, Ислам археологиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері, мәмлүктанушы Эмал Осман Абдулкадердің (Мысыр, Каир қ.) «Әл Сұлтан Мансур Сииф Әддин Калуун», филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің жанындағы Әбу-Ханифа ғылым-зерттеу орталығының директоры Керім Шамшадин  Тұрсынұлының (Алматы қ.) «Орта ғасырлардағы ислам тарихындағы түркі мәмлүктерінің орны», тарих ғылымдарының кандидаты, Татарстан Республикасы ҒА Ш. Маржани атындағы Тарих институтының М.А. Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Сайфетдинова Эльмира Гаделзияновнаның (Ресей, Қазан қ.) «Султан Бейбарыс и его роль в развитии взаимоотношений между Золотой Ордой и мамлюкском Египтом», Ислам және конт археологиясының профессоры, Мансура университетінің Туризм факультетінің деканы, мәмлүктанушы Мұхаммед Ахмед Аблел Латиф Ибрахимнің (Мысыр, Каир қ.) «Ғайн Жалут ...Әль Магрикат Аль Фассиләт», тарих ғылымдарының докторы, профессор Садықов Тілеген Садықұлының (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.) «Бейбарыс және оның заманы», тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мансура университетінің Ислам археологиясы Өнер факультеті кафедрасының меңгерушісі, мәмлүктанушы Абдулла Атийе Абдулхафиздің (Мысыр, Каир қ.) «Жаулап алғаннан кейінгі мамлюк кезеңінің соңына дейінгі – Фатимидтер тарихы», тарих ғылымдарының докторы, Ферғана мемлекеттік университетінің Өзбекстан тарихы кафедрасының профессоры Усмонов Бахриддин Ахмедовичтің (Өзбекстан, Фергана қ.) «Сведения о социально-экономической жизни Ферганской долины в Бабурном», PhD доктор, ҚР ҒЖБМ Жошы ұлысын зерделеу ғылыми институтының директоры Сәбитов Жақсылық Мұратұлының (Астана қ.) «К вопросу о монголокипчакских войнах» қауым жұрттың алдында жасаған баяндамалары қазіргі кезең есімдері тарих қойнауынан елге жеткен, ерен іс-әрекеттері бүгінгі мен ертеңгі ұрпаққа өнеге болуға лайықты Ғұлама Тұлғаларды еске алып, рухтарына бас иетін уақыт екенін, сол тұлғалардың бірі – өмірінің 19 жылдан асатын уақытында ел билеумен айналысқан, күш-жігерін ертемамлюктер дәуіріндегі архитектуралық стильді енгізуге жұмсаған, Мұхаммед пайғамбардың Меккедегі мешіті мен Меккеге дейінгі Иеруссалимдегі «қағба» – Кабба ас-Сахари («Жартастың төбесіндегі күмбез») мешітін күрделі жөндеулерден өткізіген және де сол сияқты көптеген гуманистік идеялардың басында тұрған мемлекет қайраткері Сұлтан Бейбарыс жайлы өз ойларын ортаға салды. 

Баяндамалар барысында ғалым Жеменей Исламның «Қыпшақ даласы парсы тілінде Дешт-и-Қыпчақ делінеді. Дешт парсы сөзі «Дала деген мағынада. Сол үшін қазақша «Қыпшақ даласы» деп жазған дұрыс болады. Ал Дешт Қыпшақ даласы десек «Даласы Қыпшақ Даласы» болып шығады.

Сондай ақ қазақ тарихын жазғанда орыс тілінен алынған адам, жер-су аттарын орысша транскрипцияламай, қазақша жазуды да қолға алу керек. Сонда қазақ тілінің дыбыстандыру (фонетикалық) заңдылығын да сақтаған боламыз», сол секілді Мысырлық ғалымдардың «Сұлтан Бейбарыс Ислам дінінің әлемдік дәрежедегі қорғаушысы бола алған», мамлюктер тарихына жаңа деректер негізінде жасалмақ ғалымдардың бірлескен зерттеулері Сұлтан Бейбарыс есімін естігенде елең етпейтін азаматтарға, ұлттық тарихқа деген ерекше қызығушылықта жүрген, дерек үстіне дерек құштар болып жүргендердің сандарын ұлғайта түсетіне күмән жоқ деген ойлары «Сұлтан Бейбарыс тұлғасының зерттелу тарихы мен тарихнамасы» (секция модераторы Сапанов С.С., т.ғ.д., профессор), «Сұлтан Бейбарыс және оның тарихи ортасы, археология, этнография және ескерткіштану материалдары бойынша (модератор Садықов Т.С., т.ғ.д., профессор) және «Сұлтан Бейбарыстың әскери істегі, дипломатиядағы және әлемдік тарихтағы тұлғасы» (модератор Дүкенбаева З.О.) атты секциялық мәжілістерде жалғасын тауып, тізімге енген 40-қа жуық жобалар авторларының басым көпшілігі баяндамаларын талқылауға Астанадан, арнайы шақырумен келіп ғалымдар.

Ұлы Даланың данышпан билерінің бірі Қаз дауысты Қазыбектен «Сөздің атасы кім? Сөздің анасы кім?» деп деп сұрағанда, «Сөздің атасы – Бірлік!» «Сөздің анасы – Шындық!» деген екен дейді халқымыз. Қоғамда соңғы екі жылдың ішінде болған оқиғаларды үлкен сабақ ретінде қабылдап, тап осы кезде қазақ ұлтының өткен кезеңдерін тағы да бір рет ой-санасынан өткізіп, халықтың бірлігі деген ұлы құндылықты тереңінен түсініп, демократияны топтастыру дегеніміз – кикілжіңдер мен ыдыраңқылыққа тосқауыл бола алатын негізгі қару екенін түсінетіндей кезеңге аяқ басқан кезенің келгенін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауындағы «Әділетті Қазақстанды орнату үшін тек қана саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз. Бірінші кезекте қоғамдық сана мен азаматтардың ұмтылыстарына өзгерістер енгізбесек, онда басқа жұмыстардың бәрінің босқа кеткендігі» – деген сөздері жақсы аңғартқандай.

Бойындағы бар қуатын төмендегі халықтың әл-ауқатын қорғайтын мемлекет ісіне арнаған, жан-тәнімен Отанына берілген, ұлттың дамуы мен болашағы ғылым, білім, өнерде деп түсінген Сұлтан Бейбарысқа тарих барысында тағы да бір керемет міндеттелген болса керек. Ол – бабамыздың бейнесінің халықтың ары мен ұжданы, кезеңнен кезеңге өтіп келе жатқан ұрпақтар жалғастығын тепе-теңдікте сақтаушы, жарастырып тұрушы Тұлға ретінде көрініп тұруы. 

Амангелді Қашқымбаев

т.ғ. к., доцент

Астана қ.