Түріктер туралы Қытай деректемелерінде 4-бөлім
19.01.2022 1997

Қытай деректеріндегі Көк Түріктерге қатысты жазбаларымызды одан әрмен жалғастырамыз. Бұл бөлікте Таң империясы мен Шығыс түріктер арасындағы бірде тату, бірде қату қарым-қатынастарды әңгімелейміз. Мұнда қытай жазбаларында сол кездегі түрлі қарым-қатынастар қағазға түсіп қатталып отырғанын көреміз. Ел ішіндегі және көршілермен болған қақтығыстар, саяси айлалар рет-ретімен айтылады.


Ли Жиң қолы сұрапыл қарсы шабуыл жасады. Алға ілгерілей алмаған Іліг Биңжоуға бекiндi. Оны жазалауға аттанған Тойзүң қолы Фужоуда бірер күн еруледі. Іліг әскерін шегіндіргесін, Тәйзүң да қосынмен кері қайтты. 9 жылы (626 жылы) шілдеде Ілік жүз неше мың атты жасақпен Угүңды шапты. Астана соғыс әзірлігіне көшті. Ол 24 күні Гаулиңге шабуыл жасады. Жорық төбенайы, сол қол мыршап тай санғұн Юйчы Жиды Жиң Яндағы шайқаста оларды ойсырата жеңіп, іркін Ашнатек Емер чорды түтқынға алды, мыңнан астам адамның басын кесті. 26 күні Ілігі өзінің жан күйері Чапыш Сілікті аңыс аңдау үшін сарайға қол тапсыруға жіберді. Ол: “Екі қағаным миллион әскермен іргеңе келіп тұр” деп масаттанды. Тәйзүң: "Мен Түрікпен тікелей бейбітшілік шартын жасасқамын. Сендер оны бүздыңдар. Менің арым таза. Көтерілісші қосынымыз астанаға кірген тұста әкелі-балалы сендер маған ілескендіктерің үшін ілгерінді-кейінді есепсіз мол асыл тас, торғын-торқа сыйлаған едім. Калайша менің байтақ аудандарыма шабуыл жасай бересіңдер? Сен Түрікте аз да болса адамгершілік болуға тиіс еді. Неліктен біздің көл-көсір жақсылығымызды бүкiлдей үмытып, күштiмiн деп айқүлақтанасыңдар? Алдымен сені жайратам да өлексеңді ілгізіп қоямын" деді. Үрейленген Сiлiк жан сауға сұрады. Тәйзүң көнбеді де, оны Нөкерлік уәзірлікке қаматып тастады.

Тәйзүң аға жандар Гау Шылян, ішкі жарлауыл Фаң Шюанлиң, санғүн Жоу Фондармен бірге алты атпен Уйшүй өзенінің жағасына келіп, арғы жағадағы Ілігті келісімді бұзғаны үшін айыптады. Оның үлыс бектері қорыққандарынан аттан түсіп тағзым жасады. Көп кідірмей қалың қолдың қарасы көрінді. Шахналық қосынның айбатынан және Сіліктің тұтқындалғанынан Іліг қатты үрейленді. Тойзүң мен Іліг өзеннің екі жағасында тұрып оңаша сөйлеспек болды. Тәйзүң әскеріне шегініп шеп құруға бұйырды. Шяу Юй оның алдын кес-кестеп жауға жеңіл-желпі қарамағайсыз деп ақыл айтты. Патша: "Мен әлдеқашан орналастырып қойдым. Мұны сендер түсінбейсіңдер. Түріктердің жерімізге баса-көктеп кіріп Уйшүй өзеніне дейін жетуі олардың еліміздің ішкі қайшылығынан хабардар болғандығының белгісі. Олар патша таққа енді ғана мінді. Бізбен қарсыласа алмайды деп есеп тейді. Мен егерде қақпамды тарс бекітіп алсам, Лулар сөзсіз сұрапыл шабуыл жасайды.

Мығымдығымызға бүгін – сын. Менің жалғыз шығуым – оларды елең құрлы көрмейтіндігімді, ал әскермен сес көрсетуім – соғыспай тынбайтындығымды әйгілеу. Істің бұлайша күтпеген жерден шығуы – олардың мүддесіне қайшы. Лулар жерімізге ішкерілеп кіріп алды, олардың қорқатыны даусыз. Олармен соғысар болсақ сөзсіз жеңуге, бітім жасасар болсақ сөзсіз оны баянды етуге тиiспіз. Ғұндарды шаужайлау осыдан басталады деді. Сол күні Іліг бітімге келуді өтінді. (Патша) жарлық шығарып келісімін берді. Патша тобы сол күні сарайға қайтты. 30 күні патша қаланың батысына тағы келді. Құрбанға ақ боз ат шалынып Бянчяу көпірінде Ілігпен анттасып одақ жасалды. Іліг әскерін алып кері қайтты. Шяу Юй: “Іліг бітімге келмей тұрғанда сұңғыла уәзірлер мен егей ерлер түгелімен соғысуды дәріптеген еді. Тақсыр, сіз қабыл алмадыңыз. Сонда пақырыңыз күдіктенген болатын. Қазір Лулар өздігінен шегінді. Бұл қандай амал?” деп сүрады. Патшам: “Мен Түрік қосынын бақыласам, әскері көп болғанымен түземі нашар екен. Ұлықтарының көкейін тескені тек байлық пен пайда ғана. Қаған өзеннің батысында жалғыз қалды да, ұлыс бектері маған дидарласа келді. Мен егер осы орайда оларға тап берсем, шірік ағашты жыққандай оларды оңай алар едім. Мен (Жаңсүн) Ужи, Ли Жиндерге Южоудан торуылдау жөнінде бұйрық бердім. Алда-жалда Лулар шегіне қашса, торуылшы қосын олардың алдын кесіп, ауыр қол қыр соңынан тықсырмақ. Оларды жер қаптырудың түк те қиндығы жоқ. Менің соғыспаудағы себебім: "Такка жаңа отырдым. Ел билеудің жолы - барақаттықты мақсат тұту. Лулармен соғыса қалсақ, өлім жітімсіз, жарақатсыз болмаймыз. Оның үстіне Fүн лулары жеңілсе немесе қорықса ғана жақсылыққа көшеді. Бізге Өшіксе, оның зардабы жеңіл болмайды. Мен бүгін қару-жарағымды жинап қойдым да, топас Луларды асыл тас, торғын-торкалармен шырғалап әспенсіттім. Олардың күрдымға қүлауы осыдан басталмақ! Алмақтың да салмағы бар деген, міне осы" деді.

Қыркүйекте Іліг тартуға үш мың жылқы, он мың кой айдатты. Патшам бүларды қабылдамады. Ілігке тартып кеткен кіндік қағанат бүқарасын түгелімен қайтар деп жарлық шығарды. (Таң Тәйзүң заманы) Жынгуанның 1 жылы (627 жылы) Барқынтаудың теріскейіндегі Сір-енда, Құйғыр, Байыркы сияқты ұлыстар бүлік шығарды да, үкі тадқа шабуыл жасап, оны қуып салды. Іліг оларды жазалауға Төлені аттандырған еді, жеңілген Төле шағын қолмен қашып келді. Ызаға булыққан Ілігі оны он неше күн қамап қойды. Төле осыдан барып оған өшікті де опасыздық жасамаққа бекiндi. Бұлардың елін неше чы қалыңдықта қар басып қалды, қой мен жылқылары қатты Қырылды, адамдары ашаршылыққа душар! болды. Біздің қосынымызды осындай тиімсіз кезде жорық жасар деп қауіптенген Түріктер аң аулаймыз деген дақпыртпен Шожоуға әскер кіргізді. Бұл шын мәнінде қорғаныс үшін еді.

Уәзірлер бір ауыздан: “Рей-тиектер сенімнен жүрдай. Олар өзінен өзі секем алып, одақтаса түра әскерін қаптатып шекарамызды таптады. Осы орайда оларды көп мәрте уәде бұзғаны үшін жазалайық" деді. Тойзүң: “Күллі әлемнің әміршісі түгіл тобан аяқ қараша да сертінде тұрмаушы ма еді! Олармен бетпе-бет отырып бітім шартын жасағамын. Ауыр апатқа ұшырап мүшкіл күйге түскен орайда оларды қырып тастасам болар ма? Үлықтарым, сендер жөн санағандарыңмен, мен құптамаймын. Түрік үлыс тары түгелімен опасыздық жасаса д. олардың малынан тігерге түяқ қалма кырылса да мен уәдеме опа қылып, олар жазалау жорығын жасамаймын. Олар әдет аттағанда тарпа бас салып құртамын" делі 2 жылы (628 жылы) Төле сарайға елші салып Ілігпен арадағы араздығын айтты әрі оған тұтқиыл шабуыл жасауды өтінді. Чиң Утұнға Биңжоу қосынымен барып оны қарсы алу жөнінде жарлық шықты. 3 жылы (629 жылы) Дешті құмның солтүстігінен Сір-енда өзін қаған көтерді де, сарайға елші салып жергілікті өнімдерінен тарту тартты. Іліг өзін боданмын деп таныды, ханша айттырмақ болып, күйеулік салтты өтеуді талап етті. Іліг үнемі Ғуларға сенім байлап өз аталастарынан бөлініп қалды. Ғулар жемеңгер, үшқалақ, пәтуасыз болды. Заң жарлықтар көбейе берді, соғыс толастамады. Бүкіл елді үрей билеп, ұлыстар одан жери бастады. Ұдайы бірнеше қыс қалың қар жауғасын, малтүліктер қырылып бітуге шақ қалды. Елде ашаршылық жүрді. Іліг қаржы тапшы болған соң ұлыстардан алынатын салықты көбейт Бүған қол астындағы бұқара төзе алма Осылайша ішті-тысты болып түгел о шығарды. Ол сараймен бітім жасай тұра, Ляң Шыдуға тағы да көмектескені үшін патшам Жасақ бөлім санаты Ли Жин. Дәйжоу түЫҒЫ Жаң Гүнжиндерге Диң яң бағытынан, Биңжоу түтығы Ли Жи, оң қол қаһарлы тоқсауыл санғұн Чю Шиңгүндарға Түүхэн бағытынан, сол қол қаһарлы тоқсауыл тай санғүн Чәй Шауға Алтынғол бағытынан, Уй Шяужеге Хың-ән бағытынан, Шө УӘНЧыға Чаңу бағытынан аттануға әрi (Ли) Жиңның басшылығында жазалау жорығын жасау жөнінде жарлық шығарды. Желтоқсанда Төле қаған, Үкек шад, Кінай тегіндер өз ұлыстарын бастап қашып келді.

4 жылы (630 жыл) басқы айда Ли Жиң Ы-яң асуына орныққан соң Диңшяңға түнделете шабуылдады. Зәресі ұшқан Іліг ордасын Чикоуға көшірді. Ғу ағаманы Қаңсумерлер Сүйдың патшайымы Шяу мен (Яң) Жындауды ерте келіп тізе бүкті. Ақпанда қатты тарыққан Іліг Теміртауға қашып барды. Оның әлі де бірер түмен әскері бар еді. Ол Чаныш Сілікті елші етіп жіберіп қылмысына кешірім сұрады әрі бүкіл елімен кірімтал болуды өтінді. Тойзүң мәмілегер уәзір lar Жян, санғұн Ән Шюрындарды мойшақпе барып олардың көңілін орнықтыруға ж сады. Ілігтің көңілі жай тапты. Осы әре сәттен пайдаланған Ли Жиң оны тұтқиыл тарпа бас салып ойсырата жеңіп, елін пата жойды. Іліг түлпарына мініп алғыз өзі қашып барып ышбара үлысынлағы немере қарындасын паналады. Нау. рызда кеми жорық төбенайы Жан Баушан калың қолмен ышбараның қосын басып алып, Ілігті тұтқындап астанаға жөнелтті. Тәйзүң: "Мен өзіме еңбегі сіңгендерді жадымнан әсте шығармаймын да, маған өлердей өшіккендерге кек сақтамаймын. Сенің қылмысың шынында аз емес, алайда Уйшұй өзенінде анттасып одақ жасасқаннан бері ауыр қылмыс жасамадың. Сол үшін осыларды ескере отырып, сені жазғырмақ емеспін" деді. Сөйтіп оның бала-шағасын өзіне қайтарып берді. Бүларды Көлік уәзірлігінің қарамағына жайғастыру, азық-түлігін қазынадан қамдау жөнінде жарлық берілді. Ілік бағы тайғанына іш құста болып бала-шағасымен бірге мұңлы ән айтып күңіренетін еді. Оның қатты жүдегеніне патшаның жаны күйзелді. Осылайша оны Гожоуға дуанбасы етіп тағайындады. Өйткені ол арада су бүғысы көп болатын. Оны аң аулап, бойына біткен табиғатын жоғалтпасын деп ойлаған еді. Іліr барудан бас тартты. Сонан оған оң қол тоқсауыл тай санғұн шені, егістік жер мен қоражай берілді. 5 жылы (631 жыл) Тойзүң уәзірлерге: "Тәңір жолындағы жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат дегенді бір бұлдыр елес деуші едім.

Өткенде Қымын елі ойрандалғанда Сүй әулетіне қашып келген еді. (Сүй) Уынди патша оны астық пен торғын-торқадан шолпы тарттырмады, әскерлер мен бұқараны жүмылдырып оны қорғап орнықтырды, соның арқасында ол бас амандап, билікті қайта қолына алды. Ол күшейген соң үрпақтар бойы осы мейір-шапағатты жадында берік сақтап, оны ақтауға тиіс еді. Шібір заманында-ақ (Сүй) Яңди патшаны Янмында қоршауға алды.

Сүй патшалығында бұлғақ басталғанда, ол күшіне арқаланып жерімізге ішкерілей енді. Соңыра патша әулетінен біреуді таққа отырғызғанымен патшаның өзі де үрім-бұтағы да Ілігтің ағайындары тарапынан қынадай қырылды. Бүгін Ілігі талқандалды. Бұл оның сол жақсылықты ұмытқанынан емей немене?” деді. 8 жылы (634 жыл) (Ілir) қайтыс болды. Ауылдастарына өз елінің салты бойынша мәйітті өртеп, Башұй өзенінің шығысына жерлесін деген жарлық шықты. Оған әділеткер хан деген ауазым берілді, өлгеннен кейінгі аты лалық (хуаң) болып бекітілді. Оның көне көз уәзірі Күлік таркан Түйгүня оның әруағына атап өзін өлтірді. Ғүня Ілігтің шешесі Буан бикенің шаңырағына мініп келген қүлы еді. Іліг өмір есігін ашқаннан Fүняның мәпелеуінде ержетті. Ол ауыр қасіретке төзе алмаған соң өлді. Мұны естіп Тәйзүң қатты қайран қалды. Оған нөкер сардар деген лауазым берілді. Ол Ілігтің қабірінің жанына жерленді. Оған арнап ескерткіш тұрғызылды.

Төле қаған Ыспар би – Шібір қағанның бәйбішесінен туған түңғышы. Ол Ілігке немере іні болып келуші еді. Сүй әулетінің да-йе жылдарында (605-618 жылдар) неше жастағы Төлені Шібір шығыс орданың әскерін басқаруға жұмсап, оған Небүк шад деген атақ берді. Сүйдың Хуайнәндық ханшасы теріскейге ұзатылып келген соң оған некеленді. Ілік билік басына келген соң оны Төле қаған етіп көтерді. Ол ордасын Южоудың теріскейіне тікті. Төле шығыс тарапта тұрып Fи, Сеп сияқты ондаған ұлысты биледі. Бет алды алым салық жинағаны үшін ұлыстарының көбі оған наразы болды. (Таң Тәйзүң заманы) жынгуанның бастапқы мезгілінде Fи, Септер сарайға кірімтал болды.

Ел-жұртынан айырылғанына от алып, қопаға түскен Іліг оны солтүстікке Cipенданы жазалауға жұмсады. Ол әскерін қырғызып алғандықтан абақтыға жабылып дүреленді.

Төле уды жылдарында-ақ Тойзүңмен жақын болып еді. Тәйзүң да оны мейір-шапағатпен бауырына тартып сүйемелдеді. Олар анда болып, одақ жасасқан болатын. Кейінірек Ілік елінде бұлғақ басталғанда Толеден әскер сұраған еді, ол қасарысып бермеді. Осылайша екеуі араздасты. (Таң Тәйзүң заманы) жынгуанның 3 жылы (629 жылы) ол датнама ұсынып сарайға қол тапсыруды өтінді. Патшам уәзірлеріне: “Менің байқауымша бүрынғы елбасылары да бұқараның қамын ойлағандарының тағы баянды болыпты, ал өзгелерді құлдану есесіне игіліктенгендерінің елі зауалға ұшырапты. Бүгін теріскей бажақтың халқы бордай тозды. Бұл Шынында олардың елбасының елбасылық салауаттан жұрдайлығынан болып отыр. Тығырыққа тірелмесе Төле өз еркімен сарайға қол тапсыруды тіленер ме еді? Рейтиектердің әлсіреуі шекараны қам-қасіреттен арылтар. Бұл аса зор жұбаныш. Алайда олардың зауалынан түршікпек керек. Бүлай дейтінім үсталмай кеткендер де бар, түбі солар бір пәлеге ұрындырар ма деп қорқамын. Мен бүгін қиырдағыны көре де, ести де алмаймын. Тек сұлтандарымның адал ниетпен медет беруіне зәрумін. Кеңес беруден жалықпаудар" деді. Ілігтің шабуылына үшыраған соң, Төле сарайға елші салып әскер сұрады. Тойзүң уәзірлеріне: "Мен Төлемен төс соғысып анда болғамын. Оны құтқармауыма бола ма” деді. Ду Рухүй дат айтып: “Рей-тиектер сенімнен жүрдай. Еліміз үзақтан бері уәдеге берік болып келгенімен, олар опасыздық жасауын доғарған емес. Осындай іштей қырқысқан орайда қамтып қалу керек қой. Алауыз алуға, бүлінген шалуға жақсы деген сөздің мәнісі осы болар" деді. Тойзүң бұған келісімін берді.

Сөйтіп санғүн Жоу Фәнға Тәйюанға бекініп, шабуыл жасау жөнінде жарлық шықты. Төле де елжүртымен келіп тізе бүкті. Тәйзүң оған мол сыйлық берді, өз дастарқанынан дәм татқызды. 4 жылы (630 жылы) оған оң қол тоқсауыл тай cанғүн деген хен, Бейниң арда ханы деген лауазым берілді, иелігіне жеті жүз түтін бөлінді, қол астындағы әскерлері мен бүқарасынан Шүнжоу, Южоу дуандары қүрылды. Сөйтіп ол бүкіл ұлысымен бажак болды. Тойзүң оған: "Бүрын үлы экең Қымын әскерінен айырылып Сүй сарайына сола басы қашып келгенде, Сүй әулеті оны сүйемелдеп тағына қайта отырғызған екен. Ол күшейген соң Сүйдың шапағатына бөлене отырып, сыйға сый жасағанды білмепті. Ал окең Шібір Сүй әулеті үшін кесірлі күшке айналды. Сонан былай Кіндік қағанатты мазаламаған бірде-бір жылдарың болған емес. Тәңірім жауыздарды жазалап, алапат апат жаудырды. Сонан ел-жұрттарың торғайдай тозып, құрып бітуге шақ қалды. Барар жер, басар тауың қалмаған соң маған кірімтал болдың. Қымынның ашты сабағын ескере отырып, сені қаған көтермедім. Бүрынғы Жөн-жосықты кіндік қағанаттың үзақ жылдар бойына бейбіт болуы әрі сенің үрім-бұтағыңның мәңгі-бақи тыныш болуы үшін өзгертіп отырмын. Саған тұтық деген шен бердім. Менің елімнің заңдары бойынша ұлысыңды тәртіпке түсір. Ендігәрі шабуыл жасауларыңа болмайды.

Егер қайшылық жасасаңдар ауыр жазаға тартыласыңдар" деді. 5 жылы (631 жылы) ол сарай зияратына келе жатқан жолында жиырма тоғыз жасында Биңжоуда аурып өлді. Тәйзүң оның қазасына аза білдірді. Ішкі жанауыл Сын Уынбынға оған арнап құлпытас орнату жөнінде жарлық шықты. Оның орнына үлы Қарағүр отырды.

Толенің інісі Кезшуат жынгуан жылдарының бастапқы мезгілінде сарайға қол тапсырып, нөкер сардар болған еді. 13 жылы (639 жылы) ол патша дүбірлерімен ілесіп Жючына гүң сарайына келді. Сонан өз үлысындағы қырық шақты кісімен астыртын сөз байласып Қарағұрды жақтап патша шатырына түн жастанып шабуыл жасады. Олар 4-шеңберге дейін шабуылдап жебені қарша боратты. Ондаған күзетші өлді. Тойтарыс жасауылы Сүн Укәй қол бастап қарсы соғысып, оларды шегіндірді. Олар солтүстікті бетке ала Уйшүй өзенінен өтіп өз ұлысына қашпақ болды. Бірақ көп ұзамай барлығы да қолға түсіп өлтірілді. Қарағүрға кешірімділік жасау жөнінде жарлық шығып Лиңуәйға айдалды.

Ілік күйрегесін оның ұлыстарының бір бөлігі Сіренданы паналады, бір бөлігі Батыс өңірге босты, сарайға да аса көп адам тізе букті. Шекараның орнықтылығы жөнінде кеңес беріңдер деп жарлық шықты. Сарай үлықтарының көбі Түріктер көптен бері күшіне арқаланып Кіндік қағанатқа қарсы лан салып келді. Бүгін Тәңірдің қарғысына үшырап, барар жер, басар тауы қалмаған соң ғана бізге кірімтал болып отыр. Олар әсте опiлетке бас игендігінен келіп отырған жок. Осындай бағынған орайында оларды ауылауылдарға бөліп, түтқын есебінде Сарыөзен нің оңтүстігіндегі Янжоу мен Юйжоу жеріне дуан-аудандарға бытыратып егіншілік пен тоқымашылыққа дағдыландырған жөн. Миллиондаған Fу Луларды жай бүқараға айналдырсақ Кіндік қағанаттың халқын молықтыруға пайдалы. Қорғанның теріскейін иен тастайық деп кеңес берді. Тек ішкі жарлауыл Уын Янбо ғана Хән әулетінің жян у (25-55) жылдарында бағынған Ғұндарды Уюан бекінісіне орналастырғаны сияқты олардың ұлысын тұтас күйінде сақтап табиғи қалтқыға айналдырайық, олардың салтсанасын өзгертпей орнықтырайық.

Мүнда біріншіден, иен жерлердің адамын толықтыруға; екіншіден, біздің олардан күдіктенбейтіндігімізді білдіруге болады. Егер оларды Сарыөзеннің оңтүстігіндегі Янжоу, Юйжоуларға жіберсек, олардың табиғатына қайшылық жасаймыз. Бұл біздің кең пейілмен мағрипатқа бастау жолымызға қайшы деп кеңес берді. Тәйзүң мұны мақұлдады. Келенгір Уй Жың: “Түріктер бұрын дәл мұндай ойсырай жеңілмеген. Тәңірдің жазасы мен Шах бабалар ғибадатханасының киесіне олар осы күйге түсті. Олар Кіндік қағанат ғасырлар бойы шабуыл жасады. Хал Олардан әбден мезі болды. Тақсыр, бағынған екен, оларды жоюға болмайды. Кайта оларды сарыөзеннің солтүстігіне қайтарып ата қоныстарына орналастырған абзал. Ғұндар адам бейнелі жыртқыш жандар, жаратылыс тегі бізбен бір емес. Олар күшейсе каракшылық жасап, әлсіресе сүркиялықпен тізе бүтеді. Олар шапағатты білмейді. Бұл - олардың сүтпен біткен қасиеті. Кезінде бүлар кесірлі апатқа айналғанда Чин-хан әулеттері де егей ерлерді аттандырып олардан Сарыөзеннің оңтүстігін тартып алып, аймақ, аудандар құрған. Тақсыр, оларды ішкі Өлкемізге қалай ғана қоныстандыруға болар. Оның үстіне бүгін бізге бағынғандарының саны жүз мыңға жетіп отыр.

Енді аз жылдаақ жүз есе өседі. Байтағымызға таяқ тастам жерден қоныс берсек, өзекті өртер дерт те, болашақтағы алапат апат та солар болар. Оларды Сарыөзеннің оңтүстігіне қоныстандыруға болмайды" деген дат айтты. Уын Янбо: "Көктің үлы баршаға көк пен жердей аялы болуы, бағынған жұрттарды бағып қағуы керек. Қазір Түрік (қағанаты) талқандалды, оның ел-жұрты бізге бағынды. Тақсыр, оларды есіркемей сыртқа тепсеңіз - жер-көктің жосынына қайшы, Торт рейдің бізге бағыну ниетіне бөгет болмақ. Пақырыңыз қаншама білімсіз дегенмен бұлай істеуге болмайды деп есептейді. Сарыөзеннің оңтүстігіне қоныстандыру оларды өлімнен өмірге бастау, қырғыннан аман алып қалу деген сөз. Олар біздің бүл ізгілігімізді жадында сақтап, мәңгі-бақи опасыздық жасамайды" деді. Уй Жың: “Жин әулеті тұсында Уй патшалығынан қалған Ғу ауылдары жақын аймақтарда қоныстанды. Уәулетін жаныштаған соң Го Чин мен Жяң Тұң (Жин) Уди патшаға оларды қорғанның сыртына қуып тастайық деп кеңес берген екен. Ол (Го) чиндердің сөзін қабыл алмапты. Біраз жылдан соң олар Чон, Ло алаптарын ойрандап кетті. Бұрынғы әулеттердің аударылуын мысалға алсақ Иын хандығының ғибыраты да жетерлік. Тақсыр, оларды сөзсіз Янбоның ұсынысы бойынша Сарыөзеннің оңтүстігіне қоныстандырсақ, онда жауды аяған жаралының кебін киеміз” деді. Янбо: әулиелердің жолы - сараман. Арғы заманғы әулие затты патшалар адам баласын алаламай Торбиенің құдіретіне мықтап сенген деп естиміз.

Міне, Түріктің аш-арықтары бізге ыбын жанын аманат етіп отыр. Біз оларды Тымыздың астына алайық, ел ішіне ластырып әмірімізге көндірейік, әдепке тәрбиелейік. Жылдар өте келе олар егіншіге айналады. Олардың ағамандарынан тандап коптеуілдердің қатарына алсақ, біздің айбатымызды танып, шапағатымызды жадында сақтайтын болады. Бұдан бізге қандай қауіп келмек? Хән Гуаңу патша күнгей тәңірқұтты ішкі аймақтарға орналастырып, Хән әулетінің қалқаны ретінде пайдаланды. Ол өмір бойы опасыздық жасаған жоқ" деді тағы да. Янбо аса шешен еді. Ол көп уәж айтқандықтан, Тойзүң оның пікірін қабыл алды. Шофаң жерінде Южоудан Лиңжоуға дейін Шүнжоу, Южоу, Хуажоу, Чаңжоу сияқты төрт түтықтық қурды және Ілігтің жерін алты дуанға бөлді де, сол жағынан Диң яң түтықтығын, оң жағынан Юнжүң түтықтығын құрып, оның бодұндарын басқарды. Олардың ағамандарына түгел санғүн, нөкер сардар деген шен берілді, сарай төңірегіне тартып жүзге тарта адамға бесінші дәрежеден жоғары лауазым берілді. Осылайша олардан мыңдаған отбасы Чаң-анға көшіп келді. Кезшуат бүлігінен соң, Тойзүң олардан сезіктене бастады. Түріктерді Кіндік қағанатқа отырғызу аса тиімсіз деп датнама ұсынғандар да көбейді. Сөйтіп (патшам) оларды Сарыөзеннің солтүстігіне көшірді, оң қол Мыршап тай сангүн, Хуажоу тұтығы, Мағрипаткер арда хан Сыманы Ілбіс Низек Сіліг би қаған деген лауазыммен таққа отырғызды әрі оған Ли деген әулет есімін берді. Ол елін бастап барып Сарыөзеннің солтүстігіне ордасын тікті. Сыма – Ілігпен аталас. Шібір, Шоралар оның Түрікке емес, Ғуға тартқанынан күдіктеніп, оны Ашна әулетінен емес деп есептеді. Сондықтан Шора, Іліг заманында ол үнемі Қапыт тегін болды да, қол бастайтын шад бола алмады.

Уды жылдарының (618-626 жылдар) бастапқы мезгілінде ол сарайға тарту таралғымен көп мәрте зияраттады. Гаузу оған мүләйім арда хан деген лауазым берген болатын. Елі дүрбелеңге үшырап көп ұлыс Кіндік қағанатқа берілген тұста, тек Сыма ғана Ілігпен бірге болды, ақыры онымен бірге тұтқындалды.

Адалдығына дон риза болған Тәйзүң оған оң қол Мыршап тай санғүн, Хуажоу тұтығы деген шен беріп Сарыөзеннің оңтүстігін жайлаған Ілігтің ескі ұлыстарын билетті, кейін Мағрипаткер арда хан деген лауазым берді. Ақбелдеудің солтүстігіне көшерде Сірендадан жасқанған Сымалар қорғаннан үзап! шыға алмады. Тойзүң шаруашылық уәзірі Го Сыбыннан Cipeндaғa мөрлі хат жолдады. Ол хатта: "Түрік Ілік қаған жойылмас бұрын күшіне арқаланып Кіндік қағанатты бүлапталады, сансыз бұқараны өлтірді. Мен ләшкер тартып оны тас-талқан еттім. Оның үлыстары түгел бізге қарады. Мен олардың бүрынғы қылмыстарын кешіріп, соңғы ізгіліктерін марапаттадым әрі оларға шенлауазым беріп, өз ұлықтарыммен тең санадым. Барлық ұлысты өз баламдай аялап, Өз бүқарамнан кем санамадым. Алайда Кіндік қағанаттың салтында өзгелердің мемлекетін жою жоқ. Бұрын Ілiг халыққа зобалаң салғаны себепті, Түрікті талқандадым. Ләшкер тартып, оны жоюым оның жер суы gмен адамына қызыққаным емес. Іліс жойылғаннан бері үнемі қаған көтеру ісін ойланумен болдым. Олардың тізе бүккен ұлыстарын Сарыөзеннің оңтүстігіне жайғастырып малдарын баққызып қойдым. Қазір олардың түтін саны молайып, қой, жылқысы мыңғырып өсіп келеді. Бастапқыда оларға атақ беруге көнген едім. Сол уәдем - уәде.

Түріктерді Сарыөзеннен өткізіп, өз жеріне қайтармақшымын. Мен Ендаға атақ берген едім. Қазір Түрікке де атақ беріп отырмын. Лауазымды соңынан алғаның Кіші, алдымен алғаның аға болыңдар. Сен шөлдің теріскейін, Түрік шөлдің күнгейін жайласын. Әркім өз шекараларыңды бекемдеп, улыстарыңды орнықтырыңдар. Егерде шекара бүзып бір-біріңді шапсаңдар, мен ләшкер тартып Қылмыстарыңды тектеймін. Бүл бітім шарт сендердің өз бастарыңа ғана тиімді емес, оны үрім-бұтақтарыңа өсиет етіп қалдырсаңдар ұзақ уақыттар бойы байбақытты ғұмыр кешесіңдер” деп жазылды. Жөрелгі бөлім санаты Жаужүн ханы Ли Шяугүң бұйрық бойынша хатты алып Сыманың ұлысына барды. Ол Сарыөзеннің жағасына мінбер орнатыптасаттық берді, (Сымаға) дабыл мен байрақ тапсырды. Түріктер мен Ғулардың дуандарға қоныстанғандары бүйрық бойынша Сарыөзеннен солтүстікке өтіп, байырғы ұлыстарына қайтты. Және оған көмекші ретінде сол қол түрғауыл санғүн Ашна Тұнды сол білге хан, сол қол қаһарлы тоқсауыл санғүн Ашна Низекті оң білге хан етіп көтерді. Сір-ендалықтар Тәйзүңның Сыманы Сарыөзеннің солтүстігіне аттандырғанын естіген соң, оның ұлыстары шөлдің теріскейіне қайта оралады деп ойлады. Осылайша олар жеңіл атты әскерін тоттап, оларға шабуыл жасауға сақадай сай түрды. Той зүң оларға: "бір-біріңе бет алды соқтықсаңдар мемлекет заңы бойынша жазаланасыңдар" деп жарлық шығарды Ендалықтар: “Мәртебелі ағызам бізге бірбіріңе шабуыл жасамаңдар деп жарлық шығарды. Жарлықты қабылдамауға батылымыз бармайды. Алайда Түріктер екiбеткей, сенімсіз халық. Олар күйремей түрған кезінде кіндік қағанаттықтардан әр жылы сан түмен адамды қырды. Мәртебелі ағызам Түрікті жойғасын, оның халқын құлға айналдырып бұқараларына бөліп беруге тиіс еді. Алайда оларды өз перзенттеріндей бағыпқақты. Мұның соңы Кезшуат бүлігіне әкеліп соқты. Олардың сенімсіз, тағылығын осыдан көруге болады. Пақырыңыз шапағатыңызға тәнті. Мәртебелі ағызамнан оларды құртуды өтінемін" деді.

(Жалғасы бар...)

Пайдаланған әдебиет: «Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» 2-том