Түріктер туралы Қытай деректемелерінде 3-бөлім
12.01.2022 1687

Тарих үшін ең қадірлі дүние – ол архивтер мен көне жазбалар. Көршілеріміз өздерінің айналасындағы халықтарды тану, зерттеу мақсатында көптеген жазбалар қалдырды, соның ең көлемді, көнелерінің бірі Қытай жазбалары. Бүгінгі ұсынып отырған деректер Батыс түрік қағанаты туралы қытай жазбалары болмақ.


Батыс түріктер туралы деректер

Батыс түрік Мұқан қағанның ұлы Төременнен басталады. Ышбарамен араздасуына байланысты екіге айырылған елдің бір бөлігі біртіндеп күшейді. Шығыста Түкенге, батыста Алтынтау, Күсән, Телек, Үбірге дейінгі және жалпы Батыс өңірдегі Ғулар соған карады. Төремен Шорағаға түтқын болғаннан кейін, елі оның орнына Янсұқ тегіннің үлын таққа отырғызып, оны Ніл қаған деп атады. Ол өлгеннен кейін орнына оның баласы Тарман Нікіт Шора қаған деген лауазыммен таққа отырды. Мұның шешесі Шяң бике Кіндік қағанаттың қызы еді. Тарман дүниеге келгенде Ніл қайтыс болды да Шяң бике қайнысы Божет тегінге тұрмысқа шықты. (Уынди заманы) кәйхуаңның соңғы жылдарында Божет Шяң бикемен бірге сарайға қол тапсыра келді де Тарду бұлғағына байланысты астанада бөгеліп, Мәмілелік идарасында тұрып қалды.

Шора қаған түрақты қоныс етпесе де, бұрынғы Үйсін жерінде үзағырақ мекендеді. Ол екі кіші қаған тағайындап елін бөліп басқартты. Оның бірі Шаш елінің солтүстігінде тұрып, барлық ғу мемлекеттерін басқарды. Ал оның енді бірі Күсәннің теріскейінде Йыңса деген жерде түрды. Мемлекет ісін басқаруға елтебер, яғұнда дейтін ұлықтар жауаптандырылды. Қалғаны Шығыс түрік мемлекетінікімен бірдей болды. Олар әр 8 мамырда бүкіл ел-жұртымен тәңірге тасаттық беретін. Жыл сайын жоғары лауазымды ұлықтары кезінде ата-бабалары мекен тұтқан үңгірге барып әруақтарға құрбандық шалып қайтатын еді. (Януди заманы) да-йeның алғашқы жылдарында Шора қаған ел билеуде дәрменсіздік жасап, үлысының бір қауымы мұнан бет бүрды. Телектермен арадағы талай жолғы қақтығыстарда олардан жеңіліп қалды. Осы кезде сарай жанауылы Пей Жүй Дахатада Батыс өңірден келгендермен әңгімелесіп, Шора қағанның елінің бөлініп жатқанын, оның үстіне қағанның анасын сағынып жүргенін естіді де мүны түгел патшаға мәлімдеді. Яңди патша сарай жарлауылы Цүй Жүнсуды Шора қағанға сәлемін жеткізіп жарлықнаманы тапсыруға жіберді. Шора қаған жарлықнаманы қабылдарда орнынан түрғысы келмей кермалданды. (Цүй) Жүнсу Шора қағанға: "Түрік әуелде бір мемлекет еді. Қазір бір-бірімен жауласқан екі мемлекетке айналды. Әр жылы соғысып, араларыңыздағы жанжал он жылға созылса да бір бірлеріңізді жоя алмадыңыздар. Мүнан Кымын мен Шора үлыстарының шамашарқының деңгейлес екенін айқын аңғаруға болады. Қазір Қымын өз ұлысын бастап миллионға жуық жасағымен Көктің үлына бодан болды. Сонан бері адал қызмет атқарып келеді. Осының бәрі не үшін? Ол билік тізгінінің жеке өзінің қолына тимегеніне кінәлі деп қаған сізге кектенулі. Сондықтан Хэн әскерінен көмек аламын ба деген үмітпен Көктің үлына беріліп қызмет етуге мойынсал болды. Ол қазір екі ірі елдің күшін біріктіріп, қаған сізге жорық жасауды тіленіп отыр. Сарайдағы ұлық атаулы (патшадан) рұқсатыңызды беріңіз деп талап етуде. Көктің ұлы көптің тілегіне қайшы келе қоймайды. Зор қосынның жорық жасар күні тым алыс емес. Қаған сіздің анаңыз Шяң бике Кіндік қағанаттың қызы болғандықтан астанаға қайтып барған. Қазір сарай жанындағы қонақүйде тұрып жатыр. Ол кісі Көктің ұлының жарлығын естіп, қағанатыңыздың жойылуынан қорықты. Ертелі-кеш қайғырып, сарай қақпасының алдына барып көз жасын көлдетті. Көктің үлы ол кісіні аяп, райынан қайтты. Шаң бике аяғына жығылып Көктің ұлынан қаған сізге берілуге жағдай жасап елші жіберуді, рақым етіп Қымынмен бірдей құрмет көрсетуін сұрады. Көктің үлы ол кісінің тілегін қабыл алып, осында елші етіп мені жіберді. Егер өзіңізді бодан атап, жарлықнаманы тағзым етіп қабылдасаңыз, мемлекетіңіз мәңгі тыныштықта болады. Анаңыз қалған жасын рақатта өткізеді. Егер басқаша болса, онда анаңыз Шяң бике Көктің үлын алдаған болып есептелінеді де жазаға тартылады. Басы кесіліп, ордаңызға әкелінеді. Ұлы сүй патшалығының әскері солтүстік әрмене жасағымен әруақтанып, екі бүйірден келіп соққыласа, қағанның қаза сағатын мөлшерлеу қиын емес. Екі мәрте тағзым жасаудан аянамын деп аяулы анаңызды өлімге байлап берудің, боданбыз деген бір ауыз сөзді айтпаймын деп ғұн қағанатының кебін киюдің не қажеті бар?" деді. Бұл сөздерді естіген Шора орнынан ұшып тұрды. Сонан көзіне жас алып, екі мәрте тағзым жасап, тізесін бүгіп патша жарлығын қабылдады. (Цүй) Жүнсу Шорака тағы былай деді: “Қымын берілген кезде марқұм патшам оны марапаттап, аса жомарттыкпен сыйлады. Сондықтан оның әскері күшейіп мемлекеті байыды. Қазір қаған сіз берілу жағында онан кейін қалып отырсыз. Енді патша алдындағы қадіріңізді онан асырамын десеңіз, сіз қалайда Көктің үлының көңілін табатын бір істі тындырып, адалДығыңызды айғақтап шығуыңыз лағзым. Жол алыстығы себепті өзіңіздің сарайға қол тапсыра баруға мүмкіндігіңіз болмай отыр.

Сондықтан бодандық қүлқыңызды әйгілеу түрғысынан бір еңбек сіңіргеніңіз жөн шығар". "Сонда қалай?” деді Шора. (Цүй) Жүнсу былай деді: "Тұйғұндар Қымынның кіші ұлы Бағадүр шадқа нағашы келуші еді. Қазір Көктің ұлы Мейірлі ханшаны Қымынға қосты. Көктің ұлының қаһарынан именген Қымын Түйғұндармен байланысын үзді. Сондықтан Түйғұндар жәндіктерге жауығып тарту және көпшір беруді доғарды. Егер, қаған, сіз соларды жазалауға аттанайын десеңіз Көктің ұлының рұқсат етуінде күмән жоқ. Егер xәндіктер ішкергі жақтан, қаған, сіз сырт тараптан соққы берсеңіздер оларды қалайда тас-талқан етесіздер. Осыдан кейін сарайға қол тапсырып барамын десеңіз жолыңызда бөгет болмайды. Сонымен бірге карт анаңызбен де дидарласа аласыз. Мүның өзі табылған ақыл емес пе?". Шора бұған қатты қуанды.

Осылайша тарту-таралғымен сарайға елшілерін жіберді. Патшам батыс аймақтарды көзімен көрмек болды. 6 жылы (610) патшамен Дартубо аңғарында кезігетіндігі туралы жарлықты алып, Шораны шақырып келуге жандама төреші Уй Же жіберілді. Бірақ ордадағылар қабылдамаған соң, Шора елшінің алдында кешірім сұрап, басқа сылтаумен патшамен кездесуден бас тартты. Бұған патша қатты ашуланды. Бірақ оған істер амалы жоқ еді. Осы кезде ұлыс бегі Шағыр патшалықтың қызын айттыруға жаушы жіберді. Пей Жүй осы іс жөніндегі датнамасында: “Шора өз елінің күшіне сеніп, жарлығыңызға құлақ аспады. Пақырыңыз оларды амалмен әлсіретуді тілек етеді. Мемлекетін бөлшектей алсақ, сонда оларды оңай бағындырар едік.

Шағыр - Түріктің баласы, Тардудың немересі. Оның арғы аталары түгел қаған болған. Ол батысқа таяу үлыстарды басқарушы еді. Естуімше, қазір ол сол қызметінен айырылып Шораға тәуелді болған көрінеді. Осы себептен де одақ жәрдеміне зәру болып бізге елшісін жіберіп отыр. Соның үшін оның елшісін ерекше құрметпен қабылдап, Шағырды тай қаған деп бекіткеніңіз ақыл болар еді. Сонда Түріктердің күші екіге бөлінеді де әр екеуі бізге бағынады" деді.

Оған патша: "Бұл айтқандарың көкейге қонады" деді. Осыған орай ол Пей Жүйды ертелі-кеш қонақүйге жіберіп, емеурінін елшіге түспалдай аңғартты. Сонан патша елшіні Рынфындян сарайында қабылдап, оған Шораның бағын бай жүргенін ескерте отырып, Шағырдың 13гі көңілі үшін оны тай қаған етіп тағайындайтындығын айтты әрі Шораға жазалау жорығын жасауды бұйыратындығын, қыз беру ісі сосын шешілетіндігін айтты. Соңынан патша Шағырға берген сыйым деп ақ қанатты бамбук жебені алды да, елшіге: "Бұл іс осы ұшқыр жебедей неғүрлым шапшаң бітетін болсын” деді. Елшінің қайтарда Шораның жерімен жүруіне тура келді. Жебеге қызығып оны алып қалғысы келген Шорадан елші айласын асырып қүтылды. Шағыр бүл хабарға төтенше қуанды. Сонан Шораға әскерімен барып түтқиыл шабуылдады. Ойсырай жеңілген Шора бала-шағаларына да қарай алмай, маңындағы нөкерлерін ғана алып, бірнеше мың әскермен шығысқа қарай қашты. Бірақ жолда талауға түсіп, Котеңге қашы барды да Жоламан тауына бекiндi. Котен ханы Чүй Боя мұны патшаға мәлімдеді. Патша Пей Жүйға қажетті нөкерлерімен Шяң бикені алып, Юймынгуандағы Жин - чаң қаласына шүғыл аттануға бұйырды. Пей Жуй Шян бикенің атынан оған адам жіберіп, сарайдың кешірімділік ниетін жеткізіп ақыл-насихат айқызды. Осыдан кейін ол сарайға келді. Бірақ мұнда көбіне көңілсіз жүрді.

7 жылдың (611) қысында Шора Линшо сарайында патшаның қабылдауында болды. Оған қонақасы берілді. Шора тағзым етіп, алғысын былай білдірді: “Батыстағы иеліктерді билеймін деп сізге ертерек амандаса алмадым. Өте кеш зиярат еткеніме өзімді үлкен айыпты санаймын. Қазір бойымды қорқыныш жеңіп, көңілімдегі сөзімді де айта алмай тұрмын”. Бүған патша: “Бұрынғы кезде Түріктер өзара қырқысып бейбіт өмір кеше алмады. Қазір төрт төңірегімізге тыныштық орнап, бір үйлі жандай берекелесіп отырмыз. Мен олардың табиғатына сәйкес бәрін сақтап, бағып-қағуды қалаймын. Мысалы аспанда күн жалғыз нұрын төгеді. Cofan бәрі тыныштықта. Егер күн екеу, не үші болса, күллі тіршілік қалай тыныш таппақ?

Шораның бұрын жұмыс басты болып Дида ласуға келе алмағанын білемін. Бүгін о да Шораны қасымнан көріп шын көңілден қуанып отырмын. Шора да көңілсіздіктен арылып осындай жадырап отырсын" деді. Келесі жылы жаңа жыл байланысымен патшаны құттықтап тост көтерген Шора: “Аспан астындағы, жер үстіндегі күнмен, аймен нұрланған мына әлемде әулие затты қаған деп бір ғана сізді айтуға болады. Бүгінгі Мына ұлы күнде әулие затты қаған сіздің Мың-мың жасап, мәңгі бүгінгідей саламат тұруыңызды тілеймін” деді. Патша оның қол астындағылардан түмен шақты кәрі-құртаң адамды алып қалып, інісі Тарду Күлдің басшылығында Хүйниң аймағында мал өсіруге бұйырды. Шора Корейге қарсы жорыққа патшамен бірге аттанды, оған Қарсана қаған деген атақ және мол сыйлық берілді. 10 жылдың (614) басқы айында оған Опагер ханшаны қосып, Мың қамқа тон, он мың топ түрлі жібек кездеме сыйлады. Патша оған бұрынғы иелігін алып бергісі келіп еді.

Бірақ оған Ляудүң соғысы кедергі жасады. Сонан патша жержерді өз көзімен көргенде оның қасында болды. Жяндудағы бүліншілік кезінде (Юйуын) Хуажиға ілесіп, Сарыөзеннің солтүстігіне барды. Хуажи жеңілуге айналғанда, ол астанаға қайта қашып келді. Кейін Теріскей түріктердің қолынан қаза тапты. (Қазақстан тарихы туралы қытай деректері. 4-том. Чжоушу. 119-127- беттер)

Таңнама 194- баян түрік(1)

«Турiктiң Қымыннан ілгергі тарихы Сvйнамада" толық баяндалғаны үшін біз тек әулетімізбен қатысты түстарын ғана баяндадық. Шібір қаған Түркіт – Қымын қағанның улы. Ол Сүй әулетінің да-йе жылдары (605618) таққа отырды. Алмағайып заманда оған кіндік қағанаттықтардан көп адам келіп паналады. Оның елі құдіреттенді, шығыста Қытан, Шығай, батыста Тұйғұн, Котең елдері түгелімен оған қарады. Оқшылары миллионнан асты. Теріскей тиек Әлмисақтан мұндай күшейіп көрмеп еді. Барқынтаудан Қиырға көз тіккен ол хуашялықтарды қомсынды. Каған ежелгі тәңірқұтпен тең. Оның әйелі қатун деп аталды. Бұл да ежелгі атшеге тура келеді. (Кағанның) ұлдары мен інілері тегін, өзге үлыстардың әскер басылары шад деп аталды. Олардың ең ірі ұлығы – құтлы чор, Одан кейінгісі – аба, одан кейінгісі – елтебер, одан кейінгісі – түдын, одан кейінгісі – іркін. Олар бүл шенге мүрагерлікпен ие болды, алайда үлық санына шек қойылмады. Әкесі, ағасы өлсе үлдары не інісі орнына отырды. (Таң) Гаузу Тойюанда көтеріліс жасағанда тай санғүн шатырының сыпасы Лю Уынжинды Шібірден көмек сұрауға жіберді.

Шібір өз тегіні Қаңшаулылардан тартуға мың Жылқы айдатқан екен. Олар Жаңжүн аймағында кезікті. Ол астананы тыныштандыру үшін көмекке тағы да екі мың атты әскерін жіберді. Гаузу таққа отырған соң, оған ілгерінді кейінді есепсіз мол тарту тартты. Сонан Шібір еңбегін бұлдап әспенси бастады. Оның Чаң-анға келген әр ЖОЛҒЫ елшілері де ерепайсыз обыр болды. Гаузу Түнязының толық бағына қоймағанын ескеріп оларға үнемі айрықша сый көрсетіп, кең пейілділік танытты. (Таң Гаузу заманы) удының 1-жылы (618 жыл) Шібір Құтлық тегінді сарайға қол тапсыруға жіберді. Оған арнап Тәйжидян сарайында қонақасы беріліп, Тоғыз тараулы күй ойналды, қамқа, гүлді кездеме, жібек және торғынның әр түрінен таралғы тартылды. 2 жылы (619) ақпанда Шібір әскерімен Сарыөзеннен өтiп ат басын яжоуға тіреді.

Қарақшы атаманы Ляң әду әскерімен келіп оған қосылды. Тонау мақсатында Ма-Идағы қарақшы атаманы Лю Ужоуға бес жүзге тарта атты әскерін беріп Жүйжуға (б.) шабуыл жасатты әрі күшін топтап Тойюанға шабуыл жасамақ болды. Сол айда Шібір қайтыс болды. Оның үлы Ыспар би таққа мұрагерлік етуге өте жас болды да, Небүк шад деген атақ беріліп шығыс жаққа - Южоудың теріскейіне жіберілді. (Шібірдің) інісі Сіліг бек шад Шора қаған деген лауазыммен таққа отырды. Шора қаған таққа отырған соң, ол да Сүй әулетінің Мейірлі ханшасына некеленді, (Шібірдің) қазасын елші арқылы сарайға хабарлады. Гаузу оған аза тұтып, сарай зияратын үш күнге тоқтатты, ұлықтарға (Мәмілелік) сарайдағы елшілікке көңіл айту жөнінде жарлық шығарды әрі ішкі баған жанайдары Жың Дытиңды Шораға көңіл айтуға жіберіп, бата оқырға отыз мың топ торғын жөнелтті. Шора осыдан соң сарайға тарту-таралғымен көп мәрте елші жіберді. Кезінде Сүй Яндидың патшайымы Шяу мен Чи ханы (Яң) Жянның үлы (Яң) Жыңдау Доу Жяндыға паналаған еді. 3 жылы (620) ақпанда Шора Жыңдауды ордасында қабылдап, оны Сүй ханы етіп көтерді. Сүйдың соңғы жылдары Лулардың ордасына паналаған кіндік қағанаттықтар түгел Жыңдауға қарады. Ол Сүй әулетінің жылнамасын жүргізді, сансалалы лауазымдар тағайындап ДиҢШң қаласында тұрды, қарауында он мың адамы болды. Бұл тұста (Таң) Тәйзүң әлі де бектік дәрежесінде болатын. Ол жарлық бойынша Лю Ужоуды жазалау үшін әскерімен Тәйюанға келіп бірталай күн дамылдады. Шора інісі Бөрі шадты шахналық қосынмен кезігуге екі мың әскермен аттандырды. Маусымда Шора Биңжоуға келді. Төбенай Ли Жүңуын оны қарсы ала шығып, бәйек болып күтті. Олар үш күн дамылдады. Каладағы сұлулардың көбін тартып әкетті. (Ли) Жұңуын оларды тия алмады. Көп ұзамай Шора қайтыс болды. Мейірлі ханша сиықсыз әрі әлжуаз ұлы Үкек шадты емес, Шораның інісі Төбетті Ілік қаған деген лауазыммен таққа отырғызды.

Ілік қаған – Қымын қағанның үшінші ұлы. Бағадүр шал болып тұрған кезінде оның ордасы Уюанның солтүстігінде болатын. Гаузу Чаң-Әнды алғанда, Шө Жүй Лүңюда тұрды. Ол сардары Зүң Лохоуды Пиляң аймағын басып алуға аттандырып, солтүстіктегі Ілігпен жалғасты. Бұдан кауіптенген Гаузу санаткер уәзір Юйуын Шины алтын, торқалармен Ілігті паралауға жүмсады.

(Ойуын) Шин оған Шө Жүймен ат кекілін кес деп бұйырды. Кезінде Сүй патшалығының Уюандағы бас уәлиі Жан Чансүн аласапыран түсында ел-жұртымен Уюан қаласын Түрiкке караткан еді. (Юйуын) Шин Ілігті (Жаң) Чаңсүнды сарайға қол тапсыртуға, Уюан өңірін бізге қайтаруға насихаттады. Іліг мүны мақұлдады. Сөйтіп Түрік қолы мен Чаңсүнның ел-жұрты Тойзүңның бекінісіне келді. (Таң Гаузу заманы) удының 3 жылы (620) Іліг те Мейірлі ханшамен некеленді, Шібірдің үлы Ыспар биді Төле қаған етіп көтерді, сарайға елші салып Шораның қазасын хабарлады. Гаузу оған аза түтып сарай зияратын бір күнге тоқтатты, ұлықтарға (Мәмілелік) сарайдағы елшілікке көңіл айту жөнінде жарлық шығарды.

Ілік таққа отыра әкесі мен ағасынан кaлғaн ырғын дәулетке және мығым әскери күшке мұрагерлік етті де, кіндік қағанатты келемеж етпек болды. Гаузу Түнязының енді ғана тынышталғандығын ескеріп, сыртқа қатысты іске асықпады. Олардың әр жолғы орайсыз астамдығына көніп, қисапсыз тарту тартты. Ілігтің сөзі іріленіп, талабы шектен тыс артты. 4-жылы (621 жылы) сәуірде Ілік он неше мың атты әскерін өзі бастап келіп Ма-идағы қарақшы Юан Жүнжаңның алты мың әскерімен тізе қоса Янмынға шабуыл жасады, Диңшяң ханы Ли Да-ын олардың бетін қайтарды. Ілкіде Хәняң сұлтаны (Ли) Гүй, жөрелгі уәзір Жың Юаншоу, сол қол аду тоқсауыл тай санғүн Жаңсүн Шүндылар Түрікке елші болып барғанда Ілігі оларды ұстап қалған еді. Соған орай олардың елшілерінің бірнеше тобын біз де жібермей ұстап қалған едік.

(Ли) Да-ыннан жеңілген соң, ол сескеніп (Жаңсүн) Шундыны босатып елге қайтарды, қайталай бітімге келу үшін сарайға ондаған жың шылым желім жіберді. Мұнысы екі ел арасы осы желімдей болсын дегені еді. Бұған қатты қуанған Гаузу оның елшілері Ныған тегін, Ашнатектерді алтын, торғынторқа беріп еліне шығарып салды.

5 жылы (622) жазға салым Ли Да-ын "Түріктер ашаршылыққа ұшырады, Ма-иды тартып алуға болады" деп датнама ұсынды. Да-ын мен Ду Гуцың өз әскерлерімен Юан Жүнжаңға қарсы аттанып, ақпанда Ма-ида кезігуі жөнінде жарлық шықты. (Ду Гу) шың кесiктi мерзімде жетіп үлгермегесін, Да жалғыз шабуыл жасай алмады да, Жа қалада бөгеліп оларды күтті. Ілік сол орай бірер түмен атты жасақ аттандырып, Ло Хитаның қолымен тізе қоса Да-Ынға шабуылдады. Шахналық қосын жеңіліс тапты, Да-ын майданда қаза болды, мындаған әскер өлді. Маусымда Лю Хита тағы да Түріктің он мыңнан астам атты сарбазын бастап келіп Хыбейды шапты. Ілігтің өзі елу мың атты жасақпен оңтүстікке жорық жасап, Фынжоуға дейін келді. Тағы мыңдаған атты жасағын батыстан Лиң Жоy, Юанжоу дуандарына қаптатты. Мұрагер патшазада (Ли) Йыңге Южоу бүлығынан, Тәйзүңға Фужоу бүлығынан жазалау жорығын жасау жөнінде жарлық шықты. Бұл кезде Ілігі Биңжоуды алып, әскерлерін Фынжоу, Лужоу дуандарына аттандырған болатын. Ер-әйелі аралас бес мыңнан астам адамды тұтқынға алған ол Тәйзүңның қосынының Фужоуға келгенін естіп жасағын бастап Қорғаннан ШЫҒып кетті.

7 ЖЫЛЫ (624) тамызда Іліг, Төле қағандар шабуыл жасау үшін бүкіл ел болып атқа конды. Олар Юанжоудан шеп құра оңтүстікке ілгеріледі. Тойзүң жарлық бойынша солтүстікке жазалау жорығын жасады. Чи ханы Юан Жи оған қосылды. Гуанжун өңірінде толассыз жауған ақ жауыннан астық тасымалы үзіліп қалды. Тәйзүң бек қамыкт бұл жағдайдан алаңдаған сардарлар қосынды Южоуға бөгеді. Іліг, Төлелер он неше мың атты сарбазымен қамалдың батыс іргесіне таман келіп, биікке шеп құрды.

Сардарларымыз мен сарбаздарымыз қатты састы. Тойзүң жүз атты әскермен Лулардың шебіне барып: “Қағанатымыз қағанға берген серттен айнымаған еді. Неліктен уәделеріңе опа Қылмай менің жеріме ішкерілеп кіресіңдер? Мен Чин ханымын. Әдейі жекпе-жекке шықты. Қаған, егер өзің майданға түсер болсаң, мен сенімен жекпе-жек белдесемін. Егер қалың қолыңды қаптатар болсаң, мен осы жүз әскеріммен қарсы майдандасамын" деді. Бұл әрекеттің байыбына бара алмаған Ілік айтарға жауап таппай күле берді. Әскерін ертіп алға ілгерілеген Тәйзүң Төлеге: “Сен Өткенде тарыққанда өзара қол ұшын береміз деп одақтасқан едің. Ал бүгін әскеріңді бастап келіпсің. Уәдеңе неге опа қылмайсың, тез майданға түс. Жеңіс-жеңілісті жеке-жеке айырайық" деді.

Төленің де аузын буды. Тойзүң алға ұмтылып Уйшүй өзенінен өтпек болды. Іліг Tәйзүңның жеңіл қолмен жургенінен және "Уәдеңе неге опа қылмайсың" деген сөзінен Төле жөнінде көңіліне күдік орнай қалды да, елші салып: "Хан өзеннен өтпесін. Біз арам ниеттен аулақпыз. Тек ханмен арамызды жалғау үшін келдік" деді. Сөйтіп дереу шегінді, әскерлері де кері қайтты. Тәйзүң Төлеге тыңшыларын жіберіп араға іріткі салды. Төле бұған масайрап бағыну райын білдірді, соғысқа тәбеті тартпай қалды. Коке мен немере іні іштей күрең қабақ болғасын, Ілік соғысайын десе де бата алмады. Осылайша Төле мен Қапыт тегін Ашна Сыманы елші етіп жіберіп бітім жасауды өтінді. Бүған мақұлдық берілді. Төле осыдан кейін Тәйзүңға үміт артып, онымен анда болды. (Ашна) Сыма тұңғыш мәрте дидарласуға келгенде, Гаузу оны өз төріне қарай бастауды бұйырды. Ол басын иіп тағзым жасап, бойын тартты. Гаузу оған: “Ілігі шынайы көңілмен тегiндi қол тапсыруға жіберіп отыр. Бүгін тегінмен дидарласканыма Ілігті көргендей болып отырмын" деді. Осылайша оны еркіне қоймай өз төріне әкеліп отырғызды. Сымаға мүләйім хан деген лауазым берілді.

8 жылы (625 жылы) шілдеде Ілік жүз мыңдаған әскермен шожоуды тігерге тұяқ қоймай тонап кетті, сондай-ақ Тойюандағы санғүн Жаң Жинге тұтқиыл шабуыл жасады. Бүкіл әскерінен айырылған (Жаң) Жин Ли Жинге паналады.

(Жалғасы бар)

Пайдаланған әдебиет: «Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» 2-том