Мағжан Жұмабаев туралы 15 дерек
19.07.2018 16446
Биыл туғанына 125 жыл толған ұлы ақын Мағжан Жұмабаев өміріне қатысты ел біле бермейтін қызықты деректерді ұсынамыз

1. Мағжан туралы академик Әлкей Марғұлан: «Қазақ халқы үшін Мағжан Жұмабаевтың маңыздылығы ағылшындар үшін - Шекспирдің, орыстар үшін – Пушкиннің маңыздылығынан кем емес» деп баға берген.

2. 1910 жылы Қызылжар (Петропавловск) қаласының медресесінде арап, фарси, түрік тілдерін меңгерген соң, Мағжан өзінің оқуын жалғастырған. Болашақ ақын өзінің ауылдас досы Бекмұхаммед Серкебаевпен (Қазақстан жазушылар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, әнші Ермек Серкебаевтың әкесі) Уфа қаласына жолға шығып,  жоғарғы рухани оқу орнына («Ғалия» медресесі) оқуға түскен.

3. 1910-1911 жылдары аралығында Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алып жатқан уақытында, Мағжанның мұғалімдерінің бірі заманауи татар советтік әдебиетінің бастаушысы Галимджан Ибрагимов болған. Кейін мұғаліміне «султангалиевщина» деген айып тағып тұтқынға алды.

4. 1913-1916 жылдары Омбы қаласында оқытушылар дайындайтын семинарияда заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Сәкен Сейфуллинмен бірге білім алып, семинарияны алтын жүлдемен бітірген.

5. Омбы қаласындағы оқытушылар дайындайтын семинарияны бітірген соң, 1917 жылы көктемде Қызылжар қаласына оралды. Көп кешікпей Мағжан сойлы, бай отбасынан шыққан Зейнеп атты қызбен танысып, албырт Мағжан Зейнептің үйіне айттырушыларды жіберген. Қалыңдықтың шешесі Қадиша тарихшы, этнограф Шоқан Уәлихановтың туған қарындасы болатын.

6. Зейнеп 1919 жылы ақпанның 10-ншы түні баладан дүние салды. Туған сәбиге Мағжанның өзі Граждан (мүмкін азамат соғысы уақытында туылғаны себеп болғандықтан) есімін берген. Алайда нәресте 9 айдан кейін өкпенің талаурауынан шетінеді. Қатты толғанысты бастан кешіріп, Мағжан «Сәбидің құлпытасында» атты өлең жазған.

7. 1919 жылы 4 сәуірде «барлық адасқан элементтерге» рақымшылық жарияланып, «Алаш Орданың» үкіметі қызметі тоқтатылды. Отбасылық тұрмыс кезеңінде Мағжан Омбыда педагогикалық курстарды ашқан. Сол жерде математика пәнінің оқытушысы болып Гүлсім Қамалова қызмет істеген. Режиссер Қалила Умаровтың «Мағжан» фильмінде Мағжан мен Гүлсім махаббатының тірі куәгерлері бар екенін айтқан, ол – немере сіңлісі Жамал Тастемірова-Бердіходжина. Жамал жиі Мағжан мен Гүлсім арасында қысқа хаттарды апарушы болған. «– Мен Жамалмен танысқанымда, ол кісінің жасы ұлғайған кезі болатын. Бір рет ол арнайы Чеховпен Блокқа ұқсатып байсалды көріну үшін пенсне сатып алған. Бірақ кәдімгі әйнекпен пенсне ол уақытта болмағандықтан диоптриймен сатып алған. Далада Гүлсім келе жатқанын көріп, пенснені тағып алып соған бара жатса байқамай ағашқа маңдайын соғып алған. Масқара болды!» Қалила Умаровтың нұсқасы бойынша Гүлсім сібірлік фабрикант Габдулла Акчуриннің әйелі болған.

8. Мағжанның әкесі Бекен, атақты әдебиетші Сабит Мұқанов айтқандай, баласының Гүлсіммен байланысына қарсы болған. Сөйтіп ол баласына Қызылжардың әйгілі тұрғаншысы Д. Қуанышевтың қызы Жамиләні Мағжанға айттырған. Көп қалыңмалын төлеп, тойдан бір күн бұрын барлық салт-дәстүрлерін орындаған. Тағайындалған күні Бекеннің туысқандары Мағжан мен Жамиләні Сартомарға той болатын жерге апару үшін  Қызылжарға келсе, Мағжан жоқ. Оны 3 күн, 3 түн іздеген екен. Құдалардан ұялып, ақынның туысқандары өз үйлеріне қайтқан. Сондықтан өлкеде құрмет тұтылған Бекеннің баласына деген өкпесін түсінуге болады. Кейіннен Мағжан басқа қызды – Зулейханы ұнатып қалғыны белгілі болған.

9. Мағжанмен Зулейханың арасындағы сезім бар екенін білмеген Міржақып Дулатов Зулейхаға алдын-ала өзінің суретін жіберіп, құдаласатын ойы болған екен. Алайда Зулейха қабыл алмай, Міржақыпқа суретін қайтарып жіберді.

10. Жалпы Мағжан туралы және де оның Қызылжар қаласындағы өмірі мен қызметі туралы толы биографиялық мәліметтерді анықтау аясында белгілі орынды облыстық архив құжаттары алады. Атап айтқанда, мұрағатшылар 1922 жылы көктем мен жаз айларында Мағжан ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсету Ақмола Төтенше комиссиясында төрағаның орынбасары ретінде жұмыс істеу фактін анықтаған. Ақын сол уақыттың бірінші дәрежелі мәселеден – жергілікті қазақ халқыны ашаршылықтан құтқарудан бойын аулақ ұстай алмады.

11. 1927-1929 жылдары арасында педтехникумның студенті болған Өмірбай Ибраевтың өзінің мұғалімі туралы «Мағжан әрдайын мектепте жинақы киініп келетін. Жазда қалпақ киіп, қыста бөрік киетін. Қолында әдемі жіңішке таяқ ұстайтын, өзі өте тартымды сұлу жігіт еді» деп сипаттайды.  

12. 1929 жылы Мағжанды айыптау актісі қолдан жасалған. Басында оны Бутыркаға жіберген, кейін Карелиядағы Майкоп қаласында тұтқындаған. Мағжан қамын ойлаған адам – екінші әйелі Зулейха Жалтырова. Оның Мағжанға жүрегі тулаған махаббаты, аянбастығы С. Бакеновтың «Адалдық» кітабында суреттелінген. Бұл батыл әйел Мағжанның хатын алып Максим Горькийге өтінішпен барған. Тұтқындық мерзімін 10 жылдан 7 жылға дейін кемітуге көптеген үлес қосқан Екатерина Пешкова – Горькийдің әйелі болатын.

13. Қамауда 5 жыл өткізген Мағжанға Зулейха 1930-1935 жылдары арасында 14 рет жолығуға келген.

14. Мағжан соңғы рет үйден шығып бара жатқанда әйеліне «Менің ешқандай күнәм жоқ – мен оралуым керек. Оралмасам – біл, бөлтірік қасқырды жеп қойған» деген сөздерді айтқан.

15. Осы күнге дейін ресми мәліметтерде Мағжан 1938 жылы репрессияға ұшырап атып өлгені ғана анық айтылған. Бірақ даңқты батыр Бауыржан Момышұлы орманда жолыққан адам Мағжан екенін білсе, Атырау облысының 92 жасар тұрғыны Абдулла Абдрахманов оның жалған екенін айтады. Ол кісінің айтуы бойынша Мағжан Жұмабаев 1951 жылы Колыма лагерінде бірге айыбын өтеген кезде ауыр науқастан қайтыс болыпты.

 

Аян ӘДЕН