Елбасы Кітапханасында Ашық есік күндері өтті
13.07.2015 2228
Шілденің 1-10 аралығында Елбасы Кітапханасында Астана Күніне арналған бірқатар қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық және мәдени шаралар ұйымдастырылды

Елбасы Кітапханасында Ашық есік күндері өтіп, 3 000 аса адам келді. Шаралар елорда тұрғындары мен қонақтарына Президент Н.Ә. Назарбаевтың жасампаз идеяларымен тереңірек таныстыру, Мемлекет басшысының орталығы ретінде Кітапхананың қызметін паш ету мақсатымен ұйымдастырылды. 

1 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» («Вехи жизни») атты сұхбат кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға саясат және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақын-жазушылар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. 3 шілде күні «Біздің Президент» кітабы жарық көрді. Шараға жазушы, жастар ұйымдарының басшылары, мектеп оқушылары қатысты. Деректі повесть Елбасының қарапайым ауыл баласынан мемлекет басшысы және әлемдік деңгейдегі саясаткер дәрежесіне дейінгі қиындыққа толы әрі таңғажайып жарқын өмір жолы жөнінде баяндайды. 

Басылым мектептердің орта және жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға және ұстаздарға, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заманғы тарихына қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналады. Сол күні «Кемел Ел» жастарды тәрбиелеу Орталығының мүшелері белгілі журналист, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры Әуесбайдың Қанатымен кездесті. Әдебиеттің өркениет дамуында алатын орны туралы мәліметтер «Әбеди сағаты» барысында берілді. Оған қатысқан беларусь этномәдени орталығының мүшелері, № 64 мектептің оқушылары өз өнерін көрсетті, өлең оқыды.

 

4 шілде күні баспасөз мақалаларынан тұратын «Елбасы жолы — Путь Лидера» көрмесі ашылды. Онда Н.Ә. Назарбаев туралы 1958-1991 жылдар аралығында жарияланған баспасөз мақалалары қойылған. Экспозиция Елбасының кеншіден бастап, қоғамдық, партия қайраткері, саяси көшбасшы, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентке дейінгі өмір жолын қамтитын 70 мақаладан тұрады. Көрменің ашылуына белгілі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов қатысты. Көрменің ашылуынан кейін ЖОО студенттері мен мектеп оқушыларынан құрылған Елбасы Кітапханасының «Кемел Ел» жастарды тәрбиелеу Орталығының мүшелерімен кездесті. Құрметті қонақ өзінің қызметі барысында Елбасымен қарым-қатынасы туралы айтып берді, жаңа Астанананың құрылу тарихымен бөлісті, сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар, 4 шілдеде Елбасы Кітапханасында патриоттық әндер концерті ұйымдастырылды. Кітапхана қонақтары үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрі мен әншілері бірнеше сағат ұлттық, патриоттық, және авторлық әуендер орындады, әндер айтты.  

5 шілде күні Елбасының Жеке мұрағатындағы құжаттардан тұратын, еліміздің жаңа елордасы Астананың тарихы Ақмола қаласына көшірілуінен бастап құрылыс кезеңдеріне дейін қамтитын «Тарих толқынындағы Астана» мұрағаттық көрмесі жұмыс істей бастады. 

7 шілде күні «Идеялар әлемді өзгертеді» Интерактивті білім беру орталығының жаңартылған контенті келушілер назарына ұсынылды. Мультимедиялық білім беру орталығы заманға сай ақпараттық технологиялар арқылы дайындалған. Онда Елбасының жасампаз идеялары мен тұжырымды ойлары, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен табыстары туралы толымды мағлұмат алуға бар жағдай жасалған. «Әлемді өзгертетін идеялар» Интерактивті білім беру орталығының негізгі мақсаты — білім беру бағдарламаларын өткізу, Қазақстан тарихы туралы дәріс беру, Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасының қызметі мен мемлекет дамуына байланысты мағлұматтармен таныстыру. Мәлімет беру тәсілдері әртүрлі: мұрағаттық құжаттар, инфографика, фотолар мен бейнефильмдер. 


8 шілде күні «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының мүшелері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының кітапханасы қызметшілері және этномәдени бірлестік басшыларының қатысуымен «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға 100 нақты қадам» атты семинар өтті. 

Ашық есік күндері 10 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың салиқалы саясатына арналған деректі фильмдер көрсетілімімен аяқталды. Қазақстан Республикасының Телерадиокешені дайындаған жаңа деректі фильмдерді тамашалауға Астана қ. ЖОО студенттері, мектеп оқушылары және жастар ұйымдарының өкілдері шақырылды. Көрерменге «Код мира и согласия АНК», «С него начинается родина», «Жить созидая», «Астана — игілікке айналған арман», «Астана — воплощенная мечта» фильмдері ұсынылды.