Керей мен Жәнібек – қазақтың алғашқы хандары
13.03.2015 5477
«Тарихи Рашиди»: ХҮ ғасырдың 50-жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған.

М. Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегіндегі деректерге сүйенсек, ХҮ ғасырдың 50-жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған. Моғолдардың ханы Есенбұға (1432–1464) Шу өзенінің бойынан жер бөліп берген. Сонымен бірге, Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған "Көшпенді өзбектер мемлекеті» тұрғындарының бір бөлігінің Керей мен Жәнібектің қол астына өтуіне қарсы болмады. 

Бұлтуралы тарих беттерінде былай делінген:

Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілқайыр билікті қолына алғансоң, көшпелі халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шумен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасады. Осы тұста Әбілқайыр ханның кенеттен қайтыс болуына байланысты Моғолстанға қарсы әскери жорық тоқтатылды. Әбілқайырдың өлімінен кейін «Көшпенді өзбектер мемлекетінде» хан тағы үшін күрес басталды. Керей менЖәнібек қоластындағы тайпалар өзбек ұлысына қайта оралған соң тақ тартысының қарқыны үдей түсті. Соғыс басталды. Әбілқайыр ханның ұлы, хан тағының мұрагері Шейх-Хайдар қолбасшыларының бағынбауы салдарынан жеңіліске ұшырады. Шейх-Хайдар үзеңгілестерінің көпшілігінің көзі жойылды, тірі қалғандары жан-жаққа босып кетті. Осылайша, «Көшпенді өзбектер мемлекетіндегі» билік Әбілқайыр хан әулетінен Керей мен Жәнібектің қолына өтті. Олар тағыда отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.

Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі-де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға"Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақболып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарады. Билік үшін күрес қазақтарды ңөзара бірігіп Қазақ хандығының құрылуына мұрындық болды. 

Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегінде Жәнібек пен Керей хандар 1465 жылы Шуөзенінің бойында Қозыбасы деген жерде қазақ хандығының іргесін қалады деп көрсетеді.

Жәнібек хан - Жәнібек Әбусағит (туға нжылы мен өлген жылы белгісіз)- Қазақ хандығымен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. Керей хан- Болатұлы Керей хан (?-1473ж.)- қазақ хандығының негізін қалаушы, Көк Орданың ханы Өрістің (Орыстың) шөбересі.

 Гүлжанат ӘБДІМОМЫНОВА