Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында 8 сәуірде «Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның қазақ қоғамының бірігуіндегі рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.
Конференцияда этникалық саясат саласындағы қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының көкейкесті мәселелерін, жаһандану дәуірінде төзімділік мәдениетін қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін қарастыру жоспарлануда. Конференция келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
— Қазақстандағы этнодемографиялық процестердің тарихы.
— Қазақстан халқы Ассамблеясы — бірегей әлеуметтік институт ретінде.
—ҚХА-ның жұмысы үшін ғылыми-әдістемелік қолдау: кафедралардың қызметі, ҚХА-ның ғылыми-зерттеу орталықтары.
—Халықаралық қауымдастық пен Қазақстан халқы Ассамблеясы.
— Этникалық саясаттың әлемдік тәжірибесі. Мультикультурализм.
Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, шетелдік елшілер, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлері, ғылыми-зерттеу институттары және этномәдени орталықтар қатысады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция материалдарын жариялау үшін 2015 жылдың 31 наурызына дейін толтырылған тіркеу парағы мен Microsoft Оffice Word (2003, 2007, 2010) редакторында терілген А4 форматтағы 7 беттен аспайтын мақаланы жауапты хатшының көрсетілген электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс: kafedra_ank.enu@mail. ru. Әр файлда бір ғана жұмыс болуы және мақала авторының тегімен аталуы қажет. Ғылыми мақала конференция тақырыбымен сәйкес, өзекті, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы тиіс. Сонымен қатар, төменде көрсетілген орфография, тыныс белгілерінің ережелеріне және рәсімдеу талаптарына сай болуы қажет.
Баянадамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
• шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman /12 pt/; аралық — бір, үстіңгі жағы — 2,5 см, астыңғы жағы — 2,5 см, сол жағы — 3 см, оң жағы — 2 см; абзац шегінісі — 1 см;
• беттің үстіңгі жағында — кіші әріппен жазылған баяндаманың аты, оның астында бір аралықта, кіші әріппен автордың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, кіші әріппен жұмыс орны және қаласы, содан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек;
• формулалар Microsoft Equtioin формуласының редакторы үлгісінде орындалуға тиіс, суреттер (қара-ақ, бояусыз) сканерлеу JPEG, JPG формасында 300 dpi кем емес.
• қолданылған әдебиеттер тізімі мәтін соңында көрсетіледі және тізім ретімен сәйкес теріледі. Әдебиетке сілтеме тізімдегі жұмыстың нөміріне сай «төртбұрышты» жақшаға алынады. Сілтемелерді қолдану кезінде пайдаланған әдебиеттің парағын көрсету қажет. Мысалы: [1, 12 б.].
Толтыру үлгісі:
КӨПЭТНОСТЫ ҚОҒАМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛЬ
Жакупова А. А.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.
Мақала мәтіні..............................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Материалдар барлық талаптарға сәйкес мұқият редакцияланған түрінде ұсынылуы тиіс. Ұйымдастыру комитеті тіркеу ережелеріне сай емес материалдарды қабылдамауға құқылы.
ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
Тегі__________________________________________________________________
Аты__________________________________________________________________
Әкесінің аты___________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, атағы_________________________________________________
Ұйым, қызмет__________________________________________________________
Үй мекен-жайы_________________________________________________________
Телефон ______________________________________________________________
Е-mail_________________________________________________________________
Баяндаманың аты ______________________________________________________
Бағыты _______________________________________________________________
Байланыс телефондары: Астана қ., Мирзоян көш., 2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 241 каб., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, тел. 8 (7172) 709-500 (ішкі. 31- 213), жауапты хатшы — Жанатаева Әсемгүл Нұрсұлтанқызы.