2015 жылы 6 наурыз - 4 мамыр аралығында «Астана» ұлттық сурет галереясында «Қазақстанның көпұлтты палитрасы» атты бейнелеу өнерінің көрмесі өтеді.
Ассамблея тарихы — бұл Қазақстан тұрақтылығының тарихы және 20 жылдық бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың тарихы. Ауқымы кең, мерейлі белес ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында бас серіктес «Казкомерцбанк» АҚ-ның қолдауменен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» РММ-сі, Астана қаласының Суретшілер Одағымен бірлесе отырып, 2015 жылы 6 наурыз — 4 мамыр аралығында қазақстандық бейнелеу өнер көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Ерекшелігі — оған қазақ жерінде мекен еткен әртүрлі ұлттың және этникалық топтың туындылары қойылған. ХХ-ХХI ғасырларға жататын қазақ жерінде мекен ететін әртүрлі ұлттың және этникалық топтардың көрмеге қойылатын туындылары мәдениет пен өнер терең сезім шеберлігін көрсетіп, бейнелеу өнерінің дәстүрлі үрдісін байланыстырып, отандық көркем мектебінің дамуына үлес қосты.
Туындылардың арасында Николай Хлудов, Алексей Черкасский, Павел Зальцман сияқты атақты қылқалам шеберлерінің шығармалары бар. Жас суретшілердің де туындылары жетерлік. Әрқайсысын ұлттық сурет галлереясының әккі мамандары тыңғылықты тексеріп-таңдап алған.
Көрме идеясы — Қазақстан бейнелеу өнеріндегі көпұлтты қоғамның татулығы мен тұрақтылығын, ел бірлігін насихаттауға негізделген. Көрменің негізгі идеясына сүйене отырып, жылнамаға сай Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардан қазіргі заманға дейінгі, түрлі ұлт өкілдері суретшілерінің туындыларынан экспозиция құрылады.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі дата аясында «Астана» ұлттық сурет галереясы бірінші жарты жылдықта бірқатар ғылыми — мәдени шараларды жоспарлап отыр: дөңгелек үстел; семинар; Галереяның балғын студиялықтары дайындаған концерті.
«Астана» ұлттық сурет галереясы жоспарлаған бейнелеу өнер көрмесі 2015 жылы 25 ақпанда ашылады, соңы баспасөз конференциясына ұласады. Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік Төрағалары мен Төрайымдары, Суретшілер Одағының Төрағалары, танымал суретшілер, туынды авторлары қатысады.
Көрменің мәртебелі қонағы қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері, «Нұр Отан» партиясының белсенділері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар, республикалық БАҚ, қоғамдық және саяси тұлғалар, өнертанушылар шақырылып отыр.
Барлық қызықтыратын сұрақтарға (7172) 57-23-35 және 44-32-85 телефонына хабарласуға немесе astana. nag@gmail. com электронды поштасы арқылы жазылуға болады.