Оралхан Бөкей
17.08.2013 7039
Оралхан Бөкей

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.

Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен[1].

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.

Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалык «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды жіберді. өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді.

1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтас болды.

Шығармашылығы

1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалыкқ шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.

“Алданған ұрпақ” трилогиялық романы қолжазбалық ойлар күйінде аяқталмай қалған. “Құлыным менің” (1974), “Текетірес” (1976), “Қар қызы” (1982), “Зымырайды поездар” (1984), “Жау тылындағы бала” (1985), “Мен сізден қорқамын” ([[1987]]) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ, бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған.

Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкейдің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық көрген шығармалары - «След молний», молодая гвардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғыстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982 Оралхан Бөкейдің шығармаларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режисері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы оралхан Бөкейдің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында жарық көрді.

Марапаттары

1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты,

1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты,

1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды. [2][3] [4].

Шығармалары

Бөкеев О Қайдасың қасқа құлыным:Повестер, новеллалар, .-Алматы:Жазушы,1973.-200б

Бөкеев О. Мұзтау: Повесть, эссе, новеллалар.-Алматы:Жазушы,1975.-256б

Бөкеев О. Үркер ауып барады.: Повестер мен әңгімелер.-Алматы:Жалын,1981.-528б

Бөкеев О. Өз отыңды өшірме: роман .- Алматы: Жазушы, 1981.-384б.

Бөкеев О. Біздің жақта қыс ұзақ.-Алматы: Жалын, 1984.-432б

Бөкеев О. Құлыным менің: пьесалар.-Алматы:Өнер,1986.-368б

Бөкей О. Ұйқым келмейді:Повесть, әңгімелер.- Алматы:Жазушы,1990.-559б

Бөкей О. Өнерге өлердей-ақ ғашық едім: Очерктер, көсемсөздер, эсселер / Кұраст.А.Бөкеева.- Алматы: Санат, 1995.- 304б

Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар .- Алматы: Жазушы, 1994. Т.І:Повестер.-496бет, Т.2: Өз отыңды өшірме: Роман, Атаукере:Повесть.-1996.-496б

Бөкей О. Қайдасың қасқа құлыным:Повестер, әңгімелер, /Құраст: Р.Мәженқызы.- Астана: Елорда, 1999-328б

Бөкей О. Кербұғы: Әңгімелер мен повесть .- Алматы: Атамұра, 2003.- 204бет.- (Атамұра кітапханасы).

Бөкей О. Тоқалдан қалған тұяқ: Әңгімелер / О. Бөкей.- Астана: Таным, 2003.- 80б.

Бөкей О. Қар қызы : Хикаяттар / құраст.Р.Мәженқызы.- Алматы: Раритет, 2008.- 280б.- (Алтын қор кітапханасы).- (Қазақ прозасы қазынасынан).

Бөкей О. Өз отыңды өшірме: роман.- Алматы: Өнер, 2010.- 384б.-(Қазақтың 100 романы).

Бөкеев О. Атау- кере (Кауіпті будан) .Мұзтау (Соңғы ертек): хикаяттар.-Алматы: Ан Арыс, 2010.-320б

Бөкей О. Атау кере (эл.ресурстар): роман.-Алматы:Жазушы, 2005.- (Аудиокітап)

Бөкеев О. Қасқыр ұлыған түнде//Жас қазақ.-2011.-20 мамыр.-6б

Аудармалары[өңдеу]

Бокеев О. Крик:Повести /Авториз. пер. с каз.-М.:Сов.писатель, 1984.-334с

Бокеев О. Поезда идут мимо: Роман, повесть. Авториз. пер. с каз.-Алма-Ата:Жазушы, 1985.-400с

Бокеев О. Поющие барханы: Повести /Авториз. пер. с каз.-М.:Сов.писатель, 1981.-343с

Бокеев О. След молнии:Повести и рассказы /Авториз. пер. с каз.-М.:Мол.Гвардия, 1978.-320с

Бокеев О Снежная девушка (Нуржан): Повесть. Авториз. пер. с каз. А.Ким// Всадники: Сборник повестей казахских писателей -Алма-Ата:Жазушы, 1990-С.190-277

Бокеев О. Человек-Олень: Повести ти рассказы //Авториз. пер. с. каз.-М.:Известия,1990.-511с

Бөкей Оралханның шығармашылығы туралы мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар[өңдеу]

Алтайдың кербұғысы: Оралхан Бөкеевтің шығармашылығы//Түркістан.- 2003.-15 мамыр.

Ахметжан Т. Қазақ прозасының мұзтауы: Оралхан Бөкей //Қазақ әдебиеті.- 2003.-5 желтоқсан.

Ахметжан Т. Оралханды ойлағанда..:Оралхан Бөкей //Қазақ әдебиеті.- 2004.-21 қыркүйек.

Әшірова А. О. Бөкеевтің "Атау кере" повесіндегі табиғат және кейіпкер сыры //Тәрбие жұмысы.- 2004.-N3.-11-13б.

Бөкейқызы Ғ. Әлемдегі ең бауырмал, ең ақылды, ең тәкаппар адам менің ағам еді //Жұлдыздар отбасы.- 2011.- №17.-Б.32-35.

Дүйсен Қ. Оралханды ұстаз тұтқан қаламгер //Айқын.- 2009.- 28 қаңтар.-8б.

Егеубай А. Мұзбалақ: Оралхан Бөкей-60 //Жұлдыз.- 2003.-N12.-106-112б.

Елеубай О. Мұзтаудың Мұзбалағы: Оралхан Бөкейдің 60 жылдық мерейтойы //Егемен Қазақстан.- 2003.-11қазан.

Ерғалиева Ж. Оралхан Бөкей. «Тортай мінер ақ боз ат...» //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.- 2012.- №1.-Б.31-32.

Ерман Жүрсін. Оралхан Бөкей және опасыз жалған //Жас Қазақ.-2008.- 29ақпан.-6б.

Жапақов Н. Оралханға әжем де разы болған//Орал өңірі.- 2008.-16 қазан.-11б.

Жәкешбаева Р. Менің Оралханым //Дала мен қала.- 2008.- 4сәуір.-16б.

Жұмабай Н. Менің Оралханым//Қазақ әдебиеті.- 2011.- 30 қыркүйек.-Б.4.

Жұмабай Н. Сізді ойыма алғанда...//Түркістан.- 2010.- 20мамыр.-Б.11.

Жұматайқызы Л. Оралмайтын Оралхан...//Қазақ әдебиеті.- 2007.-5 қазан.-7б.

Кемелбаев А. Оралхан Бөкеев әңгіме жанрында //Абай.- 2002.- №4.-70-72б.

Кемелбаева А. Ардақ: Оралхан Бөкеев прозасындағы мифологиялық сарындар //Алтын Орда.- 2004.-30қаңтар.

Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы VІІ республикалық байқауын өткізудің тәртібі//Жас Алаш.- 2004.-19 тамыз.

Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ҮІІІ республикалық байқауын өткізудің тәртібі//Ана тілі.- 2005.-7 шілде.

Қаңтарбаев Ә. Өр Алтайдың ойында, Оралханның тойында: Оралхан Бөкей-60 //Қазақ әдебиеті.- 2003.-24қазан.

Құттымұратұлы Қ. Оралханның белгісіз махаббаты: Оралхан Бөкей күнделігі туралы //Жас Алаш.- 2003.-20 қыркүйек.

Мұртаза Ш. Оралхан Бөкей еске түскендегі елес пен ойлар//Жұлдыздар отбасы .- 2011.- №17.-Б.39.

Нұрсұлтанқызы Ж. Оралхан Бөкей шығармаларындағы бейвербалды омонимдер //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2007.-№11.-75-78б.

Омарова Д. Халықтық тіл мен әдеби тілдің байланысы //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.- 2009.- №12.-18-25 б.

Оңғарсынова Ф. Дүниеден ерте кеткен дарынды жазушы, қаламдас бауырым Оралхан Бөкеевтің рухына //Атамекен.- 2012.- 23 ақпан.-Б.6.

Оңғарсынова Ф. Түркілердің, Өр Алтай, төркіні едің //Егемен Қазақстан.- 2011.- 16 мамыр.- Б.5.

Сығай Ә. Ой түбіндегі Оралхан //Дала мен қала.- 2012.- 16 қаңтар.-Б.10-11.

Сыдықов Т. Мұзтаудың мұзбалағы: Оралхан Бөкеевтің шығармашылығы //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2004.-N5.- 86-94б.

Тоқсанбай Қ. Оралхан оқулары //Егемен Қазақстан.- 2010.- 1қазан.-Б.9.

Төлеуов С. Бұлт ұйықтаған ұжмақ жер: [Ор-ағаң мінген ақбоз ат...] / /Алтын Орда.- 2009.- 2-8шілде.-18-19 б.

Шарабасов С. О.Бөкеев әңгімелері құрылымын фольклорлық сарындар// Ізденіс..-2000.-№4-5.-22-26б [Гуманитарлық ғылымдар сериясы ]