Тарихшылар кинодағы бұрмалаушылыққа жол береді
17.08.2013 1901
Тарихшылар көркем туындыларда тарихты бұрмалаушылыққа жиі жол берілетінін растады. Десе де, тарихи шындық көркем түрде дәлелденбеді деп байбаламға салу негізсіз дейді.

Тарихшылар көркем туындыларда тарихты бұрмалаушылыққа жиі жол берілетінін растады. Десе де, тарихи шындық көркем түрде дәлелденбеді деп байбаламға салу негізсіз дейді.  

Қазақтың кино қоржынында шоқтығы биік туындылардың саны онсыз да некен-саяқ. Тарихи сәйкессіздіктер орын алды деп айналдырған  бес-алты  шығармадан айырылар жай жоқ – дейді. Тіпті кейде шындықтың бұрмалануы өте ұтымды қолданылады десті олар бүгінгі баспасөз конференциясында. Сұлтан Бейбарысты мысалға келтіреген ғалымдар туынды авторларының жұмысын сәтті деп құптады. Бейбарысты аста-төк байлықтан бас тартқызып, жаяулатып туған жерге қайтарулары патриоттық тәрбие беруде таптырмас айла дейді тарихшылар.  

Зиябек Қабылдинов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Еуразия» гуманитарлық  ғылыми зерттеулер орталығының директоры: 

Қазақстанда бір 5-6 мықты туынды, көркем фильмдер бар. Оларды жасаған тірі адамдар. Мысалы сценаристттер, драматургтер қалай көреді, режиссерлер қалай көреді. Олар, әрине,  жүз пайыз тарихты ескермейді. Өздерінің ойында барын қосып жібереді де, жеңіл-желпі жағдайға біз ренжіп, ол фильмдерді көрсетпесек, сонда нені көреміз? Ондай жағдайлар бола береді. Ондай фильмдер көп болса деп есептейміз.