Қазақстанда магистранттар мен докторанттарды даярлау эксперименталды оқу бағдарламасы іске қосылды
12.09.2014 1165
Осы бірегей білім беру жобасының аналогы республикада жоқ.

2014 жылы 8 қыркүйекте 8 сентября «Ғылым ордасын» РМК —да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындау Орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Магистранттар мен докторанттардың даярлауы алғаш рет эксперименталды оқу бағдарламалары бойынша өтіп отырады. Жаңа білім беру орталағы мамандарды барлық бағыттар бойынша, сонымен қатар Қазақстан тарихы мен археология бойынша дайындайды.

Еліміздің жетекші ғалымдары, ҒЗИ жетекшілері, жоғары оқу орындарының ректорлары, беделді қоғам қайраткерлері, ғылыми ұйымдардың өкілдері, докторанттар мен магистранттар аталмашы іс-шараға қатысты.

Жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау Орталығының бірінші студенттерін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов құттықтады. «Құрметті зиялы қауым! Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Бүгін жас магистранттар мен доктаранттар ғылым мен білімнің қара шаңырағы Ғылым ордасының табалдырығын аттауда. Бұл мәні мен мазмұны терең бірегей жобаны іс жүзіне асыруда Ғылым ордасының, ғылыми-зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көп жұмыс атқарды. 2050 жылы әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған 30 елінің қатарына енуіміз керек десек, мақсатты межеге жету ғылымды әрі қарай жетілдіретін жас ғалымдарсыз мүмкін емес. Сондықтан біз бүгін осы бағдарламаны іске қосуды қолға алдық. Бұл жаңа және ғылымды дамытуға үлес қосатын инновациялық жоба», — деп, атап өтті А. Сәрінжіпов.

Келесі кезекте сөз алған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов: «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ ғылымының флагманы екені баршаңызға аян. Ол Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де, үлкен беделге ие. Мұнда магистранттар мен доктаранттар саны басқа оқу орындарымен салыстырғанда екі есе көп. Бізде жылдар бойы қалыптасқан ғылыми базамыз бен жоғары дәрежелі ғалымдарымыз бар. Сондықтан осы ғылым мен білімнің бірігуінен жоғары нәтиже күтуге құқылымыз »- деді.

Бұдан әрі өз кезегінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, БҒМ ҒК Математика және математикалық модельдеу институтының директоры Тынысбек Кәлменов, БҒМ ҒК Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов, БҒМ ҒК Филосифия, саясаттану және дінтану институтының директоры Зарема Шаукеновалар жас ғалымдарды құттықтап, ақ жол тіледі. Олар өз ретінде, елдің қазіргі дамуы кезеңіндегі ғылыми саланың маңызды және өзекті міндеттерінің бірі ғылыми кадрлардың әлеуетін нығайту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатындығын. 

Бұл үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының жаңа буындағы ғылыми кадрларды дайындауда, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізудегі шынайы өзара ықпалдасуын қамтамасыз ететін ғылым мен білімнің жан-жақты интеграциясы қажет екендігін тілге тиек етті.

Т. Исағожаев