Қарағанды облысында Карлагта болған испан тұтқындарының есімдері мәңгі есте қалдырылады
10.09.2014 1084
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Испания Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мануэль Ларротча Параданы қабылдады, деп хабарлады өңір басшының баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Испания Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мануэль Ларротча Параданы қабылдады, деп хабарлады өңір басшының баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында Спасск мемориалдық кешені аумағында Испанияның ескерткіш таңбасын орнату туралы мәселе талқыланды. Деректер бойынша, Карлаг арқылы өз уақытында 150 испан-әскери тұтқын өтті, олардың ішінде 11-і қаза тапты», — деп айтылады хабарламада.

Қазіргі уақытта ескерткіш таңба үшін арнайы орын бөлінген және оны орнату жұмысы басталды, деп хабарлады Н. Әбдібеков.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері де сұрақтары талқыланды. «2014 жылғы қаңтар-шілде айларындағы облыстың ішкі сауда айналымы 4,3 млрд. доллардан асты, сонымен қатар Испаниямен жасалатын ішкі сауда айналымы барлығы 8,2 млрд. долларды құрады. Осының барлығы өзара тиімді іскерлік серіктестіктің болашақта дамуы үшін әлі деқолданбаған мүмкіндіктердің бар екенін көрсетіп отыр», — деп атап өтті өңір басшысы.
Облыс әкімі испан бизнесмендерін экономиканың әр түрлі салалары бойынша ынтымақтастық жасауға шақырды.

Спасск мемориалдық кешені әскер тұтқындар жерленген орында жасалған. Спасск ауылында 1930-1950-ші жылдары НКВД — КСРО ІІМ бөлімі орналасқан, сонымен қатар әскери тұтқындар мен тұтқынға алынған шетел азаматтарына арналған лагерь болған. Мұрағат деректер бойынша Спасск зиратында 5000-нан астам әскери тұтқын, 50-ден астам ұлт өкілі жерленген.

Қазіргі уақытта Спасск мемориалдық кешенде әр түрлі мемлекеттер саяси репрессия құрбандарына арналған 30-дай ескерткіш таңбалар орнатты. 2004 жылы қарағандылық биліктің бастамасы бойынша Қазақстан жерінде жерленген саяси репрессия құрбандарына ескерткіш орнатылды.

Дереккөз: Казинформ