«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешеніне 13 жыл
04.09.2014 3587
2014 жылы 8 қыркүйекте «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені өзінің 13 жылдық мерейтойын атап өтеді.

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2001 жылдың 8 қыркүйегінде ашылған болатын. 

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің басты мақсаты — еліміздің мәдени құндылықтарын, тарихи-мәдени және рухани байлықтарын сақтау.
Мерейтой аясында кешенде «Қазағымның алтын ұясы — Атамекен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Аталмыш жиынға Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Ғалымқызы Балаева, Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, Қазақстан Ұлттық Комитеті Халықаралық Мұражайлар Одағы ИКОМ Қазақстанның президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева, профессор жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әкім Тарази, жазушы-драмматург Роза Мұқанова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Галина Александровна Баймуханова және Нұртай Сабильянов, сондай-ақ басқа да мәдениет және өнер қайраткерлері, қала қонақтары мен тұрғындары қатысады. 

Сонымен қатар, мерекелік іс-шара аясында «Қазақ үйі» этно-ауылдың тұсаукесер рәсіміне орай Астана қаласы Суретшілер Одағының қылқалам шеберлері ұсынатын халқымыздың тарихы мен шежіресін, ұлттық болмысы мен құндылықтарын көркем бейнелермен әспеттейтін «Қазағым — ұлы елім» тақырыбында көрменің ашылуымен жалғасын таппақ. 

Кеш соңына қарай әртүрлі байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етіледі және мерекелік концертке ұласады.