Мәдени серуен: Сәбит Мұқановтың мұражай-үйі
04.09.2014 3021
Қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері, академик Сәбит Мұқанов — халықтың сүйіктісі, жалпыхалықтық сый мен құрметке ие болған тұлға.

Сәбит Мұқанов туралы «қысқа бойлы, дембелше келген, шымыр, моңғол мұртына ақ кірген, қоңырқай күнқақтылығы бар адам. Ол таудың шағылысқан күнін де, дала кезген желді де, сібірдің сықырлаған аязын бастан өткерді, олармен дос болды. Ол жазушы-академикке емес, ауыл ақсақалына ұқсайды...», деп жазған болатын атақты қазақстандық жазушы Алексей Брагин. 

Қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері, академик Сәбит Мұқанов — халықтың сүйіктісі, жалпыхалықтық сый мен құрметке ие болған тұлға.


1976 жылы Қазақстан үкіметі С. Мұқановтың есімін мәңгі есте сақтау мақсатында 1965-1973 жылдар аралығында жазушы өмір сүрген үйде (Алматы қаласы, М. Төлебаев көшесі, 125-үй, екінші қабат, 6 бөлмелі пәтер) мұражай ашу туралы шешім қабылдады. 

Міне, ширек ғасырдай жазушының мұражайы келушілерді қонақжайлылықпен қарсы алып келеді.
Мұражай-пәтер әдеби және мемориалдық болып, екі тақырыптық бөлімге бөлінген. Мұражайдың әдеби бөлімі экспозициясында жазушының өмірі мен шығармашылық лабораториясы туралы әңгімелейтін көптеген жеке құжаттар, фотосуреттер, қолжазбалар орналасқан. 

С. Мұкановтың қаламы

С. Мұқановтың әріп басу машинкасы мен машинист болып қызмет еткен әйелдің фотосуреті.

Мұражайдың мемориалдық бөлімінде жұмыс кабинеті, қонақ бөлмесі, жатын бөлмесі орналасқан, олар толығымен бұрынғы қалпында сақталған. Әрбір заты: кітаптар, кәдесыйлар, сүйікті домбырасы, жеке заттары, жазу құралдары — ұлы жазушы мен оның рухын және өмір сүрген кездерді еске салады.

Жазушының жұмыс орны

Жазушының жұмыс үстелі

С. Мұқановтың кітапханасы

Мұқановтар отбасының жатын бөлмесі

Сәбит Мұқановтың жеке хьюмидоры (темекі сақтауға арналған кейс)

Ақынның сүйікті домбырасы

Сәбит Мұқанов 1900 жылы 26 сәуірде бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезінің Таузар болысында дүниеге келген. Жеті жасында әкесінен айырылады. Бір жыл өткеннен кейін анасы қайтыс болып, Сәбит жастайынан жетім қалады. «Жұрттың үйінде тұрудың не екенін енді ғана түсіндім». 1918 жылға дейін ол байлар мен ауыл кулактарында малайлықта болды. 8 жасынан ауыл молдасынан білім алды, зорға дегенде кітаптарды оқи бастады, ал жазуды тек 1918 жылы ғана үйренді. Он бес жасынан өлең шығара бастады. Халық ақындары оған үлкен әсер етті, ал бір күні баланың қолына 1909 жылы жарық көрген Абай өлеңдерінің шығармасы тиеді. Сол уақыттан бастап ол ақын болуды армандайды.

Ата-анасынан ерте айырылған бала туралы, оның қиын балалық шағы мен жастық шағы туралы әңгімелейтін Сәбит Мұқанов туып өскен үйдің макеті.

Мұражай экспозициясы 1920 жылдардан бастап қазақ әдебиетінің құрылуы мен дамуында белсене қатысқан жазушының 73 жылдық өмір тарихынан сыр шертеді.

Мұқановтың шығармалары қашанда елдің назарында. Өлең түрінде жазылған «Сұлушаш» (1928) романы, «Адасқандар» (1931), «Жұмбақ жалау» (1938), «Балуан Шолақ» (1942) және т. б. романдары.

С. Мұқановтың «Өмір мектебі» автобиографиялық трилогиясы үшін ерекше орын бөлінген. Онда ХХ ғасырдың барлық маңызды оқиғалары бейнеленген, олар: Қазан төңкерісі, 1921 жылғы аштық, ұжымдастыру кезеңі, 1931 жылғы аштық, сталиндік репрессия, Ұлы Отан Соғысы және т. б. 1967 жылы осы роман Абай Құнанбаев атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Мұқанов қызықты, оқиғаларға толы ғұмырды кешті, ол өзін тағдырын өз қолымен жасаған бақытты адам деп санады. Ғасырдың замандасы (1900 жылы туған), кедейдің баласы өз ғұмырында жалшылықтан бастап академик және республиканың Жоғарғы кеңесінің депутатына дейінгі жолдардан өтті.

Сәбит Мұқанов 1973 жылы 18 сәуірде Алматы қаласында қайтыс болды.