Мәдени серуен: Алматы қаласы тарихының музейі
01.09.2022 5014
Бүгін біз сіздерге Қазақстандағы ежелгі қалалардың бірінің тарихынан сыр шертер мұражайға баруды ұсынамыз.

Мыңдаған жылдар бойы Алматы қаласы Қазақстан тарихына әсер еткен оқиғалардың қақ ортасында болды. Дәл осы Алматы қаласы тарихының мұражай өткен тарихқа үңілуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мұражайда 35 мың экспонат жинақталған, бірақ орын көлемінің кішкентай болғандықтан экспозиция көрме қағидасына сай мезгіл-мезгіл залдағы заттар жаңартылып отырады. Қазіргі уақытта оларды қала тарихына қатысты шарттай екі дәуірге бөліп қарастыруға болады: қола дәуірінен ортағасырға дейін және Верный кезеңі.

Мұражайлық экспозицияны көп қабатты Бұтақты археологиялық қоныстары ашады. Осында мұражайдың ежелгі экспонаттары— қола дәуірінің қыш құмыралары да бар. Олар шамамен 3 мың жыл бұрын жасалған.

Мыстан жасалған сақ қазандары мұражай топтамасының мақтанышы болып табылады. Алматы облысы бойынша барлығы 60 қазан табылған. 

Экспозицияның осы бөлігіндегі ат әбзелдеріне назар аудармау мүмкін емес. Егер мұқият қарасаңыз, олар грифтердің айбынды бастарының түрінде жасалғанын анық байқауға болады. Осы заттарды көргенде көптеген тайпаларға қорқыныш әкелген сақ аттыларының бейнелері көз алдыңа елестейді. 

Сонымен қатар экпозициялар қатарында Алматы қаласының ежелгі тарихынан сыр шертер Шыңғысханның ұлы — Шағатайдың билік еткен кезеңіне тиесілі күміс тиындар да бар.

Қазақ мемлекетінің құрылуы, ұлт-азаттық соғыстар, ресейлік әскери бекіністердің орнында қалалардың пайда болуы және дамуы, Алматы 70 жыл бойы Кеңес Одағы құрамындағы Қазақ ССР астанасы болған уақытқа тән заттар, кеңес үкіметінің орнауының басы болған ХХ ғасырдың саяси оқиғалары сияқты маңызды тарихи оқиғаларды экспозицияның келесі бөлімдері айқындап береді. 

Жоңғар шапқыншылығы кезінде қорғаныс үшін қолданылған XVIII ғасырдағы мылтық 

Түрксіб құрылысына арналған экспозиция 

Верный кезеңінің үй аспабы

Мұражайға кіргенде бізді Верный атауымен қаланың қалыптасу кезеңінің басына жататын ауқатты үй бөлмесінің интерьері қарсы алады. Болжамды түрде барлық заттар қалаға ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары Ресейден қоныс аударушыларға жатады.

ХІХ ғасырдың соңына тән неміс күйсандығы

Бұл атақты кеңес топографы, суретші және альпинист Евгений Колокльниковтың ежелгі аспабы.

Жиһаздың басқа заттары арасында мықты, ойылған және берік ағаш үстел ерекше болып көрінеді. Ол Жетісу генерал-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің резиденциясында тұрған.


Сонымен қатар Верный қаласының архитекторы мен инженері Андрей Павлович Зенковқа арналған бұрышты көре алмау қиын емес.

Верныйда фото ісі жақсы жүрді. А. Лейбин отбасының атақты фотосалоны жұмыс істеді. Музейде қаладағы алғашқы фото салондағы фото аппараттардың бірі шығарып қойылған.

Бөлек шағын экспозиция Верныйдағы сауда орны мен көпестерге арналған.

Музейде суретшілер С. Калмыков, Н. Соловьев, М. Ержанов, М. Нұрлыбаев, А. Уткиннің жұмыстарымен ұсынылған бейнелеу өнерінің шығармалар топтамасы, қазақ этнографиясының бірегей жинақтары, сонымен қатар қазір Алматыны мекен еткен халық өкілдерінің этнографиясы, әр түрлі дәуір мен мәдениет, нумизматика, тұрмысындағы заттар топтамасы, фото және құжаттар ұсынылған.

Музейге барғанда ескі қала көз алдыңа келіп, серуендеп қайтқандай боласың. 

Серуенге дүйсенбі және жұма аралығында, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жасауға болады, мекен-жайы Алматы қаласы Достық көшесі 44.

Алена ДЕМЧЕНКО