Мәдени серуен: Д.А. Қонаевтың музей-үйі
22.07.2014 3720
Музейге кіре берісте бізді жылы жүзді, бар қазаққа түрі таныс кісінің суреттегі келісті келбеті қарсы алды. Ол аты аңызға айналған – Дінмұхамед Қонаев еді.

Өз заманының көрнекті саяси қайраткері болған, оның есімімен тұтас дәуір байланысты.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан зор үлес қосқан оның бастамасымен елімізде қаншама қалалар бой көтерді. Алматы қаласындағы көптеген архитектуралық жаңа ғимараттардың құрылысына бастамашы болды.

Музей-үй 2001 жылы қараша айында Д.А.Қонаевтың туылғанына 90 жыл толуына орай ашылған.

Д.А. Қонаевтың музей-үйіекі экспозициялық залдан тұрады. Бірінші залда балалық шағы мен студенттік кездері жайлы сыр шертер жәдігерлері мен еңбек жолының басталуындағы құжаттар орналасқан. 

Дінмұхамед Ахметұлы отбасындағы 11 баланың 4-шісі болған. Оның суреттерінің қасында туысқандарының суреттері де ілінген. 

Әкесі Ахмет Қонаев және анасы Зәуре Шымболатқызы 

Дінмұхамед Ахметұлы ағасы Асқар Меңліахметұлымен 

Студенттік жылдары

Д.А. Қонаев түрлі қару-жараққа қызығышылық танытып, демалыс уақытында аң аулағанды ұнатқан. Сондықтан да достары мен әріптестері, әр елдің басшылары оған қаруларды сыйға тартып отырған. Бірақ биліктен түскен соң оның көптеген қарулары тәркіленіп, олардың  көп бөлігі артындағы мұрагерлеріне әлі қайтарылған жоқ. 

Аңшылықта

1982 жылы 70 жасқа толуына орай Н.Ә.Назарбаевтың сыйлығы 

Қарудан бөлек ол оттыққа құмартқан. Жалпы саны 476 оттық жинаған. Оның осы құмарлығын білетін жақындары мен достары әлемнің әр түкпіріне барған сапарларында оттық әкеліп сыйлауға тырысқан. Бұл жерде АҚШ Президенті Джон Кеннеди мен Ирактың экс-көсемі Саддам Хуссейн сыйлаған оттықтар да бар.

Оттықтар коллекциясы

Екінші зал – саясаткер, ғалым, ірі мемлекет қайраткерінің жүріп өткен өмір жолы жайлы сыр шертеді.

Бөлме ортасында Индира Гандидің өзі сыйға тартқан жаңғақ ағашынан жасалған стол орналасқан.

Музей қызметкерлері мақтан тұтар келесі зат ол Қазақ жерінің табиғи байлығын паш етер минералдар жиынтығы. 

Д.А. Қонаев көзге түсердей көрікті, ұзын бойлы кісі болған. Бойы 1,98 см болса, 46 көлемдегі аяқ киім киген. 

Дінмұхамед Ахметұлының жеке басына деген қызығушылық пен зерттеулер әлі де жүргізіліп келеді. Соның бір парасы оның 100 жылдығына орай, 1969 жылдан 1993 жылға дейін отбасымен ғұмыр кешкен аумағы 200 шаршы метр пәтерде музей ашылуы. Бүгінгі күннің көзқарасымен қарасақ бұл деген үлкен залы мен дәлізі бар кәдімгі үш бөлмелі пәтер ғана. Леонид Брежнев Алматыға келген кезекті сапарында қонақ бөлмеден жатын бөлмеге бірден өтіп «Бар болғаны осы ғана ма?» деп таң қалған екен. Сол кезде осы әңгімеге куә болғандардың айтуынша үйдің қожайыны, балаларымыз жоқ болғандықтан осы үйдің өзі жетіп жатыр деп жауап берген екен.   

Қонақ бөлме

Жатын бөлме

Ас бөлме

Зал. Panasonic теледидары. Диванда Д.А.Қонаевтың әйелі Зухра тіккен жастықшалар

Қонаевтың әйелі Зухра Ялымова татар ұлтының қызы, сұлу әрі талғампаз кісі болған деседі. Ол оның бірінші әрі соңғы махаббаты болған деседі. Араларында бала болмағанымен олар тату-тәтті жұбайлық ғұмыр кешкен. 

Бұл пәтерде Дінмұхамед Ахметұлының өмір сүрген кезі сол қалпында сақталған. Бірақ музейден оның қаншалықты дарын иесі болғанын көруге болады. Жеке кабинетіндегі кітаптарының саны 5000-нан асып жығылады. Оның ішінде әлем, қазақ, орыс әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары бар. Өнер шығармаларының альбомдары оның өнер мен мәдениетті қалай бағалағанының айқын дәлелі.  

Жұмыс столы

Көптеген кәдесыйлар ол барған қалалар мен елдердің, ол кездесіп сөйлескен кісілердің көзіндей болып музейде сақтаулы тұр. Оған «Ғасыр адамы» деген атау берілген. 

Тастан қашалған кәдесый

Мұндай атақ пен абыройға көп адамның жете бермесі анық. Халық Дінмұхамед Ахметұлын есте сақтап, мәңгі есінде сақтары анық.

Бүкіл суреттер мұнда.

ДЕМЧЕНКО Алена

Орыс тілінен аударған Олжас БЕРКІНБАЕВ