Қазақстан астанасын көшіру туралы идеяның 20-жылдығына арналған деректі көрме
03.07.2014 3075
2 шілдеде ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында Ұлттық мұрағатпен бірлескен елорданы көшіру туралы идеяның 20-жылдығына, қала Күніне арналған «Болашақ бесігі» атты деректі көрменің ашылуы өтті.

20 жыл бұрын, 1994 жылы 6 шілдеде Н. А. Назарбаев ҚР Жоғарғы Кеңесі сессиясының толық мәжілісінде сөз сөйлей отырып, парламентарий сотына елорданы ауыстыру туралы идеясын жариялады.

Экспозицияның ғимаратта орналасқаны көрменің негізгі мәні болып табылады, ол тәуелсіз Қазақстанның астанасымен тікелей байланысты. Дәл осы ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайы ғимаратында, Астанадағы мемлекет Басшысының алғашқы резиденциясында 1997 жылы 10 желтоқсанда ҚР Парламен және Үкімет палатасының салтанатты бірлескен отырысында қала ресми түрде Қазақстан астанасы болып жарияланды.

Сол күні Резиденцияның (қазір мұражай) Күмбезді залында Президент келесі сөздерді айтты: «Бүгінннен бастап және еліміздің дәл ортасында халық тағдыры үшін маңызды шешімдер қабылданады. Осы жерде енді отанымыздың жүрегі соғылып тұр. Осы жерден Қазақстан үшінші мыңжылдықтың қарсаңында өзінің тарихи тағдырын анықтайды».
Осында, мұражайдың Алтын залында алғашқы рет қала құрылысының бас жоспары ашылды, қала болашағы қандай болу керек екені жайлы шешім қабылданды.
Сурет, сызба және нобай түріндегі қаланың көптеген ғимараттар, ескерткіштерін Президент ойлап тапқаны белгілі. Олардың негізінде салынған осы ғимараттардың бірегей сызбалар мен макеттері экспозицияда ұсынылады.
Көрмеге қатысушылар жиырма жылдың өмірі туралы айтатын, алғашқы рет үлкен көлемде ұсынылған мұрағат материалдарын көре алады.
Бүгін Астана гүлденіп жатқан Қазақстанның нышаны, ірі мәдени, экономикалық, рухани орталық болды. Бүкіл халықтың мейрамы болып қалыптасқан Қала күні осы жылы айрықша мәнге ие болды, сондықтан жас астанамыздың алғашқы қадамдарын білу қажет және Астана тарихы — болашақ бесігіне қайта үңілу қажет.

1997–1998 жылдары «Казахстанская правда» газеті жаңа елорда туралы жаңалықтарымен құлпырып тұрды

Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру туралы жарлық, 1996 жыл

Президент жазған жазулар

Н.Ә. Назарбаев сонымен қатар «Президенттік мәдениет орталығы», Бәйтерек пен «Отан қорғаушылар» монументі жобаларының авторы болып табылады.

ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайындағы көрме 2 тамызға дейін жалғасады.


Суреттерді түсірген Инна Кузьменко