Қазақ хандарының Парсы еліне жасаған сапарлары жайлы қолжазбалар Ираннан табылды
27.05.2014 3101
Қазақстан тарихшылар бұрын белгісіз болып келген құжаттар мен қазақ хандарының Парсы еліне жасаған сапарлары туралы құнды қолжазбаларды тапты.

Соңғы жылдары Қазақ хандығының тарихына қатысты құжаттарды жинау бойынша ғылыми экспедициялар жандандуда. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы бойынша Иран мен Үндістанның ғылыми қорларына ғылыми археологиялық экспедиция жасалынып жатыр.

Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Ғалия Қамбарбекова тарихи құжаттарды жинау бойынша ғылыми экспедициялардың біріне қатысып келді.

Ол Тегеран университеті жанындағы Орталық кітапханада жұмыс жасап және бұрын зерттелмеген және аз зерттеліп келген парсы тіліндегі манускриптерді тапты. Бұл қолжазбалар мұсылман әулетінің жалпы тарихы жайлы, Шығыстың белгілі билеушілерінің өмірбаяны мен XIII–XVII ғғ. жорықтарды, сонымен бірге XVI–XVII ғғ. иран шахиншахтарының сарай хаттамалары жайлы тарихи жайлы сыр шертеді.

Қолжазбаларда Орталық Азияның түрік тектес тайпалары туралы және Қасым, Тәуекел, Есім, Жәңгір (Салқам, Жәңгір), Тәуке және Жалантөс Бахадүр сияқты қазақ хандары туралы құнды мәліметтер бар.

«Силсилат ас-салатин» шығармасында Дешті Қыпшақ даласының орналасқан аумағы туралы деректер анықталды. Дерекнама бойынша Дешті Қыпшақ солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 фарсахқа жетіп, шығыстан батысқа қарай 1000 фарсахты қамтыған (бір фарсах 6 шақырымнан көп). Яғни Дешті Қыпшақ аумағы қазіргі Қазақстан аумағынан да үлкен болған.

 

«Тарих-и Сафавийа», «Тарих-и шах Исмаил» және «Тарих-и алам ара-ий шах Исмаил» қолжазбаларында Қасым хан ордасы туралы да мәліметтер бар. Қасым хан ордасы Иран шахының ордасынан қашықтықта орналасқан және оны алты ай ішінде өтіп шығуға болады делінген, сонымен қатар қазақтар мұсылман-сүниттер болған деп иран жылнамашылары жазып кеткен. Бұдан басқа бұл қолжазбаларда Қасым ханның сыртқы келбетін нақты сипатталған, ол қызылбастар еліне келгенде қабылан мен арыстандар суреті бейнеленген шах тағында отырған екен және оны ұлы бабасы Шыңғыс хан секілді киінген және оған өте ұқсас болған деп жазылған.

Сонымен қатар мұсылман дипломатиясы бойынша табылған қолжазбалар да құнды құжаттар болып табылады.

Қазақ сұлтандары мен хандары көршілес мемлекеттердің билеушілерімен дипломатиялық хат жазысқан белгілі, бірақ оны ғылыми экспедиция барысында жазба дерекнамалар негізінде ғана дәлелдеуге мүмкіндік туды. Қазақ хандарының дәлелденген дипломатиялық хат алмасуы осы экспедицияның маңызды жетістігінің бірі болып табылады, мысалы: Иран шахы ІІ Аббастың қазақ ханы 1660-1661 жылдары Тәуке ханға жауап хаты, сонымен қатар Қоқан билеушісі Әбдірахым бидің Тәуке ханға шамамен 1716-1717 жылдары жазған жауап хаттары осының дәлелі. Кездейсоқ табыс тарих ғылымы үшін өте құнды болып табылады. 

Жинақталып жатқан құнды тарихи мәліметтер «Қазақстан тарихындағы, әсіресе Қазақ хандығына қатысты, ақтаңдақтарды» қалпына келтіруге көмектесе алатынына үмітіміз мол.