Қазақстандық зергер Берік Әлібайдың көрмесі
15.05.2014 4311
«Мәдени серуен» айдары атақты қазақстандық зергердің бұйымдарын көру үшін Тәуелсіздік Сарайына аттанды.

Ұлттық мәдениет Берік Әлібай қолында зергерлік әшекейлер, қару және киім заттары күмістің аса нәзік шілтерге айналады. Оның есімі біздің елімізде ғана емес, шет елдерде де танымал. Өткен жылы зергерлік істердің әлемдік мәдени мұраның дамуына қосқан үлесі үшін зергерге Карл Фаберженің құрмет ордені берілді.  

«Өмір ағашы» суреті. Құнды тастар, жалатылған алтын

Берік Әлібайдың зергерлік бұйымдар көрмесі өте үлкен.  Бұйымдар сіздерді жүздеген жылға бұрын әкетеді, сол кезде қазақ қыздары тамаша шолпы, жүзік, білезік, алқа киген, ал ер адамдарды күмісті мықты тері белбелусіз және өткір алтын жалатылған қылышсыз көре алмау мүмкін емес еді.

Күміс – қазақ зергерлерлінің сүйікті материалы болған. Осы металл қазақтар үшін ерекше маңызды болған, себебі оның жалтыры мен түсі ай жарығына ұқсас болған.Күміске тұмар және тазарту функцияларын қосып жазған.

«Нағыз қазақ тасы – көгілдір ақық, маржан. Осындай сіз үкі тырнақтарының формасында жасалған бұйымдар мен элементтерді, осы құс жүнімен безендірілген бас киімдерді көріп тұрсыз,  – деп, әңгімеледі бізге галерея жетекшісі және көрмені ұйымдастырушы Жаубасова Тлеукеш. Ежелден бері қазақтар үкіні киелі құс ретінде құрметтеген. Осы сенім үкінің түнде ұйықтамауына байланысты шығар, яғни түнгі уақытта шығатын жын шайтандардан үкі адамдарды сақтайды деп сенген. 

Алқа, жүзік, білезік. Күміс, жалатылған алтын, көгілдір ақық, маржан

Берік Әлібайдың бұйымдары металл мен тастан жасалған құндылығын ғана көрсетпей, қазақ халқының ең жақсы дәстүрлерін іске асырады. Қазақ зергерлерінің еуропалық зергерлерінен басты айырмашылығы – иесінің байлығын көрсепеу, ал бұйымға мән және кейбір сиқыршылық ерекшелік беру. Осы жерде аса қызығушылықты әйел бұйымдары көрсетеді.

Олардың барлығы өмір салтымен, дәстүрімен байланысты болды және көркемдікке ұмтылуды, сырқат, апат және зұлымдықтан сақтай алатын табиғаттың ғажайып күштеріне сенуді бейнеледі. Осы бұйымдар бойынша олардың иесі туралы көбін айтуға болады: жасы, әлеуметтік жағдайы және балалардың болуы.

Шолпы, шекелік

Кеудеге тағар бұйымдар

Осындай формадағы кеудеге тағатын бұйымдар – тұмарша деп аталады

Көрмеде қалыңдықтың бас киімі – сәукелені көре аласыз, оны зергер өзінің қызы үшін жасаған. Бұл ең ежелгі және әдемі бас киім. Ол қолдан жасалынды. Ол үшін алтын, күміс, інжумен тігілген барқыт пайдаланылды, оны қымбат тонмен жұрындады. Сәукеле ұзын болса, яғни қыз дәстүрлерге құрметпен тәрбиеленді деп есептеленді. 

Берік Әлібай  – ата-бабасынан келе жатқан зергер. Оның әкесі оған халық зергерлік шеберге деген махаббатын дарытты. 

Берік Әлібай әкесінің құралы

Ол зергер ғана емес, сонымен бірге этнограф, коллекция жиюшы, жаңғыртушы. Көрменің көп бөлігі – бұл XVIII-XX ғғ. даталанған, жеке коллекциядан алынған тұрмыс заттары мен бұйымдары. 

Жез құман

Құнды тастармен безендірілген алтынды самауырлар

Күміспен өңделген ер-тоқым

Тақия – тұрмысқа шықпаған қыздың бас киімі

Батыр белбеуі

«Келе жатқан әйелдің шылдыры естіліп жатыр»  деп, осылай азиялық қыздың киімін суретшілердің бірі сипаттады. Қыздың үстіне киілген бұйымдардың салмағы үш килограмға дейін жеткен. Уақыт өткен сайын бұйымдар жеңіл және әсем болды.

Бүгінгі күні ұлттық стильдегі бұйымдарға деген қызығушылық өсе беруде. Берік Әлібайдың тамаша зергерлік бұйымдары – осыған дәлел болады. Бұрымдағы шолпылар әрени сирек, ал білезік, жүзік және алқалар қазақсандық әйелдер арасында өте танымал. Себебі ұлттық бұйымдардың сұлулығы мен күшін ешкім жойған жоқ.

Қазақстандық шебердің зергерлік бұйымдары көрмесі желтоқсанға дейін жалғасады. 

Людмила Выходченко

Фото: Алена Демченко