Астанада қаласында Қазақстан басшысы туралы жаңа деректі фильм таныстырылды
13.12.2013 1966
Назарбаев орталығының кино-концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына ойластырылған «Түркі әлемінің тегеурінді тұлғасы» атты деректі фильмінің таныстырылымы өтті.

Назарбаев орталығының кино-концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орайластырылған «Түркі әлемінің тегеурінді тұлғасы» атты деректі фильмінің таныстырылымы өтті. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлайды, Назарбаев орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Адамзат тарихында өзінің ерекше жасампаздығымен із қалдырған бірнеше ұлы тұлға бар. Сұрапыл соғыс ашып, қару-жарақтың көмегімен өркениет құруға тырысқандар емес, даналықтың, білімнің және көрегендігінің арқасында барша әлем мойындаған жандар. Халықаралық қоғамдастықпен осындай тұлғалардың бірі Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев деп танылды. 

«Түркі әлемінің тегеурінді тұлғасы» деректі фильмінде қазіргі заманғы көрнекті тұлғалар Қазақ басшысының түркітілдес халықтарды тұтастыру жолындағы ерен еңбегі туралы пікірлерін білдіріп, қызықты деректер берілген. Фильмді ҚР Президентінің телерадиокешені Түркия үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TİKA) бірлесіп жасаған. Түсірілімдер Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Түркия және Әзірбайжан мемлекеттерінде өтті. Идеяның авторы ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков.

«Бүгінде әрқайсымыз дербес мемлекетпіз. Бірақ біздің арамызда түркі халқын тұтастай біріктіргісі келетін тұлғалар бар. Осы деректі фильм барша түркі әлеміне танымал Елбасы туралы. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ түркі әлемінің ынтымақтастығына ерекше мән берді», деді «Назарбаев орталығы» ММ директорының міндетін уақытша атқарушы Махмұд Қасымбеков. 

Өз кезегінде, Түркия үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TİKA) вице-президенті Мехмет Сюрея ЕР фильмнің түркі тарихын нығайтуға және сақтауға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

«Біз ортақ тарих пен мәдениетті сақтауға бағытталған жобаларды жүзеге асырамыз, және әлеуметтік ынтымақтастыққа баса назар аударамыз. Осы жобаның арқасында түркі әлемін құрметті Нұрсұлтан Назарбаевпен және оның еңбектерімен таныстырдық. ҚР Президентінің телерадиокешенімен бірлесіп түсірілген фильм қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде жасалды. Меніңше, бұл фильмнің тарихымыз үшін маңызы зор», - деді ол.

Қазақстандықтар аталған фильмді мемлекеттік арналардан тамашалай алады. Бүгін кешке «Түркі әлемінің тегеурінді тұлғасы» деректі фильмі «Хабар» арнасынан 20:30, Қазақстан арнасынан 19:50 көрсетіледі.