Атырау қаласында ескі Сарайшық қалашығын сақтау нұсқаулары табылды
08.12.2013 2256
Бұл тарихи мұраның бірегей ескерткіші аса маңызды – жылсайын оған 14 мың саяхатшылар келіп кетеді, оның ішінде көптеген шет елдіктер бар

Атырауда ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің арнайы отырысы өтіп, онда ескі Сарайшық қалашығын сақтау мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды inform.kz

Бұл Ұлы Жібек жолында тұрған, ескі қала, Орал өзенінің  жағасында орналасқан. Жылсайын көктемде аумақтың бірнеше метрі су астына кетеді. Егер ешқандай шара қолданылмаса, бірнеше жылдан кейін Сарайшықтан ештеме қалмайды.

Ал бұл тарихи мұраның бірегей ескерткіші аса маңызды – жылсайын оған 14 мың саяхатшылар келіп кетеді, оның ішінде көптеген шет елдіктер бар.

Сарайшық мәселесіне арналған конференцияда, оның құтқарудың екі нұсқасы ұсынылды. Алғашқысы жағаның сумен шайылуына мүмкіндік бермейтін бетон жағалауын салуды қарастырады. Екінші нұсқасы – өзен ағысын өзгерту. Екі бағыттың да қолдаушылары мен қарсыластары табылды. Енді комиссия мүшелері  аса тиімді нұсқасын таңдап және оны Үкімет қарауына ұсынады. Осыдан кейін, бірегей ескерткішті құтқаруға, қаражат бөлу туралы мәселе шешілетін болады.