Қазақстан Елшілігімен Сауд Арабия Патшалығының Эр-Рияд қаласында ҚР Тұңғыш Президенті Күнін атап өту аясында «Қазақстан – Еуразия жүрегінде» фотокөрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан Елшілігімен Сауд Арабия Патшалығының Эр-Рияд қаласында ҚР Тұңғыш
Президенті Күнін атап өту аясында «Қазақстан – Еуразия жүрегінде» фотокөрмесі
ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР СІМ.
Іс шараға Сауд Арабияның көрнекті қоғам қайраткерлері, мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдардың, компаниялардың Эр-Риядта аккредитацияланған дипкорпус
өкілдері, БАҚ қатысты.
Өзінің бастама сөзі шеңберінде Қазақстан елшісі Бақыт Батыршаев
қатысушыларды ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянымен, оның
бастамасымен қол жеткізген халықаралық аренадағы және әлеуметтік-экономикалық
сферадағы тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен таныстырды.
Сонымен қатар, Н.Назарбаевтың ойланған және теңдестірілген сыртқы саясаты Қазақстанға
әлемдік аренада жоғарғы беделге қол
жеткізуге мүмкіндік бергендігі атап өтілді. Мемлекет басшысының КСРО ядролық
мұрасынан бас тартуы мен қарусыздандыру үдерісіндегі көшбасшылық,
коммуникативті G-Global ғаламтор
аймағын іске қосу, әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының Съезін шақырту
және т.б ірі халықаралық бастамасы халықаралық
қауымдастықтың құрметі мен жоғарғы бағасына ие болды.
Салтанатты
іс шара қатысушыларының арасында естелік кәдесыйлары, сондай ақ кітаптары мен бейнематериалдары таратылды.