Мәшһүр-Жүсіптің 155 жылдығына орай Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Павлодар мемлекеттік университетінде Мәшһүр Жүсіптің 155 жылдығына орай «Мәшһүр Жүсіп – әлемдік Ғаламат» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.
2013 жылдың 21 қарашасында
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қазақтың ғұламасы,
ағартушымыз, шығыстанушы, фольклоршы, дарынды ақын Мәшһүр Жүсіптің 155
жылдығына орай «Мәшһүр Жүсіп – әлемдік Ғаламат» атты Халықаралық
ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлайды psu.kz.
Конференцияның
пленарлық отырысына Павлодар облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов,
ақынның немересі, ф.ғ.д., С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Қуандық Жүсіп,
ақынның шөбересі, С. Торайғыров атындағы ПМУ Қазақ филологиясы кафедрасының
меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Жүсіп Нартай Қуандықұлы, Республикалық тарихи
материалдарды зерттеу ақпараттық орталығының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент
мүшесі, т.ғ.д., профессор Әбусейітова Меруерт Хуатқызы (Алматы қ.), Р.
Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д.,
профессор Сағандықова Нағима Жалелқызы (Алматы қ.) өз баяндамаларын ұсынды.
Пленарлық
отырысты ашу кезінде С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ректоры, э.ғ.д., профессор
Өмірбаев Серік Мәуленұлы өз сөзінде: «Бүгінде қазақстандық қоғамда және қазақ
әдебиетінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұралары лайықты орынға ие
болуда деп айтуға әбден болады. Жастардың танымын жетілдіріп, тәрбиесін
қалыптастыруда ақынның мұралары құнды. Оның ғылыми және рухани бай мұрасы
кейінгі жас ұрпаққа өнеге әрі баға жетпес қазына екені де сөзсіз. Оның
еңбектері мен шығармалары қазақ халқының рухани қазыналарын молайтты. Ағартушы,
ақын, философ, этнограф мұраларын жастарға насихаттау бізге міндет», - деп қада
айтты.
Пленарлық
отырыс барысында Мәшһүр Жүсіптің өмірлік іс-әрекеті туралы әдебиеттердің
тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіптің алғаш орыс тіліне аударылған
таңдамалы шығармаларының және де «Тарих толқынындағы халық» мемлекеттік
бағдарламасы аясында шетел қорынан Қазақстан тарихы бойынша жаңа мұрағат
материалдарының тұсауы кесілді.
Конференция
жұмысы аясында Анкара Университетінің профессоры, доктор Абдулхақ Малкож
(Анкара қ., Түркия), Түркі тілдес елдердің әлеуметтанушылары Қауымдастығының
Президенті Стамбул университетінің профессоры, доктор Хаяти Тюфекчиоглу
(Стамбул қ., Түркия), «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінің проректоры,
ф.ғ.д., профессор Шамшидин Керім, (Алматы қ.), С. Торайғыров атындағы ПМУ
«Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор
Айтмұхамет Тұрышев, «Лингва» ғылым-білім беру орталығының директоры, ф.ғ.д.,
Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университетінің профессоры Шағбанова Хабиба
Садырқызы (Ресей), Өзбекстан мемлекеттік халықаралық тілдер университетінің
профессоры, ф.ғ.д. Маханбет Джусупов (Ташкент қ., Өзбекстан), Югра мемлекеттік
университеті, ф.ғ.д., профессор Вафеев Равиль Айсавич (Ресей), С. Демирел
атындағы қазақ-түрік университет ректорының кеңесшісі, ф.ғ.д., профессор Дандай
Ысқақұлы.
Шара
шеңберінде С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың шығарған туындысы «Халыққа дарытылған
даналық» атты Мәшһүр Жүсіп туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қоса,
М.Жүсіп өмірлік іс-әрекетіне арналған көркем сурет байқауына қатысқан
студенттерді марапаттады.
Шара
Мәшһүр Жүсіптің мәдени мұрасын зерттеу және насихаттауға зор үлес қосқан үшін
Мәшһүр Жүсіп атындағы Алтын медалімен белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерін
марапаттау рәсімімен жалғасты.
С.Торайғыров
атындағы Павлодар мемлекеттік университеті аудиторияларының бірінде Мәшһүр
Жүсіп атындағы мұражай кабинеті салтанатты түрде ашылды. Және де концерттік
залдың фойесінде С.Торайғыров атындағы ПМУ С.Бейсембаев атындағы ғылыми
кітапхананың сирек кездесетін кітаптар қорынан ғұламаның тарихи мұралары
көрмесі ұйымдастырылды.