Сарыарқа - дала өркениетінің алтын бесігі
04.11.2013 2336
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қарағанды тарихи-өлкетану музейі қорынан «Сарыарқа - дала өркениетінің алтын бесігі» атты тарихи-мәдени мұра көрмесі ашылды.

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қарағанды тарихи-өлкетану музейі қорынан «Сарыарқа - дала өркениетінің алтын бесігі» атты тарихи-мәдени мұра көрмесі ашылды.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Көрмеге археологиялық және этнографиялық экспонаттар, сәнді-қолданбалы және зергерлік өнер бұйымдары қойылған. Олардың арасында «Сақ мәдениеті» залының 90 экспонаты, Қоянды жәрмеңкесінің 25 заты, этнографиялық және зергерлік 58 бұйым, сонымен қатар археологтардың жуырда Қарағанды өңірінде тапқан «Алтын адамы» да бар.

Дерек көз: inform.kz