Қазақстан тарихшыларының II конгресі
25.10.2013 1392
Бүгін, 2013 жылдың 25 қазан күні, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Халық: тарих толқынында» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихшыларының II конгресі өтуде.

Бүгін, 2013 жылдың 25 қазан күні, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Халық: тарих толқынында» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихшыларының II конгресі өтуде. Онда еліміздің ең белгілі ғалымдары Елбасы, Ұлт көшбасшысы белгілеген «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру тұрғысынан отандық тарихымыздың алдында тұрған өзекті мәселелерді пысықтап, өз ойларын, ұсыныстары мен тілектерін ортаға салды.

Қазақстан тарихшыларының II конгресінде ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық  жұмыс тобының кеңейтілген отырысы барысында қозғалған мәселелердің іс жүзінде жүзеге асуы және Мемлекеттік хаты М. Тәжиннің тапсырмасының орындалу жайы кеңінен сөз болды.

Сонымен бірге, қазақстандық тарихшылардың шетел мұрағаттарындағы жұмыс қорытындысы; Қазақстан тарих ғылымының тұжырымдамасы; Тарих ғылымының қайта жүйеленуін ақпараттық түрде қадағалау; Қазақ жерін мекендеген өз ұлтымыз бен өзге де этностардың ежелгі, ортағасыр және Қазақстанның жаңа заман тарихы, егемендік алған жылдардағы тарихи маңызды оқиғалар; Тарихи зерттеулердің жаңа әдістемелер де ойға тамызық болады деп күтілуде.

Қазақстан тарихшыларының II конгресін өткізуде Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы ҰҒА академигі,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықовқа үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.