Көрме 2013 ж. 25 қазан - 14 қараша айы аралығында Ә.Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында өтеді.
Көрме 2013 ж. 25 қазан - 14 қараша айы аралығында Ә.Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында өтеді.
Шараны Ә.Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы, Алматы қаласы әкімдігі «Сорос Қазақстан» қоры, «Астана- Моторс», «RaimbekGroup» компаниясы және Қазақстан баспасөз клубы ақпараттық қолдауымен NedelkaProject арт-ынталандыру және Иляс Джансугуровтың қоғамдық қорымен ұйымдастырылған.
Басты мақсаты - репрессия кезеңін, қоғамға әкелген зардабын әр кезеңгі түрлі ұрпақ суретшілерінің жұмыстары арқылы ой сарасынан өткізу.
Жоба көрмеге қазіргі заманғы авторлар жұмысын, каталог шығару, тарихшылармен және қоғам қайраткерлерімен кездесулерді қамтиды.
Кескіндеме техникасында орындалған жұмыстар, сурет, фото, бейне, арт-инсталляция бір кеңістікте жиналған.
ХХ ғасыр ортасында орын алған репрессия көлемі мен салдары, еліміздің азаматтар санасында әсіресе жастар санасында толық зерттеліп бітпеген, ал кейбіреулеріне әлі де таныс емес тақырып»,-дейді арт-жоба бастамашысы Ажар Жандосова (И.Жансүгіров қоры). Оның айтуынша миллиондаған кінәсіз құрбан болған азаматтарымызды есте сақтау, біздің бірегейлігіміздің толыққанды қалыптасуы және қайғылы шиеленісті болдырмауды сақтау басты мақсатымыз.
Жобаға жас және танымал суретшілер: Асқар Есдаулет, ШоқанТолеш, Георгий Трякин-Бухаров, Сауле Сулейменова, Қуаныш Базаргалиев, Зитта Султанбаева, Рашид Нурикеев, Ғалым Маданов, фотограф Валерий Калиев және Александр Угай қатысты.
Олардың жұмыстары репрессияның түрлі қырларын, жаппай қамауға алу, сатқындық, террор және 1930 ж қорқынышы, » халық жауы» отбасы мүшелері бейнелеп көрсеткен.
Дерек көз: bostandyk.almaty.kz