Қостанайда сан ғасырлық тарихы бар күміс әшекейлер сақталған
27.09.2013 3728
Республикамызда ең үздік әшекей топтамасы сақталған. Бірнеше онжылдықтар бойы жиналған әшекей-бұйымдардың ішінде 500-ге тарта сақина, жүзік, сырғалар мен белдіктер, тұмарлар бар.

«Қазақ жерінде зергерлік өнері ХІХ ғ. ортасы мен ХХ ғ. басында жақсы дамыған. Әшекей жасайтын қазақ зергерлері көптеген елдерге танымал болған. Қарапайым құралдар арқылы олар нағыз өнер туындысын жасап отырған», - дейді Эльвира Мардамшина. 

Оның айтуынша, бұл әшекейлердің барлығы күмістен жасалған.

«Қыз-келіншектер көрмеге қойылған әшекей-бұйымдарды кез келген уақытта келіп көре алады. Күмістен жасалған әшекейлердің бағасы көрсетілмейді. Өйткені қазақ халқының өмірі мен өнерінен сыр шертетін олардың тарихи маңызы басты орында»,- деп өз ойын қорытындылады мұражайдың ғылыми қызметкері.

Ақпарат көзі: http://www.bnews.kz