РУХАНИ КЕЛІСІМ – ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
18.10.2016 2365
1992 жылдың 18 қазан күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматыда Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі өтті

Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. 24 жыл бұрын Қазақстанда адамзат тарихында тұңғыш рет барлық дін өкілдері, қоғамдық діни ұйымдардың өкілдері бас қосқан еді. Конгрестің 18 қазан күні өтуі кездейсоқтық емес. 1893 жылы Чикаго қ. (АҚШ) осындай съезді шақыру тылпынысы болған еді. 

Сол күні съездің қатысушылары 18 қазан күнін Рухани келісім күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. Осы кезден бастап Қазақстанда 18 қазан күні Рухани келісім күні ретінде тойланады. Біздің елімізде 130 этнос пен 17 конфессия өкілдері өмір сүреді. Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісін жасады – мұны халықаралық сарапшылар да мойындап отыр. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудағы қазақстандық жолды қазіргі кезде көптеген елдер зерттеуде. Өкінішке орай, қазіргі қоғам әлеуметтік, этностық және діни дау-дамайлар себебінен мемлекеттік және әлеуметтік құрылысты тұрақсыздандыруға жасырын ықпал ететін көптеген қауіптерге толы. Рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Осы жағдайда Қазақстан ұлттық бірлігіне негізделген тұрақтылықты көрсетіп отыр. Елімізде өмір сүретін этностардың ауызбірлігі мен төзімділігі қазақстандықтар үшін егемендік құру жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге жәрдемдесті және әлі күнге дейін ел дамуына үлкен күш-қуат беріп отыр. Қазақстан тұрақтылықты еуразиялық кеңістікте ғана сақтап қалуға тырыспайды, сонымын бірге, бүкіл әлем діндері өкілдерінің арасында жаһандық құрылымдық сұхбат құру бастамасын алға тартады. Осындай саясаттың қол жеткізген жетістігіне бес бірдей Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерін өткізуді (2003, 2006, 2009, 2012, 2015 гг.) жатқызуға болады. Мұндай іс-шара бұрын соңды болған емес. 

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасын көпшілік мақұлдады. Съездің қатысушылары сұхбат – кез-келген дін қағидаларына сәйкес келетін рухани қарым-қатынас жасаудың тиімді құралы екенін мойындады. Қазақстанның тәжірибесі құрылымды сұхбат пен өзара түсіністік адамдардың рухани бірігуінің алғышарты екенін дәлелдеп отыр. 

Қазақстанда дін бостандығы жарияланған, және кез-келген адам өзіне жақын дінді таңдай алады. Бірақ, ең бастысы, ол – адамдардың тағдырын өзгертпеуі, мемлекеттік саясатқа қарсы болмауы, мінезін бұзбауы тиіс. Қазіргі кезде діннің ахуалы діни бірлестіктердің ұдайы өсуімен ғана емес, діни құрылымдардың белең алған белсенділігімен де сипатталады. 

 Ал олардың қызметі бір мағыналы емес. Діни ағымдардың әр алуандылығына қарамастан, Қазақстанда конфессияаралық қайшылықтардың пайда болуы әбден мүмкін. Сондықтан қазақстандық ішкі саясаттың басты міндеті этносаралық келісімді, діни төзімділікті, конфессияаралық сұхбатты сақтап, нығайту ғана емес, діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. 

 Арман СҮЛЕЙМЕНОВ