Баланды кесенесі – баламасы жоқ тарихи нысан
31.03.2018 3310
Баланды ІІ кесенесіне 1960 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П.Толстовтың жетекшілігімен) зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2012 жылы кесенеге консервациялық жұмыстар жүргізілді

Баланды ІІ республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші қатарына жататын көне қорытдардың бірі. Баланды ІІ немесе Бұланды деп аталатын көне жерлеу құрылысы дөңгелек болып келетін, диаметрі шамамен 16 метрді құрайтын ескерткіш.

Ескерткіш құрылысына кіретін есігі оның оңтүстік бөлігінде орналасқан және аркалы қуысы бар портал ретінде безендірілген. Дәл осындай қуыстар ішінде орналасқан жеке камераларды бір-бірімен жалғастырады. Ғимараттың орталық бөлігі диаметрі 5,5 метрмен күмбезбен жабылған.

Орналасқан жері: Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.

Баланды ІІ кесенесіне 1960 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П.Толстовтың жетекшілігімен) зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2012 жылы кесенеге консервациялық жұмыстар жүргізілді.

Сақтар мәдениеті кешегі күнге дейін қоғамның таңдаулы адамдары мен патшаларға тән жерлеу ескерткіштері – обалар негізінде ғана зерттеліп келді. Ғалымдардың арасында сақтар көшпенді халық болды деген пікір ұзақ бойы басым болып келген. Алайда, археологтар сақ қоныстары мен қалаларына зерттеу жүргізуіне орай бұл пікір өзгерді. Зерттеу барысында мал шаруашылығымен қатар олар үшін отырықшылық пен егіншіліктің де қалыпты өмір салты болғаны анықталды.