1638 жылы жасалған қазақ даласының картасы табылды
23.09.2016 3014
Картада сол кездегі тарихи атаулар, "Ноғай", "Ақ орда", Қазақ-татарлар", "Жоңғария" қатарлы жер атаулары мен териториялық көріністер анық белгіленген.

Қазақстандық танымал саясаткер Ерлан Қарин 1638 жылы қағазға түсірілген қазіргі Қазақстан териториясы белгіленген картаны жариялады. Ол бұны АҚШ-қа жасаған сапары барысында сондағы мұрағаттардың бірінен қолына түсіргенін айтады, деп хабарлайды e-history.kz порталы  BAQ.kz порталына сілтеме жасап. 

Саясаткер өз олжасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, бұл 1638 жылы Франкфуртта түсірілгенін айтқан. "Қараңыз, қандай керемет нәрсені тауып алып келдім - АҚШ-қа сапар алдында, бірнеше ай бұрын, американдық әріптестер-достарыммен хабарласып, тапсырма беріп, солардың көмегімен, Қазақстанның тағы бір ескі картасын қолға түсірдім. Бұл карта 1638 жылы Франкфуртта басылған екен. Осының бұрын копиясы едi, едi түпнұсқасы" - деп жазады Ерлан Қарин. 

Картада сол кездегі тарихи атаулар, "Ноғай", "Ақ орда", Қазақ-татарлар", "Жоңғария" қатарлы жер атаулары мен териториялық көріністер анық белгіленген. Алаш мұрасына, жалпы қазақ тарихына ерекше дең қойып жүрген саясаткердің бұл олжасын желі қолданушылары жоғары бағалады.