Құралай Дуанқызы: Мақсатым – елге оралып, кәсіп ашпақ
04.02.2018 1356
NDH порталы алыс-жақын шетелдегі қазақтардың өмірін үнемі назарда ұстайды, сондай-ақ «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмін түсіргені белгілі. Құралай Дуанқызы өзінің өмір жолы жайлы сыр шертеді

Мен 1985 жылы Моңғолияда Баян-Өлгей аймағының Ақкөл қалашығында дүниеге келдім. Отбасында тоғыз ағайындының жетіншісі болдым. Әкем Дуан өмір бойы мұнай базасында есепші болып қызмет еткен. Ал шешем Жәмила Сәдуақасқызы – Ақкөл орта мектебінде орыс тілі пәнінен дәріс берген аға ұстаз.

1994 жылы Аққөл қалашығының орта мектебінде алғаш мектеп табалдырығын аттағам. Одан кейін Ұлан-Батор қаласындағы экономика жоғарғы мектебінен экономист мамандығын оқып тауыстым.

2014 жылы Ұлан-Батор темір жолына жұмысқа кіріп, күні бүгінге дейін жұмыс істеп келемін. Келешектегі мақсатым – жеке кәсіпорнын ашу. Бос уақытымда кітап оқығанды, халық әндерін тыңдағанды ұнатамын.

Болашақтағы өмірімді мен Қазақстанмен байланыстырғым келеді. Туған ағам мен әпкем, басқа да туыстарым тұратын Қазақстанға көшу жоспарымда бар. Сонымен бірге мен ұлы саясаткер Ататүрік құрған қазіргі Түркия мемлекетіне арнайы сапарлап барып, ондағы туысқан түрік елінің салт-дәстүрімен танысып, қандас ағайындармен жүздесуді мақсат етемін.

Құралай ДУАНҚЫЗЫ

Моңғолия, Ұлан-Батордан.