Цирк аренасында...
07.02.2018 2631
Елорданың 20 жылдығына орай жерлесіміз, Ақмоланың тумасы Геннадий Николаевич Федулов тамаша сыйлық жасады

Ол Астанаға Мәскеу мен Санкт-Петербург әртістері қатысатын «Пингвиндер аралындағы аңдар шеруі» атты жаңа эксклюзивті цирк шоу-бағдарламасын әкелді. Жаңа және қызықты бағдарлама – бүкіл отбасы үшін нағыз цирк мерекесі.

Ұжымның гастрольдік жетекшісі Геннадий Николаевич Федулов өзінің бірінші және негізгі отаны – Ақмола-Целиноградты ешқашан ұмытқан емес, енді, міне, араға 33 жыл уақыт салып, ол туған топырағына оралды. Геннадий Федулов өзі өмірге келген Тельман (қазіргі Торайғыров) көшесі мен Загородная көшесінің қиылысындағы мекенжайын ұмытпаған. «Сол кезде ол жерде сиыр бағатын» деп, есіне алып күледі. №6 орта мектепте оқыған. Целиноград педагогика институтының музыка және ән салу факультетіне оқуға түсіп, сол жерде үш курс бітіреді. 1984 жылы Санкт-Петербургке көшіп, сол жақта режиссер ретінде жоғары білім алады.   

– Туған жеріме келгеніме өте қуаныштымын. Менің көргенім – өз сұлулығымен, маңғаздығымен мені таңғалдырды. Қазақстан әрқашан жақсы, кең пейіл болған. Бізді цирк әкімшілігі жылы қарсы алды. Сол кезде есіме ұлы ақынның мына сөздері есіме түсті:

Экваторды нансыз-сусыз айналасың қорықпай,

Жол бойында егер саған үй кездессе қазақтай.

Бұл жай ғана сөз емес, бұл біздің жүрегімізде.

Дивертисмент «Аңдар шеруі» дп кездейсоқ аталмауымен ерекшеленеді, бұл жерде жолбарыс та, пони, пингвиндер де, итбалықтар, бірқазандар бар, бірақ біз тұңғыш рет Астанаға Еуропада ғана емес әлемде де жоқ пингвиндер қатысатын бірегей нөмір әкелдік.

Циркке кіреберісте бізді 4 метрлік пингвиндер қарсы алды.

Аңдардың бәрі де торсыз жұмыс істейді деп бізге ескертіп қойды. Бірақ қорқудың қажеті жоқ, бұлар – тәжірибелік аңдар, олар өздерін үй жануарлары сияқты ұстайды. «Олар әлі кішкентай, бар болғаны 250 кг ғана»,-деп қалжыңдайды Геннадий Николаевич. Тек аю циркпен танысып үлгерген жоқ, уақыт аз болды, сондықтан ол өнер көрсетіп жатқан кезде түсірілімді абайлап, оқыс қимылдарсыз жүргізуді өтінеміз. Олар да адамдар сияқты, біртіндеп үйренеді. Байсалды өнер көрсету үшін, олар қауіп жоқтығына көз жеткізу үшін жан-жағын иіскеп, қарап алуы керек, содан соң барып бойлары үйреніп, манежде батыл өнер көрсетіп шығады. Жаңа орынға бейімделу үшін кем дегенде 4-5 күн кетеді.

Жүргізуші бесминуттық дайындықты жариялады.

Оркестрге увертюра орындауға команда берілді.

Манежді дайындаған кезде бәрі бірдей ойдағыдай болған жоқ, режиссерге ұнамады.

Сахнаға жүргізуші шықты.

– Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Бүгін сіздерге ресейлік цирктің әртістері қонаққа келді! Әртістеріміз сіздермен қауышуды тағатсыздана күтуде! Біз бастаймыз!

Көз алдыңда жоқ көрермендер алдында өзіңді қалай ұстау керек.

Ырғақты музыкамен сахнаға гимнасттар шықты. Жалынды танго билеген жұп, цирктің әуе кеңістігін бағындырды. Цирк қойылымы басталған сәттен бастап көрермендер гимнасшылардың өнерін ынта қойып тамашалайды. 

Барлық нөмірлердің бірегейлігін атап өткен жөн. Қиыр Шығыстан келген маймақ Степашка жаттықтырушы Максиммен бірге өнер көрсетеді.

Сайқымазақтарсыз қандай цирк? Сайқымазақ Алекс көрермендерді күлкіге қарқ қылды. Ол Ростовтан біздің балалар үшін арнайы келген.

Скандинавтық кішкентай жылқы – понилер көрерменнің көңілінен шығары сөзсіз. Ал жаттықтырушы олармен өзімен тең серіктес ретінде сөйлеседі: «Жат! Тұр, тамаша! Саған не болды? Барьерге! Ал енді артқа!» Нөмірдің соңында мәскеулік прима балерина шығып «Аққу көлінен» үзінді билеп берді. Тамаша болды!

«Мадмуазель кан-кан» Виктория Есимова дөңгелектермен варьете билесе, Полина Березенцева төрт аяқты достары – пудельдермен өнер көрсетті.

Дмитрий Ким – төртінші атадан бері келе жатқан цирк әулетінің өкілі, әртіс, жолбарыс Астанмен өнер көрсетті. Жолбарыс ешбір қоршаусыз, құр қарғыбаумен жүріп өнер көрсетеді, бұл – осы нөмірдің бірегейлігі, Астан жаттықтырушысының аузынан бір түйір етті рахаттана алып жейді – бұл шығармашылық одақтың бір-біріне деген сенімділігі.

Көрермендер әуе гимнасшыларының өнерін демдерін ішіне тарта отырып тамашалады, олар бірегей трюктерді ешбір сақтандырусыз оп-оңай жасап шығады. Ұшу – бұл цирк нөмірлерінің патшасы. Гимнасшылар жоғары биіктікте ұшқан кезде, көрермендерге 100%-адреналин, эмоциялар кепілдендіріледі. Астанада тұңғыш рет әлемде баламасы жоқ эксклюзивті аттракцион, манежде бір мезетте 10 мадагаскарлық пингвин өнер көрсетеді, олардың жетекшісі – Ресейдің еңбек сіңірген артисі Наталья Майхровская.

Пингвиндерді секірту, домалату, манежде қуанту оның қолынан қалай келді?

Наталья Майхровская өзі және пингвиндері туралы айтып берді.

– Мен – Майхровскийлердің цирк әулетіненмін, әулетімізде түрлі жанрлардың өкілдері бар, әулет басында – сайқымазақтар, жаттықтырушылар. Әулетіміз өткен жылы жүз жылдығын атап өтті. Мен 30 жылдан астам уақыт бойы итбалықтармен және 20 жылдан астам пингвиндермен жұмыс істеп келемін.

– Сіздің нөміріңізде қандай пингвиндер өнер көрсетеді?

– Бұлар көзілдірікті пингвиндер. Егер зер сала қарасаңыз, олардың көзінің айналасынан көзілдірік көресіз. Олар оңтүстік жартышарда өмір сүреді, солтүстік пингвиндері өкінішке орай бізде өмір сүре алмайды, оларға арнайы климат керек.

– Олар адамдарға қаншалықты ұзақ уақыт бой үйретеді?

– Бұл процесс біршама ұзақ жүреді. Дрессура туралы бұл жерде сөз болмауы керек, бұл – құс. Біз олардың табиғи мүмкіндіктерін негізге аламыз. Олар жүзеді, жорғалайды. Мен олармен жұмыс істеген мерзімнің ұзақтығының арқасында олар менің тілімді алады. 

– Пингвиндеріңіздің жасы нешеде?

– Түрлі жас топтарында: бес жастан он екі жасқа дейін. Табиғаттан келгендер аз қалды, Жапония, Сочи, Мәскеу зообақтарының өкілдері бар.

– Олар сізге қайдан келді?

– Бізге компания сатып алады, өйткені бұл өте қымбат.

– Бір пингвин қанша тұрады екен?

– Бұл жағын айта алмаймын, өйткені оларды мен сатып алмаймын (күледі).

– Немен қоректендіресіз?

– Жақсы сұрақ. Олар Балтық майшабағын жақсы көреді. Тек Балтықтікін. Қазір оны қолға түсіру өте қиын. Бірақ енді түк болмай қалған кезде, біз каспийлік және қаратеңіздік хамсаны қолданамыз. Олар бір-екі күн ереуілдеп, тамақ жемей қойғанымен, содан соң барып жейді. Қазір міне, қолымызға Балтық майшабығы түсті, олардың бақытында шек жоқ деп айтуға болады. Ал егер олар бақытты болса, онда біз де бақыттымыз.

– Құстарды жаттықтыру-үйрету қаншалықты қиын?

– Мен бұған дейін де айтқам, олар жаттықтыруға келмейді, бұл бар болғаны әдет және күнделікті қайталап жұмыс істеген сағаттар.

– Ал теңіз арыстандарымен жұмыс істеген оңай ма?  

– О, теңіз арыстандары – бұлар ерекше жаратылған жандар. Олар дельфиндердің деңгейіндегі үлкен интеллектуалдар. Менде кей кезде олар менің не айтқанымның бәрін түсініп тұрған сияқты сезім пайда болады.

– Олар сізге өз ниеттерін, талаптарын білдіре ме?

– Міндетті түрде. Егер оларға бірдеңе ұнамаса, соны әрқашан білдіреді. Мен оларды түсінемін.

Біздің көргеніміз – керемет, қызықты, сонымен бірге қорқынышты да. Біз таңғажайып ұшулардың, торсыз өнер көрсететін жолбарыстың, көңілді пингвиндердің өнерлеріне куә болдық. Бұндай керемет қойылымды өткізіп алу кешірілмес күнә болар еді.