Тарихшылар немен күн көреді: Тарихшы - PhD
13.12.2016 2655
National Digital History интернет порталы кәсіби тарихшы мамандар арасында әлеуметтік-материалдық игіліктер жайында арнайы сауалнама жүргізеді. Қатысыңыз, ой айтыңыз, шешім шығарыңыз

Сауалнаманың алғашқы қонағы тарихшы - PhD Жақсылық Сәбитов.

 

Мен әрдайым тарихшы болуды армандадым. Менің атам тарихшы болған және одан маған Мұхамеджан Тынышпаевтың 1925 жылы жарық көрген кітабы мұра болып қалған еді, мен оны тесік-құтығын қалдырмай оқып шықтым.  Мектепте жүріп, Тынышпаевтың кітабын нешінші рет оқып шығып, оның Алаша ханның тұлғасын бейнелеуде қателіктер жіберді деген пікірге келдім. Және бұл менің он жылдан кейін Алаша хан туралы мақаламда жарияланған алғашқы ғылыми болжамым болған секілді. Мен Алаша ханды Жәнібек пен Керейдің ата бабасы Ұрыс ханмен ұқсастырамын. 1999 жылы мен мектепті тәмамдадым, мамандықты таңдау керек болған кезде мен Саясаттануды таңдадым, өйткені бұл жаңа мамандық болды және оған түсу үшін конкурс басқаларына қарағанда аз болуы тиіс деп ойладым. Мен ол мамандық бойынша 10 жыл оқыдым (5 жыл мамандық бойынша, 2 жыл магистратура және 3 жыл докторантура), және  бұл жөнінде еш өкінбеймін, өйткені саясаттану гуманитарлық ғылымдардың әдіснамасына кең көзқарас береді.  Сабақтас мамандықта оқу қандай да бір оқиғаны немесе қанадай да бір тұлғаның өмірбаянын зерттеу кезінде ешқандай шектеу қоймады. 2007 жылдан бастап мен тарихқа қайта оралдым, алғашқы мақаларымды жаза бастадым.  2009 жылдан бастап мен жыл сайын Ресейге және Татарстанға Еуразия көшпенділерінің ортағасырлық тарихының қандай да бір аспектілеріне арналған халықаралық конференцияларға барып тұрамын. Бұл конференциялар үлкен ғылыми өсуге жол ашады, мен солардың арқасында қазіргі күйге жеттім деп ойлаймын.

Тарихшының кәсібін тергеушінің мамандығымен салыстыруға болады. Екі жерде де қайсыбір куәліктер мен үзік-үзік дәйектер арқылы өткен күннін келбетін келтіру қажет. Яғни тарихпен азғантай дәйектер мен куәліктердің негізінде жұмбақты шешуді жаны сүйетін адамдар айналысуы тиіс. Бұл ретте тарихпен айналысу мен үшін жұмыс емес, бейімділік екенін айта кеткен жөн, өйткені мен негізінен жалақымды ортағасырлық тарихты зерттегенім үшін емес, басқа гуманитарлық пәндерді оқытқаным үшін аламын.

Мен докторантураға оқуға түсіп, ғылыммен айналыса бастағанымда, Қазақстанда ғылымның беделі жоғары емес еді. Ол кезде ғылыммен басқа жақсы орын таба алмайтындар айналысады деп есептелінетін. Аллаға шүкір, қазіргі кезде ғылымның мәртебесі өсті, бірақ менің ойымша ғылыми қызметкердің материалдық жағдайы жоғары болуы тиіс. Бірақ бұл ретте Қазақстанда шынайы ғылыми орта құру қажет. Бұл Қазақстандағы ғылымның, және тарихшылардың басты проблемасы ма деп ойлаймын. Ғалымдар бар, бірақ ғылыми орта жоқ. Қалыпты ғылымда ашық сын мен пікірлердің ашық қақтығысуы қалыпты жағдай. Бір классик айтқандай, егер екі адам бірдей ойлайтын болса, онда олардың біреуі ғана ойланады. Бізде Қазақстанда болса, ғалымдардың көпшілігі ғылыми пікірталасқа дайын емес, және ғалымдар арасындағы қақтығыстар әдетте ғылыми сипатта емес, әкімшілік сипатта өрістейді. Бұл дұрыс емес. Мұның барлығы ғылыми ортаның болмауы салдарынан орын алады.  

Ұлттық ЖОО-да жалақы бойынша  PhD жүктемесі елдегі орташа жалақыдан сәл төмен. Бақытыма орай, мен бір жарым жүктемемен сабақ беремін. Ұлттық деңгейі жоқ басқа университеттерде жағдай бұдан да жаман.  Университеттегі оқытушылар көп ақша алмайды, ағылшын тілінінің үйретушісі ретінде жұмыс жасайтын кейбір студенттер университеттік оқытушыларға қарағанда көп жалақы алады.

Менің жалақымның жартысынан көбі кітаптарды сатып алуға, халықаралық конференцияларға қатысуға (бақытыма орай, соңғы кездері менің конференцияларға бару шығындарымды ұйымдастырушылардың өздері көтереді) және қазақтар мен басқа түрік халықтарының шығу тегін генетикалық зерттеулеге кетеді.  Мен бұл мәселеде шыдамдылық пен түсіністік танытатын жарыма, сондай-ақ анама Астанада тұрғын үй мәселесі жөнінде бас қатырмағаным үшін алғысым зор.  Анамның, жарымның және ағамның тарапынан жасалған қолдау менің ғылымға баса назар аударуыма ықпал еткен болар. Кеңес заманында айтатындай, ғылым дегеніміз мемлекет есебінен өзіңнің жеке құмарынды қандыру болып табылады. Менің жағдайымда, мен тек отбасымның қолдауы арақасында ғана ғылыммен айналысуға мүмкіндік алдым.  

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)