Тәуелсіздік шежіресі. (2003-2019)
Алаштың азаттығына, Тәуелсіздігімізге - 28 жыл. Осынау 28 жыл ішінде ел тарихында елеулі оқиғалар орын алды. Солардың негізгілерін "тәуелсіздік шежіресімен" оқырман назарына ұсынамыз.
2003 жыл.
- 2003-2005 жылдары -«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
- 2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.
- 2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады.
- 2003 жылы берілген ойын-суық кешен-аквариум «Думан» дүниежүзілік мұхиттың ең шалғайдағы бөлшегі іспеттес Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
2004 жыл.
- 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар.
- 2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.
- 2004 жыл - Ресейдің Қазақстандағы жылы.
- 2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды.
- 2004 жылдың 28 мамырында Шығыс Қазақстан облысында Перизат Ускембаева есімді Қазақстанның 15 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Ал оның егізі қазақ санының 16 миллион есебін ашты.
2005 жыл.
- 2005 жылы 9 мамырда Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 60 жылдығына Н.Назарбаев, В.Путин, басқа да жаңа тәуелсіз мемлекет басшылары қазіргі демократиялық Германия көшбасшыларымен бірге фашизмді күйреткен Жеңіс Күнін Мәскеуде мерекеледі.
- 2005 жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен Мемлекет басшыларының саммитінде астана декларациясына қол қойылып, антитеррорлық сипаттағы негізгі құжаттар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасы, ережесі бекітілді.
- 2005 жылы 2 маусымда Байқоңырдың 50 жылдығы аталып өтті.
- 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
- 2005 жылдың 4 желтоқсанында кезекті Президент сайлауы өтті. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 91,15% дауыспен үшінші мәрте Мелмекет басшысы болды.
- 2005 жылы Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе қаласында ескерткіш бой көтерді.
2006 жыл.
- 2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат.
- 2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті.
- Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006 жылы ашылды.
- 2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нәжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған «Менің Қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев.
- 2006 жылы 11 қаңтарда «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім өтті. Қазақстан Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Астанаға әлемнің 70-тен аса елінен өкілдер келді.
- 2006 жылдың 17 маусымында Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) екінші Саммиті болды.
- 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
- 2006 жылы академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Ақтөбеде Ғ.Жұбанова атындағы филармония алдында А.Жұбановтың ескерткіші қойылды.
- 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды.
- 2006 жылы - Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
2007 жыл.
- 2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
- 2007 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, бұрынғы консультативтік-кеңесші орган - Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы деген жаңа атау берілді.
- 2007 жылы Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
- 2007 жылы қазан айында - 2008-2010 жылдарына арналған «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді.
- 2007 жыл еліміз үшін ғана емес бүкіл әлем үшін тарихтағы ең ірі қаржылық дағдарыспен есте қалды. Экономикалық дағдарыс Қазақстанды да шарпып өтті.
2008 жыл.
- 2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
- 2008 жылы қаңтар айында - Оралмандардың көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.
- 2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам - 6 шілде - Астана күні енді.
- 2008 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.
- 2008 жылы қазан айында - Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы қабылданды.
- 2008 жылы 2 желтоқсанда - 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.
- 2008 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды.
- 2008 жыл - Украинаның Қазақстандағы жылы.
- 2008 жылы халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» кітабының кейіпкерлеріне ескерткіш қойылды. Бұл - Қазақстанда әдеби шығарма кейіпкерлеріне қойылған тұңғыш ескерткіш.
2009 жыл.
- Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды.
- 2009 жылы «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Орталық концерт залы, футбол стадионы және өзге де ірі объектілердің салтанатты ашылуы болды.
- 2009 жылы 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің ІІІ съезі өтті.
- 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында елiмiздегi тұрғындар арасында екінші Халық санағы өттi. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-дегі санақ мезетіне 16004,8 мың адамды құрады.
2010 жыл.
- 2010 жылы Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.
- 2010 жылы Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті.
- 2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Азия Ойындары Астана-Алматы қалаларында өтті. 2011 Азиада Қазақстан үшін салтанатты түрде мәресіне жетті. Азиадада тұңғыш рет 11 спорт түрі бойынша 69 мадақтау жиынтығы таразыға салынды. Қазақстандық құрама команда 70 медаль, оның ішінде 32-алтын, 21-күміс, 17-қола медальдарды иелене отырып, қысқы Азиада ойындары тарихында жаңа рекорд орнатты.
- 2010 жылы Қазақ халқының біртуар ұлы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жауынгер жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толды.
2011 жыл.
- Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің ЕКЫҰ-на төрағалық еткен соң, көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және республиканың беделі мен рөлін күшейтуге деген ұмтылысы болып табылады.
- 2011 жыл Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды.
- 2011 жылы 5 наурызда Астанада Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі болып өтті.
- 2011 жылы 25 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы салтанатты түрде ашылды.
- 2011 жыл 16 желтоқсанда Мемлекет басшысы Астанадағы «Мәңгілік Ел» қақпасының ашылу салтанатына қатысты.
- 2011 жылдың тағы бір ерекшелігі – осы жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді. Сонымен қатар, 14 желтоқсан күні Парламент Сенатының салтанатты жиынында Президентке Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған төсбелгі табыс етілді.
2012 жыл.
- 2012 жыл 22 қарашасында 2017 жылғы Әлемдік көрмеге елімізде өткізу құқығына ие болғаны туралы белгілі болды. Халықаралық көрме бюросының мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.
- 2012 жыл 15 қаңтар күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органы көп партиялы атанды. Парламентке «Нұр Отан» партиясынан бөлек, «Ақ жол» мен «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» өтті.
- 12 қаңтарда Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында Алаштың ардақтысы, халқымыздың біртуар перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс болып өтті.
- 27 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын жариялады.
- 2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды. Осылайша Қазақстан өз рекордын жаңартты. Біздің құрама Олимпиадаларда бұрын-соңды мұндай нәтижеге қол жеткізген емес.
- 2012 жыл алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. 1 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстан Президентінің штандарты көтерілді. Қазақстандықтар мейрамның арқасында 3 күн демалыс алды.
- 14 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялады.
2013 жыл.
- 2013 жылы «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.
- 30 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға көшу» жөніндегі тұжырымдама туралы» Жарлығы шықты.
- 2013 жыл қазан айында «Нұр Отан» партиясының маңызды саяси оқиға деп бағалауға болатын жаңа саяси доктринасы қабылданды. Доктрина «Нұр Отан» партиясының 21 ғасырдағы миссиясы мен «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы рөлін анықтауға бағытталған.
- 2013 жыл 24 тамыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.
2014 жыл.
-2014 жыл 17 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
- Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды.
- 2014 жылы тамыз айында Елбасы Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге байланысты көзқарастарын білдірді. Оның ішінде, қазақ ұлтының тарихы, діні, тілі, сондай-ақ еліміз үшін аса маңызды саналатын Еуразиялық экономикалық одақ жайлы тақырыптар қамтылды.
- 2014 жылғы Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы тағы бір елеулі оқиға - елімізге қатысты Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы шешім қабылданды.
- 2014 жылдың тамыз айында Үкіметте қайта құрылымдау болды. 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды.
- 2014 жыл 27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
- 2014 жылдың қазан айында Елбасы Астана қаласының белсенділерімен кездесу кезінде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтілетіні жайлы мәлімдеді.
- 2014 жыл 11 қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
- 2014 жыл 15 желтоқсанда елордадағы «Астана Опера» театрында еліміздің қастерлі мерекесі - Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті.
2015 жыл.
- 2015 жыл 26 сәуірде кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Президент орынтағы үшін үш үміткер сынға түсіп, нәтижесінде, Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97,7 пайыздық дауысына қол жеткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
- 2015 жылдың және бір ерекшелігі - 7 мамырда еліміздің түкпір-түкпірінде Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы кең көлемде аталып өтті.
- 2015 жыл 2 қыркүйекте Қазақстан тарихындағы үшінші ғарышкер - Айдын Айымбетов ғарышқа самғап, халықаралық экипаждың құрамында Халықаралық ғарыш стансасына аттанды.
-2015 жыл 11 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысып, сөз сөйледі.
- 2015 жыл 8 қазанда Жамбыл облысының Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтті. Бұл шараларға Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
2017 жыл.
- 2017 жылғы наурызда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылайша, мемлекеттiк билiк тармақтары арасындағы өкiлеттiктер қайта бөлiндi. Реформа мақсаты – билiктiң атқарушы тармағын барынша тиiмдi, жауапты әрi оперативтi ету, президенттiк басқару формасын сақтай отырып, парламенттiң бақылау функциясын күшейту.
- 2017 жылдың 26 қазанында Мемлекет басшысының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы жарлығы қабылданды.
- Елордада ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы халықаралық шара 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өттi. Шараға 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысып, көрменi барлығы 4 млн адам тамашалады. Оның iшiнде 178 елдiң өкiлi бар. Қазір «Нұр Әлем» павильоны музейге айналды.
2018 жыл.
- Тәуелсіздіктің нышаны – арайлы Астанамызға 20 жыл.
- 2018 жылдың 12 тамызында Ақтауда 5-ші Каспий саммиті өтіп, оған теңіз жағалауындағы Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан елдерінің президенттері қатысты. Дәл осы алқалы жиын барысында 25 жылдан бері күрмеуі күрделі проблемаға айналып келген Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі айқындалған болатын.
- 2018 жылы 10-11 қазан күндері Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтті.
2019 жыл.
- 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті өз өкілеттілігін тоқтату туралы мәлімдеді.
- 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» №18 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 9 маусымында өтті. Сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатқалы уақытша президент болып тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге есептегенде жеті кандидат қатысты. Сайлау нәтижесіде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар даусының 70,96 % иеленіп, ҚР 2-президенті болып сайланды.
- 2019жыл 2 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыппен халыққа жолдау жасады.
- 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті.