Тұңғыш Президент тағылымы
30.11.2019 3413
Құдайға шүкір, қазақтың даласы тойдан босап көрген емес. Арысы Америкаға, берісі батысқа, күллі Орта Азияға сауын айтып талай дүбірлі доданың тұсауын кестік

Үлкен жобаларға бастамашы болдық. Жаһандық татулық пен адами құндылықтың әрдайым қолдаушысы болып, бірлігі кетіп, берекесі қашқан кез келген дүниенің арашасысы, төбел биі бола білді. Төрінен орын беріп татулыққа шақырды. Сондай-ақ, адамзат тарихында алғаш рет ядролық қарудан өз еркімізбен бас тартып әрі әлемді әлемді соған шақырған, әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің басын бір арнаға тоғыстырған да біз екенбіз.

 Мұның барлығы, әрине егемендіктің арқасы. Тәуелсіз қазақ елінің тізгінін Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстаған сарабдал саясат пен салихалылықтың нәтижесі. Бүгінде Қазақ елін күллі әлем таниды. Басында айтып өткеніміздей әлем халқы елімізді татулықтың отаны, 140 этникалық және 40 конфессиялық топ өкілдерін бір қауызға сыйғыза белген бірліктің символы деп таниды.

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын көтеріп 2003, 2006, 2009, 2012 және 2015 жылдары Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төрт бірдей сиезі болып өтті. Оған ислам, христиан, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және өзге де дәстүрлі діндердің басшылары мен көрнекті өкілдері қатысып, адамзат тарихында алғаш рет діни диалог өтті. Діни қауымдастықтарды рухани жақындастыруға бағытталған мәнді әңгімелер айтылып, нәтижесінде азаматтарға, халықтар мен үкіметтерге жолданған декларациялар мен үндеулер қабылданды.

1991 жылы 29 тамызда «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына қол қойдық. Бұл өте үлкен тәуекел еді. Осындай терең пайымға толы Жарлығы арқылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ядролық державалар басшыларына тағылым көрсетіп, қарусыз әлемнің көшбасшысы бола алатынын көрсетті.

2010 жылы ТМД елдері арасында алғаш болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынның саммитін өткізіп, Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Американың 56 елінің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық еттік.

Орталық Азия аймағы мен ТМД елдері арасында да алғаш болып Астана ЕХРО-2017 көрмесі өтті. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы аясында өткізілген бұл көрмеге әлемнің 115 елі мен 22 халықаралық ұйым қатысты. 4 миллионнан астам адам келіп тамашалады. Оның жарты милионы әлемнің 187 мемлекетінен келген шетелдік қонақтар еді.