Шортандыдағы ГУЛАГ траекториясы
21.02.2018 1864
Конференция барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Шортанды ауданының тарихы бойынша үш негізгі баяндама жасады

2018 жылдың 15 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы Ақмола облысы Шортанды ауданының қолдауымен «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы аясында «Шортанды ауданының тарихы: ГУЛАГ траекториясы және КСРО халықтарының жер аударылуы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция академик А.И. Бараев атындағы астық өсіру ғылыми-шаруашылық орталығында өтті. Конференция модераторлары Ақмола облысы, Шортанды ауданының әкімі Г.Ә. Садвокасова және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.Т. Мусабалиналар  болды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасындағы Венгрия Елшілігі мен Қазақстан Республикасындағы Польша Елшілігі қатысты. Конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасындағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани және Қазақстан Республикасындағы Польша Елшілігінің Екінші хатшысы Анджей Бобер сөз сөйледі. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар қатарында Қазақстан Республикасындағы Венгрия Консулы Шандор Дороги болды. Конференцияның белсенді қатысушылары - Шортанды ауданының халқы және Қазақстан тарихы кафедрасының ОПҚ, магистранттары.

Конференцияны Шортанды ауданының әкімі Г.Ә. Сәдуақасова ашты. Ол өзінің кіріспе сөзінде Шортанды ауданының тарихына кең түрде тоқталды және Шортанды ауданында «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасының жүзеге асуы туралы айтты. Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.Т. Мусабалина өз баяндамасында «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының мазмұнының негізгі ережелеріне тоқталды.

Конференция барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Шортанды ауданының тарихы бойынша үш негізгі баяндама жасады.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор А.С. Мұсағалиева «Ақмола облысына жер аударылған халықтар туралы жаңа деректер» тақырыбында баяндама жасады. Ол Ақмола облысына, оның ішінде Шортанды ауданына жер аударылған халықтар тарихының бірнеше кезеңдеріне тоқталды. Ерекше назар солтүстік аймаққа жер аударылған халықтар, оның ішінде поляк, неміс, украин, шешен және ингуштар туралы деректерге аударылды. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы жер аударулар туралы жаңа деректерді кестелер мен слайдтарда  көрсетті.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор С.В. Ковальская «Күштелген миграциялар тарихы мен жер аударылған халықтардың тағдыры» атты баяндамасында жер аударулардың теориялық мәселелеріне, тақырыптың тарихнамасына тоқталды.

Филология ғылымдарының кандидаты, орыс филологиясы кафедрасының доценті Р.М. Мусабекова «Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет руднигіндегі шетелдік әскери тұтқындар туралы деректер» атты баяндамасында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери тұтқындар мен ұсталғандар туралы жаңа құжаттарды талдады. Слайдтарда Солтүстік Қазақстан лагерлерінің орналасу орындары мен Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Угольный селосындағы әскери тұтқындар молаларының карталарын көрсетті.

Конференция жұмысы барысында қатысушылар қызықты сұрақтар қойып, зерттеу тақырыптарын талқылады.