Енді ешқашан!
22.02.2018 2254
Әзірбайжан Елшілігінде адамзатқа қарсы жасалған осындай сұмдық қылмыстардың құрбандарын еске алуға арналған «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Ходжалы, Руанда» фотокөрмесі ашылды

Іс-шараны Халықаралық түркі академиясы мен ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының қолдауымен Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мен Түркі мәдениеті мен мұрасының халықаралық қоры ұйымдастырды.

Өз сөзінде Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов бұл күннің кездейсоқ таңдалмағанына тоқталып өтті. Ол Холокост құрбандарын еске алу және Ходжалы қасіретімен байланысты. Бұл жолы көрме Мемлекет тарихы институтымен ұсынылған 30-шы жылдардағы ашаршылыққа қатысты материалдармен толықтырылды.

Түркі мәдениеті мен мұрасының халықаралық қорының Президенті Гюнай Эфендиева бүгін, осы жерге, әлемдегі ең жаһандық проблема – терроризм құрбандарын еске алу үшін жиналғандықтарын атап өтті.  Ашаршылык, Холокост, Камбоджа, Ходжалы, Руанда адамзат жадында қанды із қалдырды. Ходжалы геноциді қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың жантүршігерлік үлгісі.

Бұл қорқынышты күннен бері 26 жыл уақыт өткеніне қарамастан, азаматтардың жүрегінде әлі де сақтаулы. Тұтқынға түсіп, адам төзгісіз азаптауларды бастан кешірген мыңдаған бейбіт тұрғындарды қайғыра еске аламыз. Балалар өлімінің қасіреті – бұл болашақтың қасіреті, болашағын жоғалтқан адамдардың қайғысы. Соғыс – бұл жауыздық, өркениетте оған орын жоқ. Осы жауыздықпен күресу – әрқайсымыздың ісіміз. Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз, біз террорға қарсымыз. Осындай нәзік әлемде біз бір-біріміз үшін жауаптымыз.

Астана қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух адам өмірінің бағасы туралы айтты. Адамдар күнә жасай бастағанда, Бүкіләлемдік топан су басқан заманда, Нұх (Ной) кемеден шыққан кезде, адамдар негізгі өсиеттерді қабылдайды, алғашқы өсиеттердің бірі – өлтірме. Егер біз негізгі жеті өсиетті нық ұстайтын болсақ, онда өмір сүреміз. Бірде-бір мемлекет оларсыз өмір сүре алмайды. Құдай бұйырып, біз гүлдене берейік, мемлекетіміз мықты мемлекет болсын, заңдары дұрыс болсын, адамдық ұлтына, терісінің түсі мен расасы бойынша  өлтірулерге жол берілмесін. Мен көріп тұрған бұл жердегі ең басты фраза: «Енді ешқашан». Енді ешқашан балалардың өлімін көрмейік, ешқашан аштық болмасын. Біз қуғын-сүргін, Холокост кезінде жан-жақтан келгендерді қабылдаған қазақ халқына ризашылығымызды білдіреміз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқынбаев нақақ құрбан болғандардың рухы алдында тағзым етуге дайын екендігін білдірді. Фотокөрме құжаттары «Бұл қалай болды? Неге бұлай болды?» деген сұрақтар төңірегінде тағы да бір рет ойландырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев та бұл туралы үнемі еске салып отырады. Мәселен, 2012 жылы Астанада тұңғыш рет халықаралық конференция өтіп, басты көшелердің бірінде 30-шы жылғы аштық құрбандарына арналған ескерткіш қойылды.

Қатысушылар назарына Әзірбайжанның Ходжалы қаласындағы геноцидке арналған қазақстандық әнші Нейля Гулиеваның орындауындағы жаңа ән ұсынылды.

Көрмені өз сезімін әуенмен білдірген Әзірбайжан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Баку музыкалық академиясының доценті, дирижер, композитор Ислам Манафов мырзаның музыкасы сүйемелдеді.