Салман Героев: «Бір түйір нанымен бөлісті»
31.10.2017 1928
Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты халықаралық ынтымақтастық, ғылыми байланыстарды кеңейту саласында жұмыстар жүргізуде

2017 жылы  елордалық мұрағат қызметкерлері Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатында (Санкт-Петербург), Өзбекстан Республикасының Орталық мұрағатында, Ингушетия Республикасының Мемлекеттік мұрағатында болып қайтты. Омбы облыстық тарихи мұрағатының көрме өткізуі, «Алаш» партиясы негізінің қаланғанына 100 жыл толуына орай «Алаш: замандастар көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу игі қадам болды. Конференция жұмысына Ресейдің Томск, Омбы, Орынбор облыстарының, Татарстан, Өзбекстанның мұрағатшылары қатысты.   

Ингушетия Республикасы Мемлекеттік мұрағаты өкілдерінің келуі мұрағаттың ғылыми өміріндегі үлкен оқиғаның бірі болды. Осы орайда 2017 жылғы 24 қазанда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің өкілдері, ақсақалдар мен «Вайнах» ұлттық-мәдени орталығының жас өкілдері қатысты.

Салман Героев 1944 жылғы ақпанда Қазақстан мен Орта Азия елдеріне заңсыз жер аударылған халықтарға деген қазақ халқының жанашырлығын еске алды.

«Бізбен бір түйір нанымен, бір жұтым суымен бөлісті, ешкім кеудемізден итерген жоқ, үйінің бір бұрышынан орын берді. Осының арқасында вайнах халқының жартысы аман қалды, сол үшін біздің айтар алғысымыз шексіз».

Тәуелсіздік алғаннан кейін біздің өміріміз елеулі өзгерді. Салман Героев 1992 жылдың күзінде өткен Қазақстан халықтарының алғашқы форумының қатысушысы, осы форумда Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз бәріміз –қазақстандықтармыз, бәріміз бірдейміз», – деген болатын.

«Бұл біз үшін өте маңызды болды, – дейді Салман Героев, – 1992 жылғы мамырда өзіміздің этномәдени орталығымызды құрғаннан кейін өз тіліміз бен мәдениетімізді дамыту үшін барлық мүмкіндіктеріміз бар».

Ресей Федерациясы елшілігінің кеңесші уәкілі Мусиенко Александр іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Осындай іс-шаралар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтіп, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мекемелері арасындағы  мұрағат саласында ғылыми және мәдени байланыстарды кеңейту шеңберінде, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Мусиенко қоныс аудару тарихына қатысты 1944-1957 жылдары ССРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қаулысымен «фашист басқыншыларына көмектескені үшін» Шешен-Ингуш АССР-інен Қазақ ССР-іне 4000 адам, Қырғыз ССР-іне 90 000 адам қоныс аударғандығын еске салып өтті. Миллиондап эвакуацияланған және қоныс аударылған халықтарды өз жерінде паналатқаны үшін Мусиенко қазақ халқына алғысын білдірді. Ғалымдарды өткен тарихты зерттеуге, зерделеуге шақырсам ба деймін, тарихтың бұрмалануына жол берілмеу керек және сол кезде тартқан барлық халықтың азабы үшін кінәні бір халыққа жабуға болмайды, ата-бабаларымыздың тарихына деген тағзым бізді қорытынды жасауға мәжбүрлейді, бірақ олар ешбір жағдайда халықтардың бөлінуіне жол бермеуі керек, біздің халықтарымыздың болашақтары жарқын екендігіне сенемін.

Бұдан әрі сөз кезегін Ингушетия Республикасынан келген құрметті қонақтарға берілді. Ингушетия Республикасының Мемлекеттік мұрағатының директоры Картоев Магомет Мусаевич сапарларының жемісті болатындығына және зерттеушілер қажетті мұрағаттық материалдар мен құжаттарды таба алады деп сенетіндігін жеткізді.

Ингуш  мемлекеттік университетінің доценті, саяси ғылымдарының кандидаты, Ч.Э. Ахриев атындағы Гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты этнология бөлімінің  аға ғылыми қызметкері  Арапханова Лейла Якубовна мұрағат жұмысының өз ерекшелігі болатынын айтып кетті.

Құжатқа тапсырыс беріп, оларды сол мезетте алуың мүмкін, бірақ кейде кейде екі-үш күннен кейін де алатын құжаттар болады.  Біз үшін уақыт өте маңызды, әр минутың алтынға тұрарлық. Біздің тарихымыз Қазақстанның тарихымен және онда тұратын халықтар тарихымен тығыз байланысты. Біз өз тарихымыздың бір бөлшегін осы жерде қалдырдық. Тіпті менің отбасымда да әкемнің ағалары мен апалары осы жерде жерленген. Туған жерге әкем жалғыз оралды. Әрине, Қазақстан халықтары өте тату, ынтымақтас екендігін айта кету керек. Осыншама толерантты болу және бірін-бірі түсіну екінің бірінің қолынан келе қоймас. Бұл – Қазақстан басшыларының және барлық қазақстандықтардың арқасында қол жеткізілген жетістік.     

Лейла Арапханова диаспора үшін және олардың Қазақстан дамуына қосып жатқан үлесі үшін мақтаныш сезімін білдірді.

Ч.Э. Ахриев атындағы Гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының жаңа және қазіргі заман тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері қызметкері Яндиева Тамара Уматгиреевна Ингушетия Республикасының жақында құрылғандығын, биыл республиканың 25 жылдығы тойланатынын атап өтті. Республика құрылғаннан бастап біз өткеннің орнын толтыру үшін бар мүмкіндікті қолданып жатырмыз. Осы 25 жыл ішінде экономика, мәдениет, рухани даму саласында көп жұмыс жасалды. Осы бағдарлама аясында біздің Қазақстанға сапарларымыз да жиілей түсті. Біз Қазақстан мұрағаттарында жұмыс істеуге осымен төртінші рет келіп отырмыз, қайда барсақ та, Астана, Алматы және басқа да қалаларда біздің халқымызға деген ыстық ықыласты байқаймыз. Бұл – 13 жыл кінәсіз жер аударылған әке-шешелеріміздің қатынасының айғағы.  

Қазақстанға қоныс аударылған 93 мың адамның 20 мыңы майданға шақырылған. ІІ Дүниежүзілік соғыс майдандарына 20 мың адамын жіберіп, оның 6 мыңы қайтыс болған халық қалайша сатқын болады? 57 адам Совет Одағының Батыры атағын алған. Қалай болғанда да әділдік тек 13 жыл өткен соң барып қана орнады.

Аға буын қазақ халқынан көп нәрсені үйренді. Біз де өз салт-дәстүрлерімізді ингуш халқына бердік. Біз осында келгенде қазақ халқының ингуш диаспорасына деген қатынасын көріп, ішіміз жылып қалады. Сондай жылы, сондай достық қатынастар. Бұл – осы жерде тұрып жатқан диаспораның еңбегі. Егер олар өздерін жаман жағынан, жағымсыз жағынан көрсетсе, оларға қазақ халқы тарапынан бұндай жылы шырайлылық болмас еді.

Кездесу соңында «Вайнах» ұлттық-мәдени орталығының өкілдері өздерінің музыкалық өнерлерін көрсетті.