«Қазконтент» АҚ жаңа маусымын таныстырады
12.09.2017 2381
Қазақстанның интернет және медиа кеңістігіндегі ең ірі компаниялардың бірі «Қазконтент» АҚ бүгін, яғни 12 қыркүйекте жаңа интернет-маусымының таныстырылымын өткізеді.

Акционерлік қоғамның басты мақсаттарының бірі - ұшы-қиыры жоқ ғаламтор кеңістігіндегі ұлттық контентті күшейтіп, қазақстандық сегменттің дамуына өз үлесін қосу, сонымен қатар, мемлекеттік интернет-ресурстарды жетілдіре отырып, Қазақстан халқының ақпаратқа деген сұранысын жан-жақты қамтамасыз ету. 

Шара барысында қоғам құрамындағы интернет-жобалардың жетекшілері алдағы маусымда жасалатын жұмыстар туралы жан-жақты мәлімет беріп, қолға алынған ірі жобалармен таныстырады. 

Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов алға қойылған нақты жоспарларымен бөліседі деп күтілуде.

Айта кетейік, шарада «Strategy2050.kz», «BNews», «BAQ.kz» ақпарат агентіктері, "adebiportal.kz», «el.kz» және «e-history.kz» порталдары жаңа маусымда атқаратын жобаларын таныстырады.