Қыпшақтар ізі немесе Румыния мен Молдава еліндегі қазақ сарбаздарының зираты
06.09.2017 1993
NDH порталының хат қоржынына Гүнер Ақмолла (Румыния) және Юрие Илашку (Молдова) есімді ғалымдардан хабар келіп түсті.

Олар Румыния мен Молдова территориясында қалған татар ұлтының іздері тақырыбында зерттеулер жүргізеді екен. Гүнер Ақмолла тегі қыпшақ, татарлар жайлы тарихи романдардың авторы, Констанц қаласында румын және татар тілдерінде жарық көретін «Емел» көркем журналын шығарады. Ал Юриe Илашку болса, Ион Крянгэ атындағы Кишинев педагогикалық университетінің доценті. Токсобень ауылының тумасы, «TOQSOBENI» ғылыми кітабының авторы.

2017 жылғы шілде айының соңында бұл екі ғалым Молдова Республикасы Фалештский ауданының Toксобень ауылында көне қыпшақ бабаларымыздың ізін зерттеу мақсатында эекспедициялар ұйымдастырған. Сапар барысында олар Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Ясско-Кишинев әскери операциясына (1944 жылғы тамыз айы) қатысып құрбан болған советтік жауынгерлердің мемориалына тағзым етті.

Түркі тілдес халықтардың тілі мен мәдениетін жақсы білетіндіктен Гүнер ханым Ақмолла Қызыл Армия қатарына шақырылып, Токсобени топырағында мәңгілік қалып қойған ұлты қазақ боздақтардың есімін анықтады. Олардың ішінде Абдулаев Садулла, Абдулан Садула, Бабаджанов Абдула секілді он шақты есім бар. Гүнер Ақмолла ханымның туыстары Аделя мен Майя сапар барысында оларға жол көрсетіп, алып жүрді, 1000 сарбаздың есімі фотоға түсіріп алды және оларды жариялау рұқсаты болса, толық ақпарат беруге дайын. Бұдан басқа авторлардың ұсынатын материалдарың этнографиялық, антропологиялық құндылығы жоғары. Онда қыпшақтардың Молдова, Румыния жерлерінде пайда болу тарихы, ортағасырлық қолжазбалардағы тарихи дәлелдер, сондай-ақ бай тарихи фольклорлық материалдар қамтыған. Ғалымдардың бұл зерттеулері біздің оқырмандарымыздың да қызығушылығын оятады деген сенімдеміз.

2017 жылғы шілденің соңында авторлар қыпшақтардың (qâpcegi) ата-бабаларының ізін іздеу мақсатында мәлімет алу үшін Молдова Республикасы, Фалешт ауданы, Токсобень селосына сапар жасаған болатын. Бұл елді-мекенге шамамен 1241 жылдан бастап алғаш рет татар-қыпшақтар қоныстанып, өмір сүреді де, кейіннен XIV-XV ғасырларда «молдовандандыруға» ұшырайды. Toксобень топонимі Toqsoba этнонимінен шығады, ал Ипатьев монастырының орыс хроникасы оларды – Токсобици деп атаған  [1, 34-бет.].

В лeт . ҂s х . [6660(1152)]… Изѧславъ… съкупѧ всю свою дружину… и вси Чернии Клобукъı . и Киӕнъı лутшии . и всю Рускую дружину и поиде . и ӕкоже приде къ Дорогобужю… тогда же Ӕрославичь Ростиславъ . с брат ею и с Рѧзанци . и с Муромци . поидоша съ Гюргемъ . а не ѿрекоша ему . тако же и Половци . и Ѿперлюеве . и Токсобици . и всѧ Половецьскаӕ землѧ

Toксобень селосы – теңіз деңгейінен 61 м орташа биіктікте және 47°39'02" солтүстік ендікте, 27°59'16" шығыс бойлықта орналасқан, Фалешт ауданындағы елді мекен. Деревня Орта Прут жазығының аллювиалды даласында орналасқан, ол палеолиттен бастап қазіргі заманға дейінгі археологиялық ландшафтқа өте бай аймақ. Деревняның адырлы ландшафты солтүстік-шығысқа қарай фрагменттелген жалпы түрге ие, бірақ мейлінше орманды, максималды биіктігі 180,2 м.  

ХХ ғасырдың басында Врэнешть селосы орналасқан,  Токсобень деревнясының маңындағы опырылмалы жер, осыған байланысты тұрғындардың бір бөлігі Токсобень селосына көшіп, Надел көшесін құрайды. Көкжиектен Скулень-Фэлешть (R-16) бағыты бойындағы ағаштар тізбегін көреміз, бұл жерге тұрғындардың екінші жартысы көшіп келіп, Врэнешть аттас шағын ғана деревняны құрды, оны бір жағынан Чурка тегінен шыққан «În Deal la Ciurcani (Чуркандар дөңінде)» деп те атайды, осы деревняның көпшілігінің тегі Чурка, олардың қыпшақтардан шыққан тегі күштеп христиандандыру драмасын бастан кешірген. Фэлешть жағына қарай шамамен 4-5 шақырым жерде бұрынғы Kischla nigul SÜrb қонысының орнын байқадық, қазір бұл жерде тал-шілікті жыра ғана қалған. Көне молдаван шежірешілері «selişte tătărească!» деп атаған татарлардың осы қонысынан жоғары қарай  аты ұқсас Kischla anigul қонысы, Бокша елді мекенінен кейін (солтүстікке қарай 6-8 шақырым) орналасқан. 

Чурка отбасы, Врэнешт шіркеуінің шіркеу кітабында, патшаның басқыншы үкіметінің өкімі бойынша 1806-1807 жылдары Қырымға жер аударылмас үшін ашық түрде Исламнан бас тартып, Православиеге өтуге келісімін бергендер деп жазылған (сол кезде соңғы 5000 «молдавандық татарлар» жер аударылды). Осыған байланысты үкімет оларды бір жыл бойы құдайға құлшылық етулердің бәріне қатысуға қатаң талап қойып, Врэнешт шіркеуіне 5-6 шақырым жақын көшіп келуге мәжбүрледі. Чурка тегі қазіргі Орталық Азияда тұратын халықтардың өкілдеріне қатысты ресейлік шовинистердің қорлап тіл тигізе отырып берген атынан алынған. «Чурка» жаман сөзі орыс тілінің «чурить - прищуриваться, сығыраю (Псков, Тверь. (Даль), көзін сығырайту, сықсию» етістігінен шыққан, татар, башқұрт, өзбек, қазақ, қырғыздардың және т.б. моңғол нәсілінен шыққанын меңзеп айтқан. Фалешт ауданындағы Toксобень селосында 2014 жылғы өткен халық санағына сәйкес 1483 тұрғыны болған. Фалешть қаласына дейінгі тура жол 22 шақырымды, Кишинев қаласына дейін – 140 шақырымды құрайды. Токсобень коммунасының (селолық кеңес) құрамына келесі елді мекендер кіреді: Токсобень, Врэнешть («Чуркандар дөңінде», 36 адам) және Новая Хрубна (360 тұрғын).    

 

Фэлешть ауданының 2004 жылы әзірленген елтаңбасы мен туы       

 

 

 

 

Авторға қандай идеялар шабыт бергенін білмеймін, бірақ оның «ауданның қыпшақ кезеңі» деп аталуынан бейхабарлығына сенбеймін, әсіресе жеті топонимге қатысты: Toqsobeni, Teleneşti, În Deal la Ciurcani, Kischla nigul 3 SÜrb, Kischla anigul, Kischla-Mândreşti, Ciuluk - село және Ciuluk – жылға, În Deal la Ciurcani (Doltu және Katranâk нақтылануда!) басқасының бәрі орал-алтай тілдері тобынан шыққан.  Осы жерде қыпшақтар мен құмандардың ата-бабалары өздерінің үлкен жүк арбаларын жайып, Дешті-Қыпшақ аталатын ен далада әйгілі татар аттарын салт мініп, Бурджак, Карпат пен Балқанға иелік еткендері белгілі.  

Өткен ғасырлардың, біресе Бахчисарай жаққа апаратын,  біресе Солхат - Эски Qârâm жаққа немесе кешегі Ескі Қырымға, кейде Дунай арқылы Вена жаққа апарып тоғыстыратын жолдары. «Toquz-oba» атауы, содан алдымен Токсобици этнонимі, кейіннен мағыналық мәнінің он шақты нұсқасы бар Toксобень топонимі, оларда «T» кейде «Д» формасында да кездеседі. Осыған ұқсас мысалды Танер Мураттың қырым татарлары – румын сөздігінде оқимыз: «doqâz» нөмір тоғыз; грамматикалық туындыларды да, сонымен қатар  doqâzau, doqâzar, doqâzbay, doqâzlâq, doqsanyil және басқаларын қосады; «тoqâz (авторлар «q» үшін де «к» қолданған) тоғыз аспабауы бар ту; қырым говорының сын есімі; тоғыз бекзат ұлт мүшесі; сол қасиетті тоғыз аспабау одағының мүшесі» [2, 101-бет].

Біз осы жерде айтылған «Doquz» санының  «toquz» нұсқасымен берілген мақал-мәтелдерін кеңінен қолдана отырып, санның немесе «қасиетті» терминінің мағынасының қайдан пайда болғанын түсіндіру идеясын қолдаймыз  қолдаймыз:

«Doquz ulum bolgaşî, oturaq bâr qartâm bolsân» / Тоғыз ұлың болғанша, бір жаман шалың болсын; «Doqsansâz torgau şârlamaz, toymay oksîz cârlamaz» / Күздің тоқсан күні өтпей, шымшық шырылдамас, қарны тоймай, жетім ән айтпас» [3, 44-бет].

Өткен замандарда және қазіргі уақытта қыпшақтар мекендеген немесе олардың ұрпақтары тұратын басқа аумақтардағы  қоныстардың атаулары дәлелдеріміздің екінші кезеңі болып табылады (осыған байланысты татар халқының қазіргі тілінің 90% қыпшақ тілінен, ал қалған 10% моңғол, орыс, сақ, грек тілдерінен шыққан деген дәлелге тоқталамыз). Көші-қону туралы өлеңнің мәтінін қоса отырып, ортақ өткеніміздің бейнесін толықтай анықтай аламыз: «Qazan, qazan, et astân/Soganân yoqmî, cipiyâm/Oz bașâna toy yasap /Tuganân – îruvân- yoqmî, cipiyâm» [4, 140-бет]. Жеңілген халықтың күн көрісіндегі тілдің рөлі белгілі. Қанаушылық ғасырларын есіңе салатын мақал: «Tâlân cöytqan, soyân cöytar»/ «Тілінен айырылған, халқынан айырылады»! Осы ой-пікірден шыға отырып, Токсобеньге аттандық. Жаңбыр жайып тұрды, біздің сапарымыздың тарихи символы іспеттес, деревняға кіре бергенімізде аспанды қақ жарып, ғасырларды бір-бірімен қосқандай үлкен кемпірқосақ пайда болды.

 Жапон жағалауынан бастап Вена қабырғасына дейінгі барлық түрік-татар тілдерінде кемпірқосақты «ebem quşagî» деп атайды, ол «туу белдігі (кіндігі)» деп аударылады.  Кеңінен таралған мағынасында: акушер әйел, ана, мәңгілік дегенді білдіреді. Осылайша, Toqsobeni деревнясы Венгриядағы кун провинциясымен (онда Токсаба аталатын адамдар бар) Румынияның Добруджіндегі Toqâzsufî селосы, Анатолийдегі Toksuf пен Өзбекстандағы Doqzuv арасында, одан әрі Қазақстанға кетеді.  Оның үстіне 1920-1940 жылдары зерттелген дене құрылысы типі мен қан ДНҚ-сы Румын кеңістігінің Орталық Азиямен  туыстығын көрсететін «мықты» дәлел болады (E. Питард, Еуропа халықтары).

Қазақстанда мынадай антропонимдер мен топоним бар: Doquz Bulaq, Toba, Tuba, Tuva, Tele (Алтай тауларында), Toka (Моңғолия), Nayman, Urum, Oguz, Bulgar, Saka, Yakut, Yugur халықтарының орал-алтай тілдерінен шыққан атаулары өткен күнде де, қазіргі кезде де бар. В. Болокан мырзаның көрнекті тарихшы Нягу Джуварамен (DJUVARA Neagu) болған сұхбаты (түйінделген идеяны интернеттен алдық) «O scurtă istorie a românilor povestită celor tineri» кітабының идеяларын жинақтайды [5, 53-бет].

«1228 жылы христиандықты қабылдаған құмандар тобымен не болды»? Моңғолдар толқыны таяған кезде, олардың басшысы, Қотан хан,  қаһарлы Батыйдан  тығылу үшін бәрімен бірге Карпатта бой тасалауға Венгер королінен рұқсат сұрапйды.  Бірақ бұдан кейін не болды? Қыпшақтар бәрі бірдей қаза тапты ма, жоғалып кетті ме, буланып кетті ме? Бұл жердің татар-қыпшақтан шыққанының қосымша дәлелі ретінде Теленешть екінші топонимі келтіріледі, бұл да қыпшақ тілінен шыққан. «Семь Мэриоаре» деп аталатын жерге авторлар Миклеушень мен Toксобень арасында орналасқан, о басқа сол қыпшақтар, тек «tele», мекендеген кішкене ғана шет аймақты шоғырландырды. Бастапқы «tele» атауы қарақалпақ тілінде «telengen» формасын иеленсе, орыс тілінде «телега» (арба) атауын алды [6, 378-бет].

Румын тілінде teleaga көне сөзінің эквиваленті бар. Tele-şenii (теляги) Токсобици қосымша әскерінің үлкен дөңгелекті арбаларынан болды, олар әскери кампанияларға қажетті азық-түлікті жеткізіп тұратын, ішінде ұйықтауға болатын шатырлары болды. Олар тек тасымалдаумен ғана емес, сонымен қатар осы арбаларды дайындаумен де айналысты. Ана жерде, осы көшеде, осыдан он жылдар бұрын Ковальчук (ұста) тегінің ұрпақтары тұрған! Ал селода Ротару тегінің көп болуы (орысшасы Колесник!) осы мамандықтың жергілікті тұрғындар мен жаңадан қоныстанушыларға берілгендігін түсіндірмейді ме? Қыпшақтардың арбасы ХІІ ғасырдағы ресей хроникасында берілген, ат үстіндегі шабандоз – атты жүргізетін - «Teleaga - делбеші». Осының дәлелі ретінде бізде Молдованың 26 елді мекенінде тұрып жатқан 74 Teleaga тегі және Румынияның 200-ден астам қаласында тұрып жатқан tele сөзінен шыққан тектер бар.  

Қыпшақтардың еуропеоидтік болулары туралы күмәнді жазба дереккөздеріне негізделген пікірлерді дәлелдеу қиын. Оған қарағанда археологиялық олжаларға негізделген палеоантропология деректері көбірек сенім тудырады. Бұл жерде нақтылықтың басты шарты – жерлеу рәсіміне негізделіп археологтар жүргізетін палеоантропологиялық материалды этникалық сәйкестендіру. Ал біздің жағдайымызда, археологиялық қазбалардың болмауына байланысты, олардың нақты (тайпалық) сәйкестендіруін жүргізу әзірге мүмкін емес. Сондықтан қыпшақтардың сырт келбетін сипаттау біршама шартты және бұл суреттің еш көмегі жоқ. Теленештьте «Семь Мэриоаре», токсобеннен басқа, өз зираты бар, ол баяғыдан бері cimitirul ruşilor – орыстардың моласы» деп аталады.

Молдовада «орыс» этнонимін білдіретін тектің үш түрлі үлгісі бар (РУСНАК қыпшақтан шыққан; РУCСУ ерте молдован тілінен шыққан және Мәскеу мемлекеті өктемдігінің басталуына тән МОСКАЛУ), авторлар Токсобици «брендімен» орыс казактарының алғашқы нышаны немесе алғашқы орыстанған православиелік қыпшақтар жасырынуы мүмкін деп санайды [7, 17-бет]. Олар Токсобеньде осы күнге дейін Казаченко тегінің (одан басқа Бунчук, Баламатюк, Блидук, Каденюк, Гринюк, Дулап, Сокол және күні кешеге дейін Карагяур тектері болған!) болуын және мұсылман қорымдарының мүлдем ешбір белгісінің болмауын осылайша ғана түсіндіреді! Казактарды білдіретін екінші үлгі – Казаку де бар, бірақ ол Тимоша Хмельницкийдің Яссыда басынан кешкендерімен байланысты туған, және ол туралы басқа әңгімеде айтамыз! Картада біз, Ипатьев монастырының хроникасымен сәйкестендірілген, 1152 жылы Дон мен Донец арасында орналасқан Токсобици жолын көрсеттік.  Татар-моңғол ордасының одақтастары бола отырып, олардың экспедициясы 1232 жылдан бастап 1242 жылға дейін Токсоба деген атауға ие болған жерге дейін жетеді, кейін ол жер Токсобень деп аталады (1598). Дон ↔ Донец және Прутқа дейінгі бұл жол карта көрсетілгендей, тура болды деп ойламаймыз! [8]. Токсобеньге келісімен, біз, әрине, Екінші Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан кеңес әскерлерінің мемориалына келдік, бұл жерде Яссы-Кишинев (24/08/1944) әскери операциясы барысында ауыр шайқастар болып, 1000-ға тарта кеңес жауынгерлері ажал құшқан болатын.   

TOQSOBENI орталығындағы кеңес жауынгерлеріне қойылған ескерткіш

 

 Түркітілдес халықтардың тілі мен мәдениетін білуі, татар мен румын тілдерінің жазушысы Гюнер Акмолла ханымға, Қызыл Армия қатарына шақырылып, Toqsobeniде мәңгілікке қалған қазақтардың аты-жөнін анықтауға мүмкіндік берді. Авторлар Абдулаев Садулла, Абдулан Садула, Бабаджанов Абдула және тағы басқа аттарды бөліп көрсетті. Саяхатымызға еріп жүрген, Гюнер Акмолла ханымның жиендері, Адела мен Майя барлық 1000 сарбаздың аты-жөндерін суретке түсіріп алды [9]! Сонымен қатар авторлар, деревня атауының деректерде алғаш кездесуінің 420 жылдығына орай, 2018 жылы Примэрия жергілікті кеңесінің атынан Таксобень селосының транскрипциясын TOQSOBENI деп дұрыс атауына өзгертуді сұрап Молдова Республикасы Үкіметіне ресми хат жолдауды бастамалауға ұсыныс жасап отыр! Ешқандайда ТОКСОБИЦИ тұқымын дәріптеу мақсатында емес, тек бар болғаны тарихи шындыққа және орфография дұрыстығына көңіл аудару үшін! 

Гюнер АКМОЛЛА,

татар мен румын тілдерінің жазушысы, Констанца, Румыния,

 Юриe ИЛАШКУ,

Ион Крянгэ атындағы  Кишинев педагогика университетінің доценті, Кишинев, Молдова

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. ILAŞCU Yurie, Toqsobeni, Chişinău: S. n., 2017 (Tipogr. UPS "Ion Creangă"). – 68 p.: fig., fot. color.

2. Taner MURAT, SOZLÂK, DICŢIONAR Qırım-tatarca, USA, 2011, 429 стр.

3. MUSTEGEP Ulkusal, Proverbele şi zicătorile tătarilor crimeeni din Dobrogea, România, 1970, стр. 44.”

4. AKMOLLA Guner, Cântecele emigraţiei tătare crimeene, 2015, стр.140.

5. DJUVARA Neagu, O scurtă istorie a românilor povestită celor tineri, ed.Humanitas, стр.53, 2007. 

6. С.Г. КЛЯШТОРНЫЙ, Т.И. СУЛТАНОВ, Казахстан. Летопись трѐх тысячелетий, AlmaAta, ed. Raian, 1992, 378 стр. format PDF.

7. АУСКИЙ Станислав, Казаки, С-Петерсбург, из-во Нева, 2001, стр. 17.

8. В.А. ИВАНОВ, Г.Н. ГАРУСТОВИЧ, Я.В. ПИЛИПЧУК, Cредневековые кочевники на границе Eвропы и Aзии, Ufa, 2014, format PDF.

9. AKMOLA Adéle, Фотографии: https://drive.google.com/drive/folders/0Bxy9yMNbfgsROFo1MENYX3BzdG8