Ұлттық тарихты реформалаудың қорытындылары
01.10.2013 2045
Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы әзірленіп, баспаға жіберілген.

Мемлекет тарихы институтының ғалымдары 10-сыныпқа арналған қазақ және орыс тілдеріндегі Дүниежүзілік тарих пен Қазақстан тарихы оқулықтарына сараптама жасады. Оқулықтар жаратылыстану –математикалық және қоғамдық-гуманитарлық сияқты екі бағытты нысанаға ала отырып дайындалған, бұл туралы ұлттық тарихты реформалау мәселелері жөніндегі баспасөз конференциясында ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған хабарлады.

Профессордың айтуынша, Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы әзірленіп, баспаға жіберілген. «Онда Қазақстанның ірі ғалымдарының ұлт тарихындағы бетбұрыс кезеңдеріне және оны реформалауға арналған мақалалары жинақталған. Білім министрлігінің басқаруымен популяциялық генетика зертханасы, артефактарды археологиялық сұрыптау зертханасы, антропологиялық зертхана мен дүниежүзілік тарихты зерттеу ғылыми орталығы, Орта Азия халықтарының дәстүрлі мәдениетін ғылыми-зерттеу орталығы құрылды», - деді Б.Аяған.

«Зерттеу тобы көне дәуірден қазіргі күнгі жейінгі Қазақстан тарихының базалық оқулығын жазуда. Мемлекет тарихы институты ғалымдары «Қазақстан тарихы (көне дуәірден тәуелсіздік кезеңіне дейін)», сондай-ақ «Қазақстанның жаңа тарихы» оқулықтарының және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бағдарлама-құрылымның тұжарымдамасын дайындауға қатысты материалдарды әзірледі».

Профессордың сөзіне қарағанда, «Халық тарих толқынында» тарихы зерделеу бағдапрламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобыбағдарламаның бірінші нұсқасын әзірлеп қойған. «Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты мыңдаған жылдық тарихын дүние жүзі тарихымен байланыстыра отырып қарастыру, сондай-ақ егеменді еліміздің жаңа тарихын зерделеу болып табылады».

Мемлекет тарихы институты базасында ай сайын ұлттық және шет елдер тарихы бойынша түсіндірмелік семинар-тренингтер өткізіліп тұрады, деді Б.Аяған. «12-қыркүйекте журналистерге арналып «Қазақтардың этногенезін зерделеудің пәнаралық жолы» тақырыбындағы семинар-тренинг болып өтті. Тақырыпты таңдау оның өзектілігіне негізделген, себебі популяциялық генетика тарихы түсінуде жаңа көкжиектерді ашып, үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін. XXI-ғасырдағы кез-келген халықтың этногенезін зерттеудің негізі тәсілі генетикалық зерттеулер болып табылады. Тарих және генетика ғылымдарының бірігуі арқылы жүзеге асатын бұл пәнаралық тәсіл – қазақтардық этногенезін зерттеуде үлкен серпіліс тудырары сөзсіз».

Сөзінің соңында профессор Б.Аяған биылғы жылдың 25-қазанында ҚР БҒМ басқаруымен Қазақстан тарихшыларының Конгрессі өтетінін хабарлады. Ол ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында алға қойылған нақты мәселелерді іске асыруға арналатын болады.

Дерек көз: ortcom.kz