"Астана- арман қала" көрмесі
29.07.2013 3751
Елордада астаналық танымал фотограф Владимир Куриловтың әріптестік жобасы аясында ұйымдастырылған "Астана-арман қала" атты жеке көрмесі ашылды.

Елордада астаналық танымал фотограф Владимир Куриловтың әріптестік жобасы аясында ұйымдастырылған "Астана-арман қала" атты жеке көрмесі ашылды. 

Экспозиция Н.Ә. Назарбаевтың резиденциясы болған Ақмола қаласы Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланған мәжіліс залына, Күмбезді залға қойылады. 

Владимир Курилов еліміздің бас қаласы Астананың жылнамашысы ретінде танымал. Оның жұмыстары Қазақстанның жас астанасына арналған көптеген фотосюжеттер арасынан  өзінің қайталанбас және соны көзқарасымен ерекшеленеді. Мұнда Қазақстан астанасы дамуының әр кезеңдері туралы фотосуреттердің тұтас бір топтамасы осы жер тумасының көзімен беріледі. 

Владимир Иванұлы Курилов 1956 жылдың 25 маусымында Акмола (Астана) қаласында дүниеге келді. Оның еңбек және шығармашылық өмірбаянының барлық кезеңдері туған қаласымен байланысты. Автордың фотосуреттері ертегі де арман қаланың қалыптасу тарихынан сыр шертеді. Соңғы жылдары Астананың сарайлары мен мұражайларында В. Куриловтың бірнеше жеке жобалары қойылды.  Бүгінгі көрме бұрынғыларынан бірінші кезекте үлкен көлемде жасалған жаңа фотосуреттерді назарға ұсынуымен ерекшеленеді. Ұйымдастырушылар оларды Күмбезді залдың кеңістігінде орналастыру кезінде бұл жердің мәні мен сәулеттік ерекшеліктерін ескерген. 

Көрмеде Владимир Куриловтың 2013 жылы құс қанаты талар биіктіктен түсірген 30 жұмысы назарға ұсынылады. Қала көрінісін ол зәулім ғимараттардың шатырынан, ұрымтал қырлардан және әртүрлі түсте түсірген. 

Бұл көрмеде қаладағы бәріне таныс ғимараттар мен көрікті жерлердің ,  Президенттің "Ақорда" резиденциясының, "Бәйтеректің", Бейбітшілік және келісім сарайының, "Қазырет Сұлтан" мешітінің, "Хан шатыр" ОСО-ның фотосуреттері қалаға тәуліктің әр кезінде әр беріп, басқа қырынан ұсынылды.  Шебер қаланың күндізгі және түнгі өмірінің қайталанбас кейбір сәттерін көзбен көруге мүмкіндік береді. 

Әсіресе астана келбеті қайран қалдырады. Мұндай суреттер үшін аспанмен таласқан ғимараттардың ұшар басына шығып қана қоймай, қатаң ережелерді де бұзуға тура келеді. Астанада мұндай суреттерді тек Владимир Курилов түсіреді. "Егер өз ісіңе бар ынтаңмен кіріссең, қашанда қажетті нәтижеге қол жеткізуге болады" дейді автор. 

Фотосуреттерде Қазақстан мен астананың тарихы тұнып тұрғандықтан бүгінде оларға баға жетпейді. Ал олардың құны басқа да тарихи жылнамалар сияқты күн өткен сайын артатын болады. 

"Астана-арман қала" көрмесі 2013 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

http://astana.kz