Ақмоладағы соғысқа дайындық ретінде жүргізілген шаралар
25.11.2024 908

1939 жылы Ақмола қаласы облыс орталығына айналды. Екінші Дүниежүізілік соғысы басталмай тұрып, қала инфроқұрылымы жақсы денгейде болды. Ақмолада 6 өндіріс орны жұмыс істеді. Жалпы жұмысшылардың саны 1 мыңға жуық, ал халық саны 32 мыңдай болды. 1940 жылы қалада 260 орындық 2 емхана, перзентхана, жедел жәрдем орталығы, орыс колхоз театры секілді басқа да мәдени орталықтар жұмыс атқарды.        


Соғыс басталғалы қала әкімшілігі қала тұрғындарын соғысқа алдын-ала дайындауды бастады. Мәселен 16-50 жас аралығындағы қала тұрғындары міндетті әскери дайындықтан өтті. Ақмолалықтар танкка қарсы қорғануды, химиялық қаруға қарсы қорғануды үйренді. Қалада әуе соққысына қарсы орталықтар жұмыс атқарды.

Ұлы Отан соғысы басталмай жатып Ақмола өңірінің тұрғындары табиғат қасіретінен зардап шекті. 1941 жылдың сәуір айында Есіл өзені арнасынан шығып біршама жерді су басты. Оны біз Ақмола қала депуттатарының үкімет алдыңда берген жылдық қаржылай есебінен байқай аламыз. Қала әкімшілігі зардап шеккендерге қаржылай компенсация төлеген болатын, сол себептен соғыс басталғанда қала қоржыныңдағы қаржының жетіспеушілігі байқалды.     

Аталмыш өлкелердің тұрғындары әскери өнерге машықтанып қана қоймай өлкенің өзі де әскери өнеркәсіпке айнала бастады. Батыс өлкелерінен эвакуацияланған зауыт фабрикалар осы өлкеге ауыстырылды. Соғыс жылдары халықтың жұмыссыздануына, экономикалық күйзеліске ұшыратса да соғыс құралдарын шығаратын зауыт ашылып, халықты қайтадан жұмыспен қамтып отырды. Ақмола облысынан 32000-ға жуық еңбек әскерлері жиналды. Шығаратын тауардың көптігінен темір жолы жетілдіріп, облыстың темір жолы қатынасы артып, өткізгіштігі едуір өскен болаты. Паровоз паркі мен темір жолы құрылысы қайта жасақталып, өндіргіштігі еселеп өсті. 

Ақмолаға еңбек әскерлері және мамандардың жетіспеушілігінене жан жақтап күштеп қоныс аудартушылық артты. Соның есебінен облыс аймағандағы тұрған саны мен халық түрі де арта түсті. Әр түрлі мәдениет әр түрлі салт, түрлі наным сенімнің бір орталықтануы, қала және облыс тұрғындарының саны артуы көптеген өзгерістерге әкеп соқты. Күштеп қоныс аударылғандар тарапынан наразылықтың артпауы үшін билік оларға белгілі мерзімге дейін жеңілдіктер беріп, өтемаұылар төлеп тұрды. Осылайша тұрмыс тіршілік мәселелері шешілген болатын. 

Батыс өлкелерде болып жатқан қан майданнан көшіп келген бейбіт тұрғандарда аз емес еді. Билік олардың да мәселелрін шешіп отырды. Өйткені олардың тұратын тұрғын үй жайы мен жұмыспен өздіген қамтылуы екіталай еді. Оның үстіне тіл мәдениетті білмейтін еуропалық тұрғындар да болды. Олардың қоныстануына байланысты билік эвакуациялық операцияларды жүргізді. Бейбіт тұрғындар арасында жаралы жарасы және қарапайым адамдар мен әскери адамдар да болды. Олардың саны алғашқы сәттің өзінде 68500-ге жеткен болатын. Шаруаға жарамдылары жұмыспен қамтылса жаралылар көмекке мұқтаждары госпитилизацияланған болатын. Олар үшін арнайы аурухана, оқу орны, демалыс орны, жұмыспен қамтылу мақсатында жаңа зауыт фабрикалар бой көтерген болатын. Бұлардың бәрі облыстың жандануына жаңадан тыныс тіршілік көзінің ашылуына себеп болды. 

Осылайша облыс аймағында функционалды өзгерістер арта түсті. Эвакуцияланған жаралы адамдарға арналған госпитальдар эвакогоспитальдар деп аталды. 1600-ші және 3006-шы нөмірлі эвакогоспитальдар осылайша пайда болған болатын. Осы госпитальдардың пайда болуына байланысты және медицина қызметкерлерінің ұйымдасушылықтың арқасында көпетеген жаралылар өлім аузынан аршаланған болатын. Облыс тұрғындарының иығына әскерде жүрген адамдарды азық түлікпен қамтамасыз ету, киім кешектері, басқа да материалдық құндылықтардан басқа тіпті жараланғна халде келгендерге медициналық көмек көрсету осылардың бұлжымас борыштарына айналды. 

Ендігі кезекте әскерге кеткен адамдардың артында қалған отбасындағы мүшелері өзін қамтамасыз ете алмайтын жағдайда болған болса, оларға да материялдық көмек көрстеілді. Осы соғыста ақмолалық тұрғындар соғыс майданындағы әскерлердің қажетін өтеу үшін еңбек етті. Матриялдық көмектен басқа қардылай да жинады. Мысалы танк колоннасын қамтамасыз ету үшін 371900 рубль жинаған болатын. Материялдық көмектің ішінде жылы киімдер, азық-түлік басым бөлігін қамтыды. Осылайша ұлы жеңіске ақмолалықтар ұлы көмек қолдарын созған болатын. Әрине бұл ақмолалықтар мұның бәрі соғыс біткенге дейін ғана одан кейінгі өмір жақсы болады сенген болатын. Бірақ соғысқа кеткен шығынды өтеу тез арада жүзеге аса қойған жоқ. Осылай ақмолалықтардың үміті ақтала қоймады. Соғыстан кейін репсрессияның жаңаша белес алуы халықты одан сайын күйзелтпесе, жағдайларын жақсарта қоймады. Репрессия құрбандары ішінде майданды қашып шыққан әскерлерден бастап, қарапайым заңға бағынбаған және қолында билігі барлардың арызымен зардап шеккендер көп блды.Кеңестік билік Ұлы Отан соғысы жылдарында өзінің қол астындағы елдерді уысынан шығарып алмауға тырысты. Және түрлі этностың қандай жағдайға да сақадай сай болуына түрлі амалдар жасады. Яғни, мақсатқа жету жолында жасалған міндеттер мен жоспарларды бірінші кезекте билік басындағылар жүзеге асырды. Биліктің мұндай қатал, әрі қатаң талаптарын орындамауға ешбір посткеңестік елдердің құқығы болмады. Қарамағындағы өлкелердің үкімет тарапынан шыққан бұйрықтарды бұлжытпай орындауы осының дәлелі. Сондай өлкелердің құрамында қазақ өлкесі де болды. Айталық, тарихи мұрағаттық деректерге сүйенсек: Кеңес үкіметінің осынау соғыс жылдарында – Қазақ КСР депутаттарына және облыстық кеңес, аудандық кеңес төрағаларына міндеттеген бұйрық, талаптарын оқи аламыз. Және онда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы Төрағасының орынбасары И.Лукьявецтің шешімімен төмендегідей өзекті мәселелер қарастырылған:

«Еліміз соғыс жағдайында тұрған осы бір кезде халыққа соғыс барысы мен халықаралық ахуалдың оқиғалары туралы дұрыс ақпарат беру өте маңызды. Ел мен жер, кеңестік қарамағындағы өлкелер барлығы дерлік биліктің талаптарын орындауы шарт. Қазір, кезкелген сәтте тұтқиылдан шабуыл жасалуы мүмкін. Сондықтан, кезкелген аймақ аталған қарсылықтарға дайын болуы тиіс. 

Жауға тойтарыс беру үшін де, әуелі әскери дайындықты меңгеру керек бұл ретте Ақмола аймағын қамтитын жасақтар мен осы өлкенің халқы әуе қатынастарына қатысты ұшақпен соғысудың тәсілдерін үйренуі керек. Немесе, жау тарапынан жіберілген ұшақтар оқ жаудырған жағдайда қорғанудың да амал, тәсілдерін білуі тиіс. 

Сонымен қатар, Ақмола өлкесі атынан ұрыс майданына аттанып, қаза тапқан сарбаздардың отбасына естірту ретінде түрлі ақ қағаздар мен қара қағаздар жіберіледі. Ондай келеңсіз жағдайларды әрбір отбасы түсіністікпен қабылдасын. Отан үшін оққа ұшқандарды ескерусіз қалдырмаймыз. Сарбаздардың атқарған қызметі мен майдан алаңында жасаған ерлігін жұртшылыққа хабардар ету турасында газеттер мен журналдарға мақалалар жариялап отырамыз. Және, майданға керекті заттай қажеттіліктерді де осы газет бетіндегі ақпарттармен көрсетеміз. 

Ұрыс майданына арналған мұндай ақпараттық газеттерде ешқандай жалқы ойлар мен жалған сөздер жазылмайды. Билік тарапына қарсы шығушылық, оны жамандаушылық сынды бір жақты шешімдер қарастырылмайды. Берілген ақпараттарды үкімет өзі цензурадан өткізіп отыратын болады. Сондықтан, Халыққа басылым арқылы кеңінен ақпарат беру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы республиканың барлық ірі елді мекендерінде, көшелерде, алаңдарда, жұрттың ұжымдасып баратын жерлерінде және т.б. – газетке арналған сөрелер қоюды аса қажет деп санайды. Мұндай сөрелерді салуға шаруашылық ұйымдарды жұмылдырып, оларды сол сөрелерге газет пен журналдың тиісті көлемін мұқият етіп қоюға бірден міндеттеу керек. Осы жағынан жергілікті жерлердегі байланыс органдарына барлық көмекті көрсетіңіздер».

Төраға орынбасары И.Лукьявецтің жоғарыда айтылған талаптарының барлығын дұрыс деп есептей алмаймыз. Себебі, Ақмола өлкесіндегі халықтың кезкелген жағдайға дайын болуы, немесе майдан алаңынан қажет деп танылған заттай материалдардың бәрін бірдей жеткізуге қауқары келмеді. Экономикалық құлдырай орын алған қиын кезкеңде оны көзге елестетудің өзі де мүмкін емес еді. Бірақ, заңның аты – заң! Бұйрықтың аты – бұйрық.  Оған қарсы шығуға ешкімнің де күші жетпеді. 

Ақмола өлкесіндегі әрбір түтінін түтеткен үй – өздерінің әрең тапқан нәпақасын биліктің қолына ұстатып отырды.   Қасқырдың араны қан ішкен сайын ашылатыны сыңайлы, билік те – алған сайын еселеп ала берді. Дегенмен, билік тарабы ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған өлкені дер кезінде жау оғынан қорғай алуға бар күш, жігерін жұмсады. Жоғарыда айтып кеткендей: «Өлкенің қандай жағдайларда болмасын газет, журналдарда, радиоларда жарияланған ақпараттардан хабардар болып отыруы тиіс!»,- деп өлкеге қойылған талаптар осының айғағы. 

Соғыс жылдары аралығында билік тарапынан Ақмола өлкесі аумағына арналып басқа да талаптар мен міндеттер шығарылды. Сондай талап, міндеттердің бірі – «Ақмола еңбекшілер депутаттары қалалық кеңесі атқару комитетінің хатшысы Тезекбаевтің соғыс жағдайларына арналып жасаған талаптары мен міндеттері. Онда төмендегідей мәселелер жітік қарастырылған:

Кәсіпорындарда, үйлерде, мекемелердегі радиотрансляция құралдары тәулік бойы қосулы болсын;

Жұмыстың басталғаны мен аяқталғаны туралы белгі беру үшін зауыт және фабрика гудоктарын қолдануға тыйым салынсын;

Азаматтардың міндеттері – үнемі өзімен бірге жеке бас қорғанысына арналған құралдары жолға шығатын түрде дайын болуы тиіс (жеке противогаз және жеке пакет). Ал ат көлігіне байланысты – атқа кигізетін противогаз болсын, сондай-ақ орындықтың астында шұлық жататын болсын;

Судың 3 тәуліктік қоры болсын және оны қақпағы мықтап жабылған ыдыста сақтау керек;

Майланған қағазбен есік, терезе, желдеткіш, пеш, еден, қабырға саңылауларын желімдеп тастау керек;

Қараңғылық түскен кезде жарық саңылауларын жарық өткізбейтін материалмен желімдеп тастау керек және т.с.с. Соғыс жағдайларына сай қойылған бұдан да бөлек талап, міндеттерді төменгі азат ой жолдарында толықтай қарастыратын боламыз. Ал, қазір аталған талаптарға жеке тоқталып өтейік. 

Біріншіден – халық күніне сегіз сағаттан артық жұмыс істеп, демалуға әрең уақыт табар болса, онда үйлер мен мекемелердегі радиотрасляцияны тыңдауға халықты тартудың өзі ойға келмейтін талап. Дегенмен, өлке тұрғындары мұны да орындады. 

Екіншіден – Гудоктарды қолдануға тыйым салу арқылы зауыт, фабрикаларда жұмыс уақытын ұтымды пайдаланудың жолдары көзделді. Мұндағы мақсат – жұмысты сапалы, әрі тиянақты істеп, қарастырылған, тапсырылған тапсырмаларды мерзімінен бұрын орындау еді. 

Үшіншіден – майдан алаңында өртті жағдайлар көптеп кездесетіндіктен және осы өрт келеңсіздіктеріне байланысты сөз етіледі. Яғни, егер өрт туындай қалса, ондағы адам өзімен бірге противогаз немесе басқалай қорғанатын заттарды алуы талап етіледі. Одан бөлек, ат үстіндегі әскердің де өрттен қорғану жайы қарастырылған. Айталық, атқа арналған противогаздарды дер кезінде қолдануға дағдылану т.с.с.

Төртінші ретте – сарбаздардың өзімен бірге алып жүрер азаығына көңіл бөлінеді. Яғни, кезкелген сарбаз 3 тәулікке жететін суды арнайы құтыға құйып сақтауы тиіс. Құты ішіндегі суға ауа кірмес үшін құтының аузын сарбаз мықтап бекітуі тиіс шарттар қойылады. 

Ал соңғы бесінші және алтыншы талап негіздерінде жаудан қорғанудың қарапайым тәсілі айтылады. Мысалы: жау оғынан қорғану үшін, жаудан қорғанудың сақтық шараларын қарастыру. Терезелер ашық жерде оларды жабу, желімдеп жауып тастау т.с.с. қарастырылды. 

Бірақ, қауіптің айтып келмейтіні секілді, жаудың қай тұстан шабуыл жасауы да беймәлімдеу болды. Мұны ескерген билік құрлықтағы шабуылдың алдын алуды айтпағанда, әуедегі жау ұшағымен соғысуға, әуе дабыл белгілерін орнатуға жедел кірісті. Әуе дабыл белгісін беруге сай, ол дабыл белгілерінің әскерге түсінікті болуы турасында арнайы талаптар көрсетілген ереже енгізілді. Мұрағат деректерінен табылған бұл «ӘУЕ ДАБЫЛЫ» белгісі жайындағы талап ережелерге мынандай мәселелер қарастырылған. 

«Әуе дабылы» белгісі дұшпан қалаға шабуыл жасайтын тікелей қауіп төнген кезде беріледі:

Радиотрансляция желісінен «әуе дабылы» сөздері бірнеше рет қайталанады;

паровоздардың үздік сигналдары мен қуатты сиреналары 5 минут бойы беріледі, бұл сигналды кәсіпорын, мекеме, үй аумағында алдын ала келісілген және халыққа таныс  сигналдар жалғыстырып әкетеді т.с.с.»

Мысалы, қол сиреналарының, қоңыраулар мен өзге сиреналар көмегімен үйдің қабаттарын аралау және пәтерлерді аралау арқылы жүргізіледі.

          Көріп отырғанымыздай бұл қарастылған ережелерде «Әуе дабыл белгісі» қалай берілетіндігі көрсетілген. Кезкелген оқиғаның орын алуы хабардар етілетіне рас. Және ол жай ғана хабардар етілмей сол оқиғадан сау шығудың жолы қарастырылады. Мұны соғыс тілімен «Орын алған оқиғаға сай әрекет ете білу» деп атауға болады. Демек, жоғары да «Әуе дабыл белгісі» айтылса, осы «әуе дабыл белгісі» берілген жағдайда оған сай әрекет етудің ережелері мүлдем басқа. Ендеше, оны Кеңес билігінің жау соққысынан сақтану тәсілі ретінде Ақмола өңірлік дивизиясына енгізген ережесінен көруге болады.  Бұл ережеге мұқият қарар болсақ, соғыс кезінде орын алған түрлі келеңсіз жағдайлардан жол табуға тиімді әдістер таба аламыз. Сөзімізге дәлел болсын деген ойда Кеңес үкіметінің – «Әуе дабылы» белгісі бойынша жасалатын әрекеттеріне назар аударайық;

Үйде, кәсіпорында, мекемедегі азаматтардың барлығын қалада «әуе дабылы» белгісі берілгені туралы шұғыл хабардар ету және ұйқыда жатқандарды ояту.

Кешкі және түнгі уақытта жарықты тұмшалайтын барлық ғимараттарда шұғыл түрде жарықты сөндіру.

Жұмыс орнында қалатындардан өзге халықты шығарып, баспаналарға орналастыру.

ӘШҚ-ның барлық бөлімдерін (ӘШҚ-ның барлық команда, бригада, пост, топтарын)әрекетке деген толық әскери дайындыққа келтіру.

«Әуе дабылы» сигналына көшеде кетіп бара жатып, тап болған азаматтардың ғимараттардағы баспаналарға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету.

«Әуе дабылы» белгісі бойынша жасалатын әрекеттердің Ақмола дивизиясына арналғандай ережелері осы аталғандар дейтін болсақ. Бұл ереженің тағы да басқа түрін кездестіруге болады. Бірақ, ереже әскери дивизияға емес, Ақмола өлкесіндегі және де басқа да өлкедегі тұрғындарға арналған. Яғни, «Әуе дабылы» белгісі бойынша жасалатын әрекет ережелерінің жергілікті халыққа тәсілдері. Ереже тәсілдерінде:

«Әуе дабылы» сигналына көшеде тап келген азаматтардың барлығы жақын тұрған ғимаратқа жасырынып (баспана ретінде ортақ қолданыстағы барлық қорғаныс ғимараттары, аулалар мен өзге де жасырынатын жерлер қолданылады), жеке қорғаныс заттарын «дайын» күйге келтіріп қою;

«Әуе дабылы» жарияланған кезде пәтерде болған азаматтар былай әрекет етуге міндетті:

Жеке бас қорғаныс заттарын «дайын» күйге келтіріп қою;

Пәтердің есік-терезесін мықтап жабу;

Пештегі отты бірден сөндіру, барлық қыздырғыш құралдарды тоқтан ажырату, кирогаздарды, примустарды, өзге жылыту құралдарын сөндіру керек, отты сөндірмей қалдырудан өрт шығу және ғимаратқа зақым келу қаупі бар;

ыдысты және азық-түлік тағамдарын қатты қағазға орап қою керек;

кешкі және түнгі уақытта пәтердегі желдеткіш пен жарықты сөндіріп қою;

Әуе шабуылы командалары мен бөлімшелеріндетіркелген азаматтар өздерінің бөлімшелерінің жиналу пункттеріне шұғыл келіп, кетіп бара жатқаны туралы әкімдікті хабардар етсін;

Қала ішінде жүруге тек арнайы рұқсат қағазы бойынша рұқсат етіледі. Оның үлгісін Ақмола қаласының ӘШҚ штабы бекітеді; 

Ескерту: бұл рұқсат қағасынсыз, бірақ жеке бас куәлігімен НКВД, милиция, Қызыл Армия әскерилеріне ғана жүруге рұқсат етіледі т.с.с. қарастылады.

Жазылған ереженің жергілікті халыққа арналған нұсқасында, «Әуе дабылы» белгісі орын алған жағдайда өлкедегі машиналардың жүргізілу тәртіптеліне де ден қойылады. Айтарлық; 

Көліктің барлық түрінің қозғалысы тоқтатылады;

Көлік жүргізушілері орталық магистральді көшелерді босатып, тұйық көшелерге бұрылып, сол жерлерде тоқтап тұруы тиіс;

Ескерту: көше қиылыстары, алаңдар, қойма, гаражға, өрт сөндіру бөлімшелері, ауруханалар, казармаларға қарсы кіреберіс жерге барлық көлік түріне тұруға болмайды.

Көліктің қызмет етуші персоналы өз орнында қалып, противогаздарды «дайын» қалпына келтіріп қойып, вагондар мен маштналардың есік-терезелерін мықтап жауып алады;

Жолаушылар көлік тоқтаған бойда бірден сыртқа шығып, тәртіпті күзету қызметінің бұйрығымен жасырынулары тиіс;

Көлік қозғалысына тек ережелерді ұстанған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Өрт сөндіру бөлімшелері, жадал жәрдем, әскери бөлімдер, апаттық қызметтер кедергісіз өтеді.

Осы тараудың 26-тармағында көрсетілген көліктерден өзгесінің барлығы ӘШҚ мен милиция құрамдары бірінші рет  талап еткен кезден бастап, өз көлігін ӘШҚ органдарының қажеттілігі үшін берулері керек. 

Ескерту:  Теміржол көлігі қаланың ӘШҚ сигналын іліп алады да КСРО НКПС нұсқаулығына сәйкес әрекет етеді т.с.с. қарастылады. Яғни, көріп отырғанымыздай көліктердің немесе теміржол бағыттарының дабыл жағдайларына сай берілген талап міндеттері міне осындай. Облыс ішінде туындаған өрт жағдайлары кезінде құтқарушы топтардың көліктері апатты орындарға дер кезінде жетуі тиіс. Дивизялық жасақтың және өлке тұрғындарының тарапынан адам шығынының азу болуы билік үшін көңіл қуантарлық жағдай еді. Өйткені, жауға қарсы тойтарыс беруде сарбаздар санатын шығатындар да осы өлкедегі ер азаматтар мен дивизия жасағы. Жасақтың басым бөлігі  қазақтың балаларынан құрылғандығы өз алдына бір бөлек дүние. 

Кейбір елдер өздерінің ұлттық тілі мен дінін, ділін жоғалтып сойылын соққанның артынан еріп жүре берді. Мұндай елдердің соғыс жылдарында тағдыры ұзаққа созылмады. Тіл жоғалған күннен мемлекеттің өзі де жойлып кете барды.

Одан қалса жау тарапынан жасалған әскери соққылар біраз жерді талқандады. Дәл осындай шарасыздыққа, апатты жағдайларға тап болған қала тұрғындары амалсыздан басқа аймақтарға көшуге мәжбүр болды. Ал қазақ өлкесінің Ақмола облысы аймағында және басқа да облысы аймақтарында әскери дивизия жасақтарына сай һәм қала тұрғындарының қауіпсіздігіне сай жоғарыда айтылып кеткендей арнайы сақтық ереже талаптары енгізілді. Сондай ереже талаптардың бірі қоғамдық орындардағы қауіпсіздік белгілері еді. Одан бөлек ереженің тамақтану орындарына және кәсіпорын орындарына арналғаны және бар. Сөзімізге дәлел ретінде осы аталған бөлімде шолып өтер болсақ, онда:

Келушілердің қоғамдық тамақтану орындарына кіруіне рұқсат жоқ;

Қызмет етуші персонал, балалар, балалармен келген адамдар қоғамдық тамақтану орындарында қалып, әкімдік оларға бас сауғалатып қорғайды. Барлық қалған келушілер асхананың ішіне, әкімдіктің нұсқауы бойынша көршілес ғимараттарға орналасады т.с.с. деген сынды сақтық талаптарын көре аламыз. 

Ереженің  жазылып көрсетілген нұсқасы мұрағат деректерінде ғана сақталған ақпарлар. Ал бұдан бөлек, ауызша айтылып, не болмаса қағазға түспей қалған нұсқалары бар екендігін ескерген жөн. Ақмола облысы барлық аумағын қамтыған сақтық шараға бақылаушы ретінде Кеңес үкіметінен оншақты адам тағайындалды. Бір қызығы өлкеге тағайындалғандар қатарында қазақ азаматтары көп. Олардың көп болуының басты себебі: үкімнің оңай, әрі жеңіл орындалуында. Яғни, Ресей үкіметі билігі; «Егер қазақтарға қатысты шешімдерді, бұйрық, заңдарды  тікелей орыс азаматтары арқылы орындайтын болсақ іс насырға шабады. Ал егер ол өкімді қазақ жұртшылығына қазақ азаматтары айтар болса шешім жеңіл қабылданады» деген ойда болды. Сондықтан Ақмола облысы өлкесіндегі дивизияны және жергілікті халықты басқарушылардың көбі қазақ азаматтарынан құралды. 

Мәселенің ең қиыны да осы шешім болатын. Шаш ал десе бас алатын басшылар қазақ азаматтарын аямай соққыға жықты. Халық өз ішінен бөлініп, Кеңестік биліктің, большевизмнің сойылын соққандар жолында тұрғандарды аямай жазалады. Халық атынан сөйлегендерін жауапқа тартып үстінен іс қозғады. Ақмоладағы жергілікті тұрғындар аяғын аңдап басып, әрбір мәселенің оң шешімін күтті. Ал дивизия халық алдындағы борышын адал атқаруға бар күшін жұмсады. Олар елдегі қаржы қорының таусылып қалмауын қадағалады. Бір сөзбен айтқанда қаржы қоры сақталған орындарды ұйқысыз күзетті деуге болады. Қарауыл жасайтын дивизия құрамына арнап Кеңестік үкімет тағы да заң талаптарын шығарды. Бұл талаптарда тұтқұйылдан жасалған шабуылдар кезіндегі қауіпсіздік пен қорғаныс күшінің басымдылығына арналды. 

Ал ереженің жергілікті халыққа арналған нұсқасында, «Әуе дабылы» белгісі орын алған жағдайда өлкедегі қаржылық орындар турасында да айтылып өтеді. Мысалы; 

Почта,банк, жинақ кассасы мен өзге кредит мекемелерінің барлық операциялары тоқтатылып, оларға клиенттер кіргізілмейді;

Кредит мекемелеріне келушілердің барлығы «әуе шабуылы» белгісі бойынша ақша операциялары залдарынан шығып кетіп, әкімдіктің нұсқауы бойынша жақын жердегі үйлер, ғимараттарға жасырынуы тиіс;

Қызметкерлер өз орындарында қалып, құндылықтар мен құжаттарды сақтап қалу жөнінен шаралар қолданады;

Телефон станциялары мен телеграфтың жұмысы тоқтатылмайды т.б.

3-ші бөлімде айтылған «Қызметкерлер өз орындарында қалып, құнды құжаттарды сақтап қалу жөнінен шаралар қолданады.», делінген бөлімге кеңінен тоқталсақ. Бұл айтылған бөлімнің маңыздылығы басқаларынан басымдау болып келеді. Өйткені, сақтық ережесі талаптарында қорғалған құнды құжаттарда – осы Ақмола өлкесінің түрлі саласы, оның ішінде экономикалық салалары  зауыт, фабрикалардан шыққан өнімнің жылдық, айлық, есептелі сақталады. Аталған есептерді сақтамау  ел экономикасына үлкен шығын әкелетіндіктен ондағы қызметкерлер тәуекелге бас тігіп, құжаттарды сақтап қалуға мәжбүр болады. Одан қалса, жергілікті жұмыс істейтін жұмыскерлердің айлық жалақысы да қаржылық тарапынан бөлінетіндіктен мұндағы құжаттарды жоғалту үлкен шығын әкеледі деген сөзі. Ақмола төңірегінде соғыс жылдары дәл осындай келеңсіз жағдайлардың орын алғаны тарих беттерінде айқын жазылған. Нәтижесінде, жергілікті халық көп уақытқа дейін атқанған еңбегі үшін жалақы ала алмады. Ал әскери дивизияға Ақмола өлке қорында ақша болмағандықтан, айтарлықтай жағдайлар жасала қоймады. Әскерилердің азығы, жатар жері мен киер киімі тапшы болғандықтан суық казармаларда қызмет өтегендер шетінен  демікпе ауруларына шалдықты. Және соғыс даласында жараланғандарға жәрдем ретінде көмек жасаудың өзі бір де қалыпты, бірде қалыпсыз жасалып, тұрақты түрде ешкімге көмек көрсетілмеді. Дегенмен, Ақмола дивизиясы құрамындағы жасақ мұндай ауырлықты еңсеріп тастап, ұрыс майданына аттана берді. Өйткені, артқа шегінсе ауыр жазаның күтіп тұрғанын ескеріп, неде болса басқа жазылғанда көбен көруге әрекеттенді. Күн өткен сайын Кеңестік тарапты таңқалдырып, ерлік көрсетуін тоқтатпады. Майдан алаңындағы жасақ ерлік көрсетуін тоқтатпай жатқанда, Ақмола өлкесіндегі жергілікті халық – еңсесі түскен ел мерейін көтеріп, патриоттық күш жігерді ояту мақсатында рухани, мәдени орындардың түтінін түлетті. Яғни, облыс ішінде көптеген театр ұжымы өз жұмысын жалғастырды. Театр, түрлі сауықтыру орындарына жұртшылық көптеп келетіндіктен бұл жерлерге де қауіпсіздік белгілері ережесі орнатылды. 

Ереже бойынша апатты жағдай орын алған жағдайда өлкедегі мәдени-сауық кәсіпорындары мен мекемелерге қандай талаптар жүктелентіндігі қарастырылды. Онда;

Барлық  сауық кәсіпорындарында театрландырылған қойылымдар тоқтатылады;

Сауық кәсіпорындарының әкімдігі әуе шабуылы дабылы соғылған кезде көрермендерді жинақтап, шығарып, жасыруды ұйымдастырылған түрде қамтамасыз етуі керек. Театрлар/клубтардың және т.б.персоналы өз орнында қалып, қоғамдық меншікті күзетеді т.б.  жазылады.

Одан кейін, қауіпсіздік шаралары тұрғындар олардың ішінде ересектер мен жасөспірімдер көп жиналатын жерлерге жазылып қойылды. Айталық; 

Барлық оқу орындарында сабақ тоқтатылады.

ӘШҚ командасына енбеген оқушылар, балалар оқытушылар құрамы, өзгелер, әкімдіктің жетекшілігімен бұрын байқалмаған жоспар бойынша мектептің ішіндегі және көршілес ғимараттардағы баспанаға жасырынады. Жылдың суық мезгілінде төменгі сынып оқушылары және мектепке дейінгі жастағы балалар жасырынатын ғимаратқа  тез шығарыла қалған жағдайда дайын болуы үшін үстіне жылы көйлек киіп жүреді.

Ескерту: «әуе шабуылы» дабылы берілген кезде далада немесе ашық алаңда жүрген балалар жасырыну үшін бірден ғимаратқа кіргізіледі.

Әуе шабуылы кезінде барлық оқытушылық құрам мен тәрбиешілер балалардың жанында қалып, өз-өзін ұстаудың орнатылған ережелерін дәл орындауын қамтамасыз етеді т.б. деген сыңайлы қауіпсіздік кедергілерінің алдын алу қарастырылды. 

Жасөспірімдердің тағдырына алаңдаушылық соғыс кезінің өзінде-ақ байқалды. Оның басты себебі, кезкелген отбасының келеңсіз жағдайға байланысты психологиялық тұрғыда сынып кетпеуінің алдын алу еді. Егер аталғандай қайғылы жағдайлар орын алса халық жұмыс істеуін тоқтатар еді. Сондықтан өлкедегі тұрғындардың қауіпсіздігін ойларда билік тарабы жан-жақты қауіпсіздікті қарастырды.  Ақмола өлкесінде халық қаншалықты көп баратын орын бар болса, сол орындардың барлығына қауіпсіздік ережелері жазылды. Тіпті, қарапайым моншалардың өзін алып қарасақ, бұларға да айтарлықтай қауіпсіздік ержелері жазылды. 

Мәселен, өлкедегі моншалар қауіпсіздік жағдайында нендей талаптарға сай болу керектегі төмендегідей көрсетілді:

Моншалардың әдеттегі жұмысы тоқтатылады. Моншалар УЗ-ды жұқтырғандарға санитарлық қызмет көрсету үшін әзірленеді.

«Әуе шабуылы» дабылы соғылған кезде моншада шомылып жүрген адамдар әкімдік бұйрығы бойынша моншаны босатып, көршілес ғимараттарға жасырынуы тиіс. Ал противогаз киюді білмейтіндер ортақ пайдаланатын орындарға жасырынуы тиіс т.б. 

         Атап, айтқандардың қайсысы болмасын түрлі саладағы өлке тұрғындарының апатты жағдайлар орын алғанда олардың қорғануына арналған. Жау жағада тұрған мұндай шақта, дәл жоғарыда жазылғандай әрбір дабыл белгісінің үніне құлақ түрген халық, жедел оқиға орнынан қорғануға дағдыланды. 

         Жалпы қорытындылай айтқанда, соғыс кезеңінде Ақмола өлкесіндегі 310, 387-ші дивизиялар, қазақ өлкесіндегі қандай да келеңсіздіктің алдын алуға тырысты. Өйткені, жоғарыдан келген заң талабы, өлкедегі тұрғындардың қауіпсіздігін жіті бақылап отырды. Себебі, бұл ұлы отан соғысында Ақмола облысына жау тарапынан бағытталған соққылар аз болмады. Өлкенің халқы жұмысқа жегілсе, енді біреулері майдан алаңына қарусыз қызмет етуге аттанды. Өлкеде қалғандар зауыт, фабрикаларда өз жұмыстарын жалғастырды. 

         Ата-бабасы ат жетектеп, көшпенділікпен күн кешкен, ешкімге бағынбаған қазақтың кейінгі толқыны Патшалық биліктің, одан кейінгі Кеңестік биліктің майданында ауыр күндерді бастан кешірді. Әсіресе, Ақмола өлкесіндегі қазақ тұрғындары Кесеңтік солақай саясаттың соққысына көз жұмып қарады. Бұл өлке аумағына Ресейден келген түрлі босқындар, айдалғандар, қуғындалғандар және түрлі ұлт өкілдері қазақ тұрғындарының құтын қашырды. 1913 пен 1930 жылдарды қамтыған ашаршылықты айтпағанда, соғыс жылдарының өзі де Ақмола облысы тұрғындарына оңайға соқпады. Ашаршылықты ешкім айқайлап айтпағанымен –экономикалық дағдарыстың болғанын бәріміз білеміз. Елдегі қазына қорының 80% пайыздан астамы майдан алаңына жіберіліп отырғандықтан, өлке қазынасына зауыттар мен фабрикалардан айтарлықтай олжа үлестіріле қоймады. Сондықтан халықтың аз да болса тапқан нәпақасына шүкір етуіне тура келді. Кезкелген сынақтарға сақадай сай болуға үйренді. 

         Өлке тұрғындары мен дивизиясының алдында бір ғана мақсат болды. Ол – жау соққысынан қорғану және жауға тойтарыс беру. Осы орайда Кеңес төрағалары сайлаған Ақмола еңбекшілер депутаттары қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы: Воронин әуе шабуылы дабылына отбой берілген кездегі әрекеттерді де арнайы ереже ретінде жазып шығарған еді. Онда;

Тікелей әуе шабуылының қаупі жойылған кезде -отбой- сигналы беріліп, зауыт, фабрикалар, паровоздар 3 минут бойы гудок беріп, радиотрансляция желісі бойынша әуе шабуылы дабылына отбой берілгені туралы сөзбен ауызша айтылады;

«Әуе шабуылы дабылына» отбой белгісі бойынша қалада сол қауіп болған кезге орнатылған тәртіп қалыпқа келтіріледі. Химиялық зақымдау аудандарында жүрген адамдар противогаздарын тек ӘШҚ органдарының бұйрығы бойынша шешеді;

Әуе шабуылына ұшыраған және тұрақты улағыш заттар жұққан аудандардағы жерлердің көше қозғалысы әуе шабуылы салдары жойылған кезде ӘШҚ (әуе шабуылы қорғанысы) органдарының бұйрығы бойынша қалыпқа келтіріледі;

Тұрақты улағыш заттар жұққан аудандардағы дүкендерде азық-түлік сатуға, сондай-ақ қоймадан азық-түлік пен жем шығаруға тек ӘШҚ органдарының рұқсатымен ғана кірісуге болады;

Суды тек ӘШҚ штабы радиотрансляция арқылы рұқсат жариялап, телефоннан айтқаннан кейін ғана пайдалануға болады т.б. [28, 25 бет].

Көріп отырғанымыздай ережеде азық-түлікке де қатысты жәйттар айтылған. Яғни, улағыш заттар жұққан аудандардағы дүкендерде азық-түлік сатуға, сондай-ақ қоймадан азық-түлік пен жем шығаруға тек ӘШҚ органдарының рұқсатымен ғана кірісуге болатындығы жазылған. Азық-түлік халық тұтынатын тауар болғандықтан оның бақылауда болуы жөн. Кеңестік үкімет улы заттардың бар екендігі байқалған жағдайда оны халыққа қолданбауға барынша кеңес берді. 

Осы аты аталып өткен Ақмола және Солтүстік Қазақстан өңірлерінен жасақталған әскери құрамдардың нақты әскери баяндамалары, оларың соғыс алаңдарында жасаған әрекеттері Мәскеу қаласына жақын орналасқан Подольск елді мекеніндегі мұрағаттарда жатыр. Және солардың біраз бөлігінен елімізге көшірмелері әкелінді. Олар дәл қазір Астана қаласындағы мұрағат қорында сақтаулы тұр.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 29-шы атқыштар дивизиясы 41-ші жылы Ақмола аумағында жасақталған және ол туралы мəліметтерді растайтын ақпарат көздері бар екен. Тіпті, бұл əскери құрам 41-ші жылы И.В.Сталин өзі құрғызып, 42-ші жылы сəуірде бірінші запастық армия деп есептелінді. 106-шы, 128-ші, 299-шыатқыштар бөлімі, 77-ші  артиллериялық бөлім, арнайы танктерге қарсы атқыштар құрамасы жəне жеке саперлер бөлімі осы әскери құрамды құрды.

Əскери құрамның жеке құрамасы Ақмоладан, Қарағандыдан жəне Солтүстік Қазақстан облыстарынан əскер қатарына шақыртылған жігіттерден құрылып соғыс майданынан қарай аттанған болатын, кейін оларға Украина жəне Белоруссия майдандарындағы сарбаздар қосылған. Олар əскери өнерді үйренуге талаптанып, соғысқа аттануға дайын тұрды, жалындап тұрған жігерлі де қайратты жастар еді. Яғни,  сарбаздардың əскери машықтануы да қыстың қақаған суығында өтті. Жігіттердің əрқайсысы тактикалық жаттығуды, көпке созылған  сапарындағы сап түзеуді, және жүру сияқты дайындықтардан бастады. Қиын жəне ауыр жолға, жандарын қиярлық машықтануларға ешқайсысы да шағым айтпаған еді. Өйткені, олар соғыстың бұдан да қиын бола түсетінін жақсы білген. Оны әрине әрбір жауынгер жақсы түсінген еді.