Если нация не знает своей истории, если страна теряет свою историю, то после нее они сами могут легко исчезнуть.
Миржакып Дулатов

Көп күттірген Құрылтай басталады

1271
Көп күттірген Құрылтай басталады - e-history.kz
Мажарстанда өтетін құрылтай әрбiр екi жылда өткізілетін бүкіл әлем түріктерінің ең iрi мерекесі және ежелгi ғұн мәдениетi, көшпендiлер дала мәдениетiнiң көрсетілімі болып табылады.

Тұран халқының құрылтайы 2007 жылы ең алғаш Қазақстанда өткен болатын. Сол кезден бастап ашық жарқын көңіл күймен, гуманитарлық әріптестік түрде өтіп келеді. Түрік халықтары мәдени-рухани жағынан болсын, этнография, тарих, ұлттық спорт түрлерінен болсын - біріге отырып, үлкен жетістікке жетуге қабілетті. Осы ізгі мақсатқа жетү үшін екі жылда бір рет Құрылтай өткізу дәстүрге айналған болатын. Бұдан бұрынғы 2012 жылғы жиынға әлемнің 17 елінен түркінің 25 халқы өкілдерін жіберді. Барлығы 111 делегация болып, 250 мың таяу қонақ келген болатын. 

Биылғысына одан да көп қонақ келеді деп күтілуде. Солардың ішінен адам саны көп Қазақстан Республикасының делегациясы. Құрамы бойынша жан жақты - Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары, ғалымдар мен журналистер және түрлі қоғамдық ұйым өкілдері бар.
Менің қатысудағы мақсатым - "Серпін-2050" жобасы бойынша кәсіптік техникалық мамандар дайындауда әріптестік орнату. Әсіресе бұл елдің ауыл шаруашылығы мамандарын дайындаудағы жетістіктері мені ерекше қызықтырып отыр. Сол себептен Мажарстанмен білім саласында әріптестік орнатуға қызығушылық басым. Бүгінгі күні екі елдің арасында студенттер алмасып оқыту туралы мемлекеттік деңгейдегі келісім бар. Өкінішке орай ол туралы жастар көп біле бермейді. Жекелей келетін болса, оқу бағасы да бастыс елдермен салыстырмалы түрде аса қымбат емес. Сонымен қатар бұнда заманауи бизнес мектептер өте көп екен.

Бірінші күніміз өз жоспарларымызға сәйкес кездесулермен өтті. Еліміздің Мажарстандағы елшісі Рүстемов Нұрбақ Тұрарұлымен біраз әңгімелестік. Барлық ұсыныстарымызға қолдау таптық. Делегация мүшесі белгілі қоғам қайраткері Берік Әбдіғалимен де кездесу болды. Сонымен қатар Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Ақылбай Серік Байсетұлымен де жолықтым. Ол Үлкен Құрылтайда ҚР Парламент Сенатының ресми делегациясын басқарады. Содан соң Құрылтайдың бас ұйымдастырушылардың бірі , әйгілі ғалым антрополог Андрош Биро Болтпен де жүздесудің сәті түсті.

 
Алда бұдан да қызықты да кездесулер ұйымдастырылған керемет бағдарлама күтіп тұр.

Қысқаша ақпарат: әлем бойынша жалпы саны 170 млн адамды құрайтын түрік тектес 24 ұлт бар. Сонымен қатар қазіргі таңда 24 ұлттан бөлек тағы 62 түркі тектес ұлыстар мен тайпалар да бар.

Құрылтайдын ресми сайты http://kurultaj.hu/kazakh/

Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері

Автор:
Опросы
Как вы оцениваете уровень преподавания истории в школах?