Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көгілдір экранның көзайымы

1070
Көгілдір экранның көзайымы - e-history.kz

Биыл Қазақ телевизиясы 66 жылдығын атап өтеді. 1958 жылы 8 наурызда «Қазақстан» телеарнасының Алматы студиясында алғашқы сынақ трансляциясы өтті. Осылайша сол жылы Қарағанды мен Өскеменде, ал бір жылдан кейін Жезқазғанда, екі жылдан кейін Петропавлда, одан әрі бүкіл Қазақстанда телестудиялар ашыла бастады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 14 қоғамдық телеарна хабар таратады. Олардың жалпы саны 30-дан асады. Ал тағы үшеуі республикадан тыс жерде көрсетіледі. Кейбір қалаларда теледидар мұнаралары, мысалы, Алматыдағыдай, алыстан көрінетін алғашқы көрікті жерлердің біріне айналды.

Алғашқы жылдары теледидар эксперимент ретімен кинофильмдер мен телепьесалар таратты. Содан кейін радиожурналистер көгілдір экранды игеруге келді, олар кейіннен тележурналист болды. Телепортаж, телевизиялық сұхбат және қазір ұмыт болып бара жатқан телеплакат сияқты жанрлар пайда болды.

Сол кезде Қазақ ССР тұрғындарының көгілдір экранынан қазақстандықтар үшін жасаған телешоулары көрсетіле бастады. Ауылдың, ауыл шаруашылығының, ғылым мен өндірістің, өнер мен әдебиеттің өзекті мәселелерін баяндайтын жаңалықтар, спектакльдер, фильмдер, ақпараттық және білім беру бағдарламалары болды. 

1992 жылы «Қазақ ССР Гостелерадиосы» «Қазақстан» Мемлекеттік телерадиокомпаниясы, ал 1995 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы болып қайта құрылды. Кейіннен РТРК тағы да көптеген өзгерістерге ұшырады.Қазақ тілінің үндестік заңын – сингармонизм заңдылығын сақтап эфирде сөйлеген дикторлар – жас ұрпақтың құлағына әсем де әуезді қазақ тілін құя білді. Көгілдір экранның көркін ашқан, сұлулық символына айналған дикторлар күнде кешкісін қазақ шаңырағының төрінде отыратын, диктор оқыған - сөз де дұрыс, ақпарат та шынайы қабылданатын.  Сондай ардақты ардагерлеріміздің бірі, тұңғыш диктор  Зұлқия Жұматова.

Сол уақыттың беделді дикторларының бірі Зүлфия Қалиқызы сол уақыттарды былай еске алады:

1966 жылы автобуспен келе жатқаным есімде, маған кішкентай қыз жүгіріп келді. Ол маған қол тигізіп, шымшып бастайды. Мен қызға таңырқай қарап, не болғанын сұраймын. Ол кенеттен айқап жіберді: «Анашым, ол тірі екен!». Ол уақытта экранда болған адам көрермен үшін таңқаларлық нәрсе болды, теледидар қызметкерлері үлкен құрметке ие болды. Ол кезде теледидар қасиетті және жұмбақ әлем болатын.

Қазақ телевизиясының тарихында қалған тағы бір жүргізуші - Ләзиза Аймашева. Ол 1959 жылы көгілдір экран арқылы ақпарат таратқан. Бүгінгі кейіпкеріміз де Тәуелсіздікке дейін журналистика саласында еңбек жолын 1986 жылы бастаған.  Баян Балтабайқызы - Республикалық арнаға байқау жарияланған кезде жүзден жүйрік шығып, Орталық телевизияның дикторы атанды. Уақытында аты дүркіреп тұрған «Время» хабарын жүргізді. Бұдан бөлек, журналист, редактор болып қызмет еткен Баян апай ол кездегі жұмыстың шыжығы мен қызығы қатар жүреді. 

– Баян Балтабайқызы, қазақ телевизиясына еңбек сіңірген, қалама ұшқыр ардагер журналиспен сұхбаттасу мен үшін үлкен мәртебе. Негізгі мамандығыңызға келетін болсақ. Білуімізше сіз журналист мамандығында бітірмеген екенсіз.

– Көп рақмет. Мен негізі физика-математика факультетін бітіргем. Өзім осы Ақмола өңірінің тумасымын. 10 жылдай осы салада жұмыс істедім. Мектепте, жоғарғы оқу орнында да қызметте болдым. Осылай ЖОО-да жұмыс істеп жүргенімде бір әріптестім: «Сіздің даусыңыз керемет!» деп маған күнде айтатын. Лариса Попова деген әріптесіміз. Ол өзі де телевизия саласында жұмыс істеуді армандаған екен. Бір күні келіп: «Мен армандаушы едім, өкінішке қарай, конкурстан өтпей қалдым, сіз барыңызшы, олар сізді алады» деп қолқа салды. Осының барлығын естіп, облыстық телевиденияға байқау жүріп жатқан соң мен де қатысып көрейін деп шештім. Байқаудың шарты бойынша 30-ға дейінгі ғана адамдар қатысу керек екен. Менің де жасым біразға келген. Жарты жыл өтсе бұл байқауға қатыса алмайды екенмін. Сомен қатысып көрейін деп шешім қабылдадым. Сомен орталық телевиденияның эфиріне шықтық. 1987 жылы ашылған ғой телевидения. 1991 жылы Кеңес одағы ыдырап кетті ғой. Сол бір 4-ақ жылдың ішінде 3-4 қана қазақ қыздары орталық телевиденияның эфиріне шыққан болатынбыз.

– 1991 жылы Тәуелсіздік жариялаған уақытта қазақ телевизиясының жағдайы қандай болды?

– Мен ол уақытта «Қазақстан» арнасында жұмыс істеймін. Тәуелсіздікті жариялаған кезде біз қатты қуандық. Өйткені, біз орталықтың нұсқауымен жұмыс істеп қалған адамдармыз ғой. Түгел жүйе сондай болды десек болады. Осының барлығы енді артта қалды деген ой болды. Сол үшін де біз қуандық. Кейіннен астанамызды Ақмолаға ауыстырады деген үкім шықты. 9 желтоқсан күні «Қазақстан» ұлттық арнасының өкілдері болып Ақмолаға келдік. Ең бірінші біз эфирге 1997 жылдың  қарашаның 8-інде шықтық. Ол уақытта екі студияны қоса дайындадық. Алматыдағы және осы қазіргі Астанадағы Мәскеу көшесінде орналасқан студияны эфирге дайындадық. Алматыдан келген сюжеттерді таратамыз, мұндағы бейнематериалдарды «перегонмен» қайтадан Алматыға береміз. Неге қарашаның 8-інде эфирге шықтық? Өйткені мемлекеттік Рәміздердің эталондары Алматыдан Астанаға көшірілген болатын. Енді сол кездегі жабдықтар туралы айта кету керек. 90 жылдардың аяғында «Betacam» камерасы болатын. Одан кейін әрине жағдай түзеле бастады. 2000 жылдарға қарай бізде JVCpro, dvcam деген жаңа жабдықтарға көштік. Сол жылдары көп іс-сапарларға шығатынбыз. Сол кезде жаңадан «кірпіш» телефондар шығып жатқан уақыт. Біздің компания іс-сапарға баратын журналистерге беріп жібереді. Біз онымен «Қазақ радиосына» жібереміз, олар жазып алады, кейін арнаның өзіне береді. Осылай мемлекет басшыларының жұмыстарын айтып беретінбіз. Қазір барлығы бөлек қой. Жер серіктік байланыс шықты. Қазіргі жағдай айтары жоқ керемет қой.

– Қазір журналистердің біліктілігін шыңдайтын түрлі курстар бар. Заманның талабы сондай. Дауыс қою, жазу т.б. Сіздер мұндай жағдайларды қалай шешім отырдыңыздар?

– Мен енді басқа мамандықтан келгеннен соң барлығын өзім үйренуге тура келді. Үлкендердің айтқанына құлақ асатынбыз. Ол кезде қазақ тілін өте жақсы білетін Нөгербек Мағзұмов деген ағай болатын. Облыстық радионың бас редакторы еді. Сол кісілерден барып білмегенімді сұрап алатынмын. Қазір ол адамдардың барлығы дүниеден өтіп кетті ғой. Сол уақытта мен өзіме қатемен жұмыс деп дәптер арнағам. Сонда қай сөзді дұрыс айтпадым немесе дұрыс түсінбедім деп жазып отыратынмын. Өйткені адам қолмен жазғанда есте жақсы сақталады. Сосын жұма сайын лездеме деген болатын. Сонда әркімнің қатесі айтылып отыратын. Енді біз Республикалық арнада жұмыс істегеннен соң сол лездемеде сенің атың жаман жағынан аталып жатса одан артық жаза болмайтын. Сондықтан әрбір адам өзінің жұмысына ұқыптылық пен тиянақтылықпен қарау керек қой.

– Қаламын тербеп, тілші боламын деген жастарға айтар тағылымыңыз болса...

– Мен ойлаймын, телевиденияның үш тұғыры бар. Біріншісі -  журналист болсын, жүргізуші болсын оның асқан жауапкергілігі болу керек. Қандай сөз айттың, қандай мәтінді оқыдың барлығын жауапкершілікпен қарау керек. Екіншісі – әр нәрсенің мөлшерін білу керекпіз. Шама шарқын. Мысалы асқа тұзды көп салып жіберсек ол ащы болып кетеді. Сондықтан не нәрсенің болсын шегу білу керек. Үшінісі – арнада ұсақ-түйек деген нарсе болмайды. «Мәтінді дұрыс оқымадым, ештеңе етпес, ешкім көрмеді ғой» мұндай сөздер болмауы керек. Себебі телевидения дегенеміз – психологиялық құрал. Ол адамдардың сана-сезіміне әсер ететін құралы. Сондықтан абай болу керек деп ойлаймын.

– Баян Балтабайқызы, әңгімеңізге рақмет. Алар тағылым көп болды. 

– Сіздерге де рақмет!

 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?