Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қостанайдағы әйелдер монастырі: 1937-ші жылғы апат

1547
Әйелдер монастырі ХІХ ғасырдың соңында құрылды, 20-шы ғасырдың ортасында ресми түрде жабылды.

Әйелдер монастырі ХІХ ғасырдың соңында құрылды, 20-шы ғасырдың ортасында ресми түрде жабылды. Алайда он жыл өткеннен кейін, монастырь бұрынғы аумағында дін ғұрпының қалған заттарын табуға болатын қопсыған күлдің іздері анықталды (ұсақ моншақтар, жалтыраған заттар, әр түрлі шағын бұйымдар). Осы жерде монах әйелдер атылды және өртелді деген халық дабырығы пайда болды. Ресми құжаттардың материалдарына негізделіп, «ҒК» құпияның шымылдығын ашады. БАҚ алғаш рет олардың есімдері жарияланады. Бейресми дерекнамалардың деректері бойынша қазіргі уақытта орыс православие шіркеуі Ивер монастырінің монах әйелдердерін қағидаға айналдыру туралы мәселені зерттеп жатыр.

«Ивер иконы Құдай Анасының құрметіне атауын берген» Қостанайдағы әйелдер монастырі «ақпараттық шектемеге» тап болды (Қостанай өлкетанушы-тарихшы Яков Духин бұл әділ деп есептейді). Қазақстан аумағында өткен ғасырдың басында екі монастырь ғана болды: біреуі Қостанайда — әйелдер монастырі, екіншісі Орал қаласында — ерлер монастырі. Қопсыған күлдегі табысы туралы алғаш рет 30-шы жылдары әлі балалар болған арнайы қоныс аударған корейлер әңгімеледі. Ресми деректер бойынша бұрынғы Ивер әйелдер монастырінің орнында Қостанай-сайының артында (қазір телемұрана ауданы) «Қостанай қ. солтүстік-шығыс аймағынан 2–3 шақырымда» ең басында «Қызыл аламан» шошқа совхозы құрылды, содан кейін 1937 ж. «Самир» және «5декабря» атты жер аударылған шаруалар-корейліктердің екі колхозы құрылды. «Корей» ауылы бүгінгі күні-де Қостанай картасында бар. Қазіргі уақытта монастырь аумағы — «бұл телемұнараның елеусіз жағы және көріксіз көшелер қатары, олардың бірінде жақсы сақталған монастырь корпусын көруге болады (қазір онда техникалық шығармашылық мектебі орналасқан)».

«Православиенің электронды кітапханасы» сайтында (1917 жылдан кейінгі) мәліметтер бар: «Торғай облысы Қостанай қаласында (Ново-Николаевск) орналасқан Қостанай Ивер әйелдер монастырі жатақханалы. 1894 жылы қауым түрінде құрылған, 1917 ж. монастырьге ауыстырылған. Екі, ағаш храмы, мектебі. Игуменья басқарады, монах әйелдер және монастырда тұрушы әйелдер — 17». Монах әйелдердің келесі тағдыры туралы ашық дерекнамаларда мәліметтер жоқ. Сұрақ туады: олардың барлығын 1937 жылы атып тастаған деген халық дабырығы рас па? Бұған сенуге қиын болды, бірақ бұл солай болды.

1937 жылы Қостанай қаласында «шіркеу қызметкерлерінің кеңеске қарсы жасырын ұйымына» қатысушылар тобы сотқа берілгені туралы қазіргі тарихшылар ХХІ ғасырдың басында ғана анықтады. 1937 жылы 3–13 қыркүйекте Қостанай қаласында «қорым шіркеуінің дін қызметшісі, мұғалім семинариясын бітірген протоиерей, 1929 жылы әйелдер монастырін жабуға қарсылық білдіргені үшін 3жылға сотталған» П. В. Косенко (Косенков) тұтқынға алынды, содан кейін атып тасталғанын А. В. Каратаев анықтады. Онымен бірге «1888 жылы туған, Орынбор қаласының жергілікті адамы, сол жерде рухани семинарияны бітірген, қостанайлық қорым шіркеуінің протоиерейі» В. П. Иорданский атылды.

Басқа да қанды апаттың жағдайлары параллельді түрде анықталуда. Үлкен лаңкестік жылдарында Қостанай облысы бойынша жарияланған «Атылған тізімдерге» («Қайғы кітабы») бірнеше рет үңілгенде, әйел есімдері көп кездеседі (өкінішке орай онда қызмет түрі мен жұмыс орны көрсетілмеген). Әйелдер саясатқа қалай тартылған және неге оларға атып тастау — жоғары жазалау шарасы қолданды деген сұрақ туады. Мұрағат құжаттарды құпиясыз етуіне байланысты сол уақытта сотқа христиан-әйелдерді бергенін анықтауға мүкіндік туды. Соның ішінде шіркеу қызметкерлерінің кеңеске қарсы жасырын ұйымы» ісі бойынша Қостанай қаласында 26 монах әйелдер қатыстырылды.
Олардың тағдыры (қазіргі түсініктер бойынша ғана емес, қатал уақытта да) қорқынышты болды. Бұрын белгісіз болған мұрағат құжаттарды құпиясыз ету және оларды ашумен қорқынышты соғыс анықталды. № 02271 мұрағат қылмыс ісінде 8 монах әйелдерге, № 02489 қылмыс ісінде 13 сотталға әйелдерге құжаттар бар. Төртеуі басқа істер бойынша өтті. Әрбіреуіне «Шіркеу қызметкерлерінің кеңеске қарсы жасырын ұйымының мүшесі болғаны, жеңіліс табатын насихаттауларды өткізгені, Кеңес үкіметінің құлауы туралы сөздерді таратқаны үшін» стандарттық айып тағылды. Жоғары жазалау шарасы берілгендер істерінде былай жазылған: «жеке меншігін тәркілеп, атып тастау». Сол уақытта сотталғандардың көбінде жеке үйлер мен пәтерлер болды.
1937 ж. 24 монах әйелдер (төртеуі, соның ішінде жетекші — 21 қазанда, ал қалған 20 әйел бір күнде 23 қарашада) атылды. Құжатта бұл былай айтылған: «1937 жылы 18 қазанда Қостанай облысы бойынша ІІХКБ үштігі қаулы шығарды: /…/ жеке меншікті тәркілеп, атыст тастау». Күндер ғана ауысты (қаулыны қабылдау және оны атқару арасындағы үш күндік айырмашылықпен). Тек бір ғана сотталушы 1937 жылы желтоқсанда лагерьге жіберілді (ЕТЛ 10 жылға жаза белгіленді), бірақ 1938 ж. ІІХК-да байқап қалып, оның ісін қосымша тергеуге қайтарды және өлім жазасына кесілді.

Жеті сотталғандардың қылмыстық істерінде қызмет түрі — «монах әйел» немесе «схимонахиня» деп көрсетілген (ал бұл жоғары монах-деңгейі). Олардың үшеуі Азаматтық соғыстан кейін Қостанайға жер аударылды. Екі христиан-әйел Сергиев және Лебедин әйел монастырінен болды (төңкеріске дейін уақытта). Олардың біреуі ғана Қостанайдан болды (істегі аудан мен облыс атаулары тұтқынға алған уақытта берілген).

Құжаттама. «Данилова Анна Ивановна, 1897 жылы туған, Борис-Романовка с. Тұрғыны (Қостанай облысы, Қостанай ауданы), орыс, КСРО азаматы, орта шаруаларынан, сауатты, 1910 жылдан бастап, әйелдер монастырінің монах әйелі, 1937 жылы 2 қарашада тұтқынға алғанға дейін балалар диспансерінде санитар әйел болып жұмыс істеді, Қостанай қ. Ленин көш., № 70 үй мекен-жайы бойынша тұрды, отбасы құрамы: әпкесі Екатерина, (жасы көрсетілмеген), бірге өмір сүрді, әпкесі Ольга, 22 жаста, Борис-Романовкада тұрды; сіңлісі, Агафья, 15 жаста, Борис-Романовкада тұрды».Қосымша сауалнамалық деректер, соның ішінде бұрынғы сотталғаны айыпты ырғалады: «1929 жылы нанды жасырған үшін 10 жылға сотталды, 8 ай айыбын өтеді».
Қалған алты істерде ресейлік глубинкадан екені көрсетілген.

Құжаттама. «Крюкова Крескентия Терентьевна, 1864 жылы туған, Самар губерниясының Большая Малышевка с. тұрғыны, орыс, КСРО азаматы, тоғышардан, сауатты,1883 жылдан бастап монах әйел (әйел монастырінің схимонахинясы), 1937 жылы 2 қарашада тұтқынға алғанға дейін Қостанай қ. Комсомол көшесі, № 191 үйде тұрды». Істе «ағасы Крюков Растрат Терентьевич, Магнитогорск қ. тұрды».

Құжаттама. «Давыдова Федосия Павловна, 1880 жылы туған, Челябинск облысы Троицк ауданы Веринка с. тұрғыны, орыс, КСРО азаматы, сауатты, дін қызметшінің қызы, 1900 жылдан бастап монах әйел болды, 1937 жылы 2 қарашада тұтқынған алғанға Қостанай қ. Красный пахарь көшесі, № 80 үйде анасы Елена Андреевнамен тұрды».

Құжаттама. «Захарова Евдокия Михайловна, 1887 жылы туған, Ленинград облысы, Ямбур уезді, Яблонец с. тұрғыны, орыс, КСРО азаматы, шаруалар отбасынан, сауатты, 1911 жылдан бастап монах әйел, 1937 жылы 2 қарашада тұтқынға алғанға дейін Ленин атындағы ауруханада санитар әйел болып жұмыс істеді, Қостанай қ., Калинин көшесі, № 149 үй мекен-жайы бойынша тұрды».

Құжаттама. «Мушкарина Евдокия Ивановна, 1889 жылы туған, Пенза губерниясы, Краснослобод уезді, Жабин болысы, Литва с. тұрғыны, орыс, КСРО азаматы, шаруалар отбасынан, шала сауатты, 1907 жылдан бастап монах әйел, 1937 жылы 2 қарашада тұтқынға алғанға дейін 1935 жылдан бастап Ленин атындағы ауруханада санитар әйел болып жұмыс істеді, Қостанай қ., 1 Мамыр көшесі, № 106 үй мекен-жайы бойынша әкесі Мушкарин Иван Алексеевичпен тұрды».

Құжаттама. «Зотова Ольга Герасимовна, 1875 жылы туған, Пермь губерниясының тұрғыны, орыс, КСРО азаматы, шаруалар отбасынан, шала сауатты, 15 жастан монах әйел, 1937 жылы 28 тамызда тұтқынға алғанға дейін химбаклабораторияда санитар әйел қызметін атқарды, Қостанай қаласында, ағасы Зотов Павелмен тұрды».

Құжаттама. «Водясова Прасковья Васильевна, 1877 жылы туған, Пенза губерниясы, Тавра с. тұрғыны, мордов, КСРО азаматы, шаруалар отбасынан, сауатты, монах әйел, 1937 жылы 14 қазанда тұтқынға алғанға дейін Қостанай қ. Калинин көшесі, № 120 үй мекен-жайы бойынша тұрды».
Екі әйел төңкерістік кезеңге дейін (істе күндер-де көрсетілген — 1890 ж. және 1899 ж.) Сергиев және Лебедин әйел монастырінің монах әйелдері болды, олар 1930-шы жж. басында Қостанайға жер аударды. № 02271 қылмыс ісі бойынша «Балдук (Байдук) Зинаида Порфирьевна өтті, 1873 жылы туған, Харьков губерниясы, Баштанка с. тұрғыны, украин, КСРо азаматы, шаруалар отбасынан, суатты, 1890 ж. бастап — Сергиев әйелдер монастырінің монах әйелі, жер аударылған, 1937 жылы 28 тамызда тұтқынға алғанға дейін келесі мекен-жай бойын тұрды: Қостанай қ. Ленин көшесі, № 70 үй». № 02489 мұрағат қылмыстық істерінің материалдарында былай жазылған: «Гадецкая Варвара Григорьевна, 1886 жылы туған, Одесса облысы, Баштанка с. тұрғыны, украин, КСРО азаматы, тоғышар отбасынан, 1899 жылдан бастап — Лебедин әйелдер монастырінің монах әйелі, жер аударылған (1930 жылы 3 жылғы жер аударуға сотталған), 1937 жылы 2 қарашада тұтқынға алғанға дейін келесі мекен-жай бойынша тұрды: Қостанай қ., Ленин көшесі, № 70 үй».
Бір ғана шаруа-әйелдің ісінде оның бұрын монах әйел болғаны жайлы жазылмаған (бірақ жанама деректер бойынша ол монах әйел болған). Снегирева Мария Ивановна, 1887 жылы туған, украин, «шіркеушілердің кеңес қарсы тобы мен жасырын жиналыстарға қатысушы, онда колхозшылармен кеңеске қарсы рухта жұмыс жасады, кеңеске қарсы жеңіліс табатын насихаттауды жүргізгені үшін» айып тағылды. 1937 жылы 21 қарашада негізгі жетекшілермен бірге бірінші топта атылды.

Жалғасы бар…

Дмитрий ЛЕГКИЙ,тарих ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры

Облыстық тарихы-өлкетану мұражайының фотосуреті.

Автор Қостанай облысы бойынша ҚР ҰҚК Департаменті Арнайы мемлекеттік мұрағатының қызметшісі Чердабаева Әлия Бағытжанқызын ұсынған құжаттар мен жұмыста көрсеткен көмегі үшін алғыс айтады
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?