Қазақстанда Кеңес билігін орнатуға горнизондардың солдаттары көп үлес қосты. Кеңес билігіне Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметі қарсы күресті. Сырдария, Ақмола облыстарының басым аудандары мен Бөкей ордасында кеңес билігі соғыссыз орнатылды. Торғай, Орал, Семей және Жетісу облысының кейбір жерлерінде кеңес билігін орнату қару күшімен жүзеге асты. ауылдық аймақтарда кеңес билігін орнату үдерісі азамат соғысына дейін созылды. Қазақстанда кеңес билігін орнатуды Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, К. Сүтішев, А. Асылбеков, Б. Серікбаев, С. Меңдешев, А, Майкөтов, И. Дубыкин, К. Шұғаев, Я. Ушанов, С. Цвиллинг, А. Иманов, Т. Рысқұлов, П. Виноградов, Т. Бокин, Л. Емелев, Т. Өтепов, А. Розыбакиев, М. Масаншы және басқалар белсенді түрде жақтады. Чехословак корпусының 1918 жылдың мамыр-тамызындағы қарулы көтерілісі кеңес билігі органдарын жою, антикеңестік үкімет құру және ақ әскердің Кеңес билігіне қарсы кең көлемде қарулы әрекет жасауы үшін қолайлы жағдай туғызды. Көтерілістің басталуына кеңес билігінің легионерлерді қарусыздандырмақ болған әрекеті себеп болды. Большевиктер тарапынан қойылған талапқа 1918 жылдың қаңтарында Мұстапа Шоқай Кеңес билігін мойындаудан бас тартатынын айтып жауап берді. Түркістан автономиясын жою үшін Мәскеуден Ташкентке Константин Осипов бастаған, әскерилер мен артиллерия тиелген 11 эшелон жөнелтілді. Олар 6-9 ақпан аралығында Қоқан автономиясының талқанын шығарды. 10 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Басшылықтың біразы тұтқындалып атылды, қалғандары қашып құтылды. Қызылдардың қанқұйлы әрекетіне жауап ретінде өлкеде большевиктер "басмашы" деп атаған ұлт-азаттық партизан қозғалысы басталды. Мұстапа Шоқай алдымен Ташкентке қашып, артынан Орал даласы арқылы Ақтөбедегі "Алаш Орда" үкіметінің мүшелеріне қосылды.
Бұл маңызды жүкті жеткізу үшін Интернационалды отряд құрылды. Жангелдин отряды жер-жерлерде кеңес билігіне қарсы басталған контрреволюциялық көтерілістерді басып-жаншыды. 1920 жылы республикада конрреволюционерлерге қарсы әскери операциялар толық аяқталды.
Қырғыз революциялық комитеті-Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитетті құру туралы декрет 1919 жылдың 10 шілдесінде қабылданды. Оған сәйкес Қазревком құрамына Орал, Торғай, Ақмола, Семей, сондай-ақ Астрахан губерниясындағы қазақ жерлері кіретін өлкені басқарушы "жоғарғы әскери-азаматтық" орган болды. Қазревкомның басты міндеті өлке автономиясын дайындау болды.